Азия ойындары алдындағы соңғы сынақ: Қытайдағы Әлем кубогына шолу
Бокстан 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Бұл додаға әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысуға ниет білдірді.
Қытай жарысты қашан өткізген?
Шетелдік боксшылар ұзақ үзілістен кейін Қытайдағы ірі халықаралық жарысқа қайта қатыспақ. Бұған дейін әлемнің өзге құрлықтарының басын қосқан ірі жарыс 2012 жылы (әйелдер арасындағы әлем чемпионаты) өткен болатын.
Әлем кубогына нешінші рет қатысып жатырмыз?
2025 жылы Қазақстан боксшылары Бразилия, Қазақстан, Үндістандағы Әлем кубогына қатысып, 12 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алса, 2026 жылы Бразилиядағы алғашқы кезеңде 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
Құрам қаншалықты тәжірибелі?
Сәуір айындағы Бразилиядағы Әлем кубогымен салыстырар болсақ, ерлер құрамасының тізімі толықтай жаңартылса, әйелдер құрамасынан тек 2 ғана өзгеріс енгізілген.
Ерлер құрамасы
50 келі. Санжар Тәшкенбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
55 келі. Тимур Қабдешов
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Дебют.
60 келі. Серік Теміржанов
2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.
65 келі. Санатәлі Төлтаев
2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов
2025 жылғы әлем және Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.
75 келі. Тимур Нұрсейітов.
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі. Дебют.
80 келі. Сабыржан Аққалықов
2025 жылы елорда төрінде топ жарған. Азия чемпионатынан кейін 75 келіден 80 келіге көтерілуге шешім қабылдады.
85 келі. Ешкім қатыспайды.
90 келі. Нұрбек Оралбай
2025 жылы елорда төріндегі Әлем кубогының финалисі. Азия чемпионатынан кейін 85 келіден 90 келіге көтерілді.
+90 келі. Айбек Оралбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
Ерлер құрамасы сапынан 60, 70, 80, 90 келідегі боксшылар үшін өте маңызды сынақ болмақ. Себебі, олар үшін жарыстың сәтті өтуі - Азия ойындарына бару мүмкіндігін арттырады.
Әйелдер құрамасы
51 келі. Алуа Балқыбекова
Бразилиядағы Әлем кубогының қола жүлдегері
54 келі. Назым Қызайбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
60 келі. Виктория Графеева
Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы
65 келі. Аида Әбікеева
Бразилиядағы Әлем кубогының күміс жүлдегері
70 келі. Лаура Есенкелді
65 келіде 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.
75 келі. Наталья Богданова
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
80 келі. Валерия Аксенова
Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы
+80 келі. Дина Исламбекова
Биылғы Азия чемпионы. Дебют
Аруларымыздың құрамы тұрақты болғанымен, бұған дейін өз салмағында жұдырықтасып жүрген Лаура Есенкелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова бір салмақ жоғары көтерілмек.
13 June, 2026
5
Ерлер құрамасындағы дебют: Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.
Ерлер
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
15-21 маусым аралығында өтетін Қытайдағы Әлем кубогы кезеңіне 44 елден 333 спортшы қатысады.
12 June, 2026
6
Әйелдер құрамасындағы өзгерістер: Қытайдағы Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды?
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады.
Әйелдер
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
11 June, 2026
5
Мақсат Бақтыбазаров: U23 Азия чемпионатына баратын құрам 80-90%-ға анықталып қойды
“Алма-тау оқу базасындамыз. U23 ұлттық құрамасы 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Қазір арнайы дене дайындығына көңіл бөлініп жатыр. Осыдан кейін 21 маусым - 1 шілде аралығында Алматы облысы, Жаңашар оқу базасында дайындығымызды одан әрі пысықтап, сақадай-сай баруға ниеттеніп отырмыз. Біз 21-26 сәуір аралығында Атырау қаласында ұйымдастырылған Болат Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнирде U23 құрамасына іріктеу жасаған едік. Енді шамамен құрам 80-90%-ға анықталып қойды. Осы жерде 2 салмақты анықтап, толық құрамды шілде айының басында ресми түрде жариялаймыз”, - деді Мақсат Бақтыбазаров.
Айта кетейік, Джакарта төріндегі сары құрлық додасына 26 елінен 430-дан астам боксшы тіркелді.
Биыл бұл дода екінші мәрте өткізілгелі жатыр. 2025 жылы Таиландта U22 құрамасы 5 алтын, 4 күміс жүлде еншілеген еді.
10 June, 2026
7
Санатәлі Төлтаев: жақсы тәжірибе алмасып жатырмыз
“Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр. Ағайлардың өздері құрып қойған жоспары бар. Соның негізінде асықпай, барлығы өзінің уақытымен ұйымдастырылуда. 2026 жылы өздеріңіз білетіндей Өзбекстанмен бірге үшінші мәрте бірге дайындалып жатырмыз. Жақсы тәжірибе болды. Үйренетін тұстары көп. Рингтің ішінде қарсылас болғанымызбен, былай доспыз. Одан бөлек те шетелдік біршама елдерінің өкілдерін көрдік. Олардың қатарынада Түркия, Түркіменстан, Германия, Оңтүстік Корея, Тәжікстан мемлекеттері болды. Осы жолы Әзербайжан мен Қырғызстан келді. Жеке өзім өте қуаныштымын. Өздеріңіз білетіндей, биыл мен тек Испаниядағы турнирге ғана қатыстым. Ал оқу-жаттығу жиынында өздерімнің қарсыластарымды зерттеп, оң мен сол тұсын бақылап жатырмын”, - деді Санатәлі Төлтаев.
Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев 65 келіде 2025 жылы Семейде өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы саналады.
Енді оқу-жаттығу жиынынан кейін ерлер құрамасының бір бөлігі Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысады.
09 June, 2026
5
Түркістан облысында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр
Түркістан облысында ерлер құрамасының бірлескен оқу-жаттығу жиыны қызу жалғасып жатыр.
1-12 маусым аралығындағы оқу-жаттығуға Қазақстан құрамасынан 61 спортшы дайындалуда.
Осы аптада Қазақстан және шетелден келген құрамалар 3 спарринг өткізеді.
Айта кетейік, осы жиыннан кейін ерлер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысады.
08 June, 2026
9
Жақсылық Молдаханов: U15 құрамасы шетелдік боксшылармен спарринг өткізеді
“15-18 маусым аралығында Ақтөбе облысы Алға қаласында 5 команданың қатысуымен жолдастық кездесу ұйымдастырылады. Бұл сайыс боксшылардың жарыстағы тәжірибесін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр. Қазақстан 3 құраммен шаршы алаңға шығады. Одан бөлек, Өзбекстан мен Моңғолия құрамалары келеді деп күтілуде. Жекпе-жектер 15 салмақ дәрежесінде өткізіліп, әр жекпе-жек 1,5 минуттық 3 раундтан құралады”, - деді U15 құрамасының аға жаттықтырушысы Жақсылық Молдаханов.
Айта кетейік, U15 құрамасы мамыр айында ғана Өзбекстан астанасы Ташкентте Азия чемпионатына қатысып, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алған болатын. Нәтижесінде олар жалпы есепте Үндістан мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға тұрақтаған еді.
06 June, 2026
7
Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылғы жоспарымен бөлісті
"Бірнеше күн бұрын Мажарстанның Егер қаласынан келдік. Ласло Папп халықаралық турниріне 18 боксшымыз қатысты. Еншімізді 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде. Алдағы маңызды біріншілік 3-16 шілде аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия чемпионаты болмақ. Оған дейін Македониядағы халықаралық турнирге қатысып, 19 маусымнан бастап қорытынды жаттығу жиынын өткізу ойда бар. Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз. Жастар сапындағы боксшыларымыз өз уақытымен спорттық қалыпқа келіп жатыр. Барлығының болашақта жетістікке жетуге әлеуеті бар. Біз - жаттықтырушылар әр жекпе-жек алдында дұрыс бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесімізді және бапкерлік пікірімізді жеткіземіз. Биыл қараша айында Дакарда (Сенегал) жастар арасында Олимпиада ойындары өтеді. Бізде бір жолдама бар. Ол 70 келідегі Бибарыс Әшірбай. Сол боксшымыз жақсы нәтиже көрсетіп, абыроймен қатысамыз деген үміттемін. Олимпиада әр спортшы үшін ең биік шың екені анық. Бибарыс командамен бірге дайындық жүргізеді", - деді U19 құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жастар құрамасының тізгінін ұстаған болатын.
05 June, 2026
7
Қазақстан боксшылары World Boxing рейтингінде көш бастады
World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көш басындағы орындарын сақтап қалды.
Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Наталья Богданова (70 келіге дейін) рейтингтің бірінші сатысында тұр.
Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.
Ал үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) түйіндеді.