Қазақстан құрамасы Әлем кубогында үздік үштікке енді
Қытайдың Гуйянг қаласында бокстан әлем кубогі өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы үздік үштіктің қатарына енді.
15–21 маусым аралығында өткен халықаралық додада қазақстандық боксшылар 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш ұлттық құраманың командалық есепте 2-орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.
Алтын медаль иегерлері қатарында 50 келіде Санжар Ташкенбай, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бар.
Қола жүлдені 65 келіде Аида Әбікеева, 80 келіде Валерия Аксенова және +80 келіде Дина Исламбекова иеленді.
Жалпы командалық есепте Қытай құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен бірінші орынға шықты. Ал Өзбекстан 4 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.
22 June, 2026
17
Әлем кубогының финалына неше ел өтті?
Қазақстанның бокс құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing әлем кубогында финалистер саны бойынша үшінші орында тұр.
Қазақстаннан алтын медаль үшін бес боксшы бақ сынайды. Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында Өзбекстан тұр. Олардың атынан финалда жеті спортшы өнер көрсетеді. Екінші орында Қытай. Олардан шешуші кезеңге алты боксшы өтті. Одан кейін Үндістан мен Франция (әрқайсысында төрт боксшы), Бразилия (үш боксшы), Италия, АҚШ және Англия (әрқайсысында екі боксшы), сондай-ақ Әзербайжан, Болгария, Германия, Канада және Тайвань (әрқайсысында бір боксшы) шыққан.
Финалдық жекпе-жектер жексенбі, 21 маусым күні өтеді. Қазақстаннан алтын медаль үшін Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева жұдырықтасады.
21 June, 2026
4
Гуянгтағы Әлем кубогі: финалистер анықталды
Бүгін Қытайдың Гуянг қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде жартылай финал кезеңі өтті. Боксшылар маңызды жекпе жектер өткізіп, бес отандасымыз финалдық жолдамаға ие болды. 54 келідегі Назым Қызайбай Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 60 келідегі Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибековамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті. Абылайхан Жүсіпов биылғы Азия чемпионы иорданиялық Зейад Ишаишпен кездесті. Екінші раундта қарсыластың жарақатына байланысты жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс Абылайханға берілді. Ол 70 келі финалында өнер көрсетеді. 50 келідегі 2 дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай испаниялық Мартин Молина Сальвадормен кездесіп, жекпе жек бойы басымдық танытты, есеп - 5:0. Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бразилиялық Жоел Рамосты үшінші раундта нокдаунға түсіріп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Валерия Аксенова (80 келі), Дина Исламбекова (+80 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Әлем кубогінің қола жүлдегерлері атанды. Ертең, 21 маусымға турнирдің финалдық кездесулері жоспарланған.
Cымбат Бердіханқызы
20 June, 2026
1
Бокстан Әлем кубогының жартылай финалына қай елдер шықты?
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.
Дүбірлі додаға алғашқыда 44 мемлекет қатысуға ниет білдірген еді. Олардың арасынан 23-і әлем кубогына былғары қолғап шеберлерін аттандырды. Біздің елімізден беделді бәсекеге 17 спортшы келді. Енді жартылай финалда Қазақстан құрамасынан 8 боксшысы (5 әйел, 3 ер) ертең шаршы алаңға шығады.
Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай - 9, Қазақстан мен Франция - 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша - 6.
20 June, 2026
8
Әлем кубогының төртінші күні қалай өтті?
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогінің кезекті жарыс күнінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.
54 келіде шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай ширек финалда Польша елінің өкілі Виктория Беатамен жұдырықтасты.
Тартысқа толы жекпе-жекте үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді Назым Қызайбайдың еншісінде кем деген де қола жүлде бар.
Сондай-ақ 51 келіде Алуа Балқыбекова 1/8 финалда венесуэлалыө Ирисмар Кардосомен жекпе-жекке шықты. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова 4:1 есебімен жеңді.
Ал ерлер арасынан 65 келіде Санатәлі Төлтаев жарысты сәтті бастаған еді. Алайда ұлыбританиялвқ Патрис Мугалзайға есе жіберді.
Айта кетейік, айтулы додағп әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 21 маусымға дейін жалғасады.
19 June, 2026
8
Әлем кубогының үшінші күні қалай өтті?
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезекті жарыс күні мәресіне жетті.
Алғашқы болып 70 келіде жарыс жолына Абылайхан Жүсіпов шықты. Ол 1/8 финалда бразилиялық боксшыға қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
60 келіде Серік Теміржанов ел намысын қорғады. Ол АҚШ елінің өкілі Кайан Рейеспен өзара мықтыны анықтады. Алайда Серік Теміржанов 1/8 финалда сүрінді.
Бұдан өзге 80 келіде Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысы, әлем чемпионы Жавохир Умматалиевке қарсы жұдырықтасты. Көпшілік асыға күткен бұл жекпе-жекте қос елдің мықтысы барын салды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді.
18 June, 2026
6
Әлем кубогының екінші күні қалай өтті?
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші күні мәресіне жетті. Нәтижесінде төрт отандасымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
65 келі. 1/16 финал.
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан) - 2-раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты келесі кезеңге өтті.
75 келі. 1/8 финал. В рингі.
Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия) - 3:2
54 келі. 1/8 финал. А рингі.
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 5:0
Азия ойындары алдындағы соңғы сынақ: Қытайдағы Әлем кубогына шолу
Бокстан 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Бұл додаға әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысуға ниет білдірді.
Қытай жарысты қашан өткізген?
Шетелдік боксшылар ұзақ үзілістен кейін Қытайдағы ірі халықаралық жарысқа қайта қатыспақ. Бұған дейін әлемнің өзге құрлықтарының басын қосқан ірі жарыс 2012 жылы (әйелдер арасындағы әлем чемпионаты) өткен болатын.
Әлем кубогына нешінші рет қатысып жатырмыз?
2025 жылы Қазақстан боксшылары Бразилия, Қазақстан, Үндістандағы Әлем кубогына қатысып, 12 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алса, 2026 жылы Бразилиядағы алғашқы кезеңде 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
Құрам қаншалықты тәжірибелі?
Сәуір айындағы Бразилиядағы Әлем кубогымен салыстырар болсақ, ерлер құрамасының тізімі толықтай жаңартылса, әйелдер құрамасынан тек 2 ғана өзгеріс енгізілген.
Ерлер құрамасы
50 келі. Санжар Тәшкенбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
55 келі. Тимур Қабдешов
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Дебют.
60 келі. Серік Теміржанов
2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.
65 келі. Санатәлі Төлтаев
2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов
2025 жылғы әлем және Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.
75 келі. Тимур Нұрсейітов.
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі. Дебют.
80 келі. Сабыржан Аққалықов
2025 жылы елорда төрінде топ жарған. Азия чемпионатынан кейін 75 келіден 80 келіге көтерілуге шешім қабылдады.
85 келі. Ешкім қатыспайды.
90 келі. Нұрбек Оралбай
2025 жылы елорда төріндегі Әлем кубогының финалисі. Азия чемпионатынан кейін 85 келіден 90 келіге көтерілді.
+90 келі. Айбек Оралбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
Ерлер құрамасы сапынан 60, 70, 80, 90 келідегі боксшылар үшін өте маңызды сынақ болмақ. Себебі, олар үшін жарыстың сәтті өтуі - Азия ойындарына бару мүмкіндігін арттырады.
Әйелдер құрамасы
51 келі. Алуа Балқыбекова
Бразилиядағы Әлем кубогының қола жүлдегері
54 келі. Назым Қызайбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
60 келі. Виктория Графеева
Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы
65 келі. Аида Әбікеева
Бразилиядағы Әлем кубогының күміс жүлдегері
70 келі. Лаура Есенкелді
65 келіде 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.
75 келі. Наталья Богданова
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
80 келі. Валерия Аксенова
Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы
+80 келі. Дина Исламбекова
Биылғы Азия чемпионы. Дебют
Аруларымыздың құрамы тұрақты болғанымен, бұған дейін өз салмағында жұдырықтасып жүрген Лаура Есенкелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова бір салмақ жоғары көтерілмек.