Ерлер құрамасындағы дебют: Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.
Ерлер
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
15-21 маусым аралығында өтетін Қытайдағы Әлем кубогы кезеңіне 44 елден 333 спортшы қатысады.
12 June, 2026
6
Әйелдер құрамасындағы өзгерістер: Қытайдағы Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды?
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады.
Әйелдер
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
11 June, 2026
5
Мақсат Бақтыбазаров: U23 Азия чемпионатына баратын құрам 80-90%-ға анықталып қойды
“Алма-тау оқу базасындамыз. U23 ұлттық құрамасы 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Қазір арнайы дене дайындығына көңіл бөлініп жатыр. Осыдан кейін 21 маусым - 1 шілде аралығында Алматы облысы, Жаңашар оқу базасында дайындығымызды одан әрі пысықтап, сақадай-сай баруға ниеттеніп отырмыз. Біз 21-26 сәуір аралығында Атырау қаласында ұйымдастырылған Болат Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнирде U23 құрамасына іріктеу жасаған едік. Енді шамамен құрам 80-90%-ға анықталып қойды. Осы жерде 2 салмақты анықтап, толық құрамды шілде айының басында ресми түрде жариялаймыз”, - деді Мақсат Бақтыбазаров.
Айта кетейік, Джакарта төріндегі сары құрлық додасына 26 елінен 430-дан астам боксшы тіркелді.
Биыл бұл дода екінші мәрте өткізілгелі жатыр. 2025 жылы Таиландта U22 құрамасы 5 алтын, 4 күміс жүлде еншілеген еді.
10 June, 2026
7
Санатәлі Төлтаев: жақсы тәжірибе алмасып жатырмыз
“Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр. Ағайлардың өздері құрып қойған жоспары бар. Соның негізінде асықпай, барлығы өзінің уақытымен ұйымдастырылуда. 2026 жылы өздеріңіз білетіндей Өзбекстанмен бірге үшінші мәрте бірге дайындалып жатырмыз. Жақсы тәжірибе болды. Үйренетін тұстары көп. Рингтің ішінде қарсылас болғанымызбен, былай доспыз. Одан бөлек те шетелдік біршама елдерінің өкілдерін көрдік. Олардың қатарынада Түркия, Түркіменстан, Германия, Оңтүстік Корея, Тәжікстан мемлекеттері болды. Осы жолы Әзербайжан мен Қырғызстан келді. Жеке өзім өте қуаныштымын. Өздеріңіз білетіндей, биыл мен тек Испаниядағы турнирге ғана қатыстым. Ал оқу-жаттығу жиынында өздерімнің қарсыластарымды зерттеп, оң мен сол тұсын бақылап жатырмын”, - деді Санатәлі Төлтаев.
Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев 65 келіде 2025 жылы Семейде өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы саналады.
Енді оқу-жаттығу жиынынан кейін ерлер құрамасының бір бөлігі Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысады.
09 June, 2026
5
Түркістан облысында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр
Түркістан облысында ерлер құрамасының бірлескен оқу-жаттығу жиыны қызу жалғасып жатыр.
1-12 маусым аралығындағы оқу-жаттығуға Қазақстан құрамасынан 61 спортшы дайындалуда.
Осы аптада Қазақстан және шетелден келген құрамалар 3 спарринг өткізеді.
Айта кетейік, осы жиыннан кейін ерлер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысады.
08 June, 2026
9
Жақсылық Молдаханов: U15 құрамасы шетелдік боксшылармен спарринг өткізеді
“15-18 маусым аралығында Ақтөбе облысы Алға қаласында 5 команданың қатысуымен жолдастық кездесу ұйымдастырылады. Бұл сайыс боксшылардың жарыстағы тәжірибесін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр. Қазақстан 3 құраммен шаршы алаңға шығады. Одан бөлек, Өзбекстан мен Моңғолия құрамалары келеді деп күтілуде. Жекпе-жектер 15 салмақ дәрежесінде өткізіліп, әр жекпе-жек 1,5 минуттық 3 раундтан құралады”, - деді U15 құрамасының аға жаттықтырушысы Жақсылық Молдаханов.
Айта кетейік, U15 құрамасы мамыр айында ғана Өзбекстан астанасы Ташкентте Азия чемпионатына қатысып, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алған болатын. Нәтижесінде олар жалпы есепте Үндістан мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға тұрақтаған еді.
06 June, 2026
7
Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылғы жоспарымен бөлісті
"Бірнеше күн бұрын Мажарстанның Егер қаласынан келдік. Ласло Папп халықаралық турниріне 18 боксшымыз қатысты. Еншімізді 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде. Алдағы маңызды біріншілік 3-16 шілде аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия чемпионаты болмақ. Оған дейін Македониядағы халықаралық турнирге қатысып, 19 маусымнан бастап қорытынды жаттығу жиынын өткізу ойда бар. Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз. Жастар сапындағы боксшыларымыз өз уақытымен спорттық қалыпқа келіп жатыр. Барлығының болашақта жетістікке жетуге әлеуеті бар. Біз - жаттықтырушылар әр жекпе-жек алдында дұрыс бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесімізді және бапкерлік пікірімізді жеткіземіз. Биыл қараша айында Дакарда (Сенегал) жастар арасында Олимпиада ойындары өтеді. Бізде бір жолдама бар. Ол 70 келідегі Бибарыс Әшірбай. Сол боксшымыз жақсы нәтиже көрсетіп, абыроймен қатысамыз деген үміттемін. Олимпиада әр спортшы үшін ең биік шың екені анық. Бибарыс командамен бірге дайындық жүргізеді", - деді U19 құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жастар құрамасының тізгінін ұстаған болатын.
05 June, 2026
7
Қазақстан боксшылары World Boxing рейтингінде көш бастады
World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көш басындағы орындарын сақтап қалды.
Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Наталья Богданова (70 келіге дейін) рейтингтің бірінші сатысында тұр.
Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.
Ал үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) түйіндеді.
04 June, 2026
12
Әйелдер құрамасы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады
Бас жаттықтырушы Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайға аттанды.
Гуянг қаласында 15-21 маусым аралығында өтетін Әлем кубогі кезеңінің алдында ауқымды халықаралық жиын ұйымдастырылмақ. Бұл жиынға 19 ел командасы қатысады. Оның ішінде АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция, Корея және т.б. бар.
Дайындыққа қатысатын Қазақстан құрамы келесідей: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова.
Түркістан облысындағы Алматау базасында 4 елдің қатысуымен бірлескен жаттығу жиыны басталды.
Бұл жолы Қазақстан боксшыларына Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан командалары қосылды.
Бұл Қытайдың Гуянг қаласында өтетін WORLD BOXING әлем кубогінe бағытталған соңғы дайындық кезеңі. 15-21 маусым аралығындағы жарысқа командалар Қазақстандағы жиын аяқталған соң, аттанады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамасы Моңғолиядағы Азия чемпионатының алдында да дәл осы базада бірге дайындалған болатын.
02 June, 2026
7
Шаршы алаңдағы ағайынды чемпиондар
Қазақ боксының тарихында бір отбасыдан шығып, әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген спортшылар аз емес. Кейбір ағайындылар мен апалы-сіңлілер шаршы алаңда қатар өнер көрсетіп қана қоймай, халықаралық жарыстарда биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Олар жеңістері арқылы Қазақстан боксының абыройын асқақтатып жүр.
Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан Маятас ауылынан шыққан ағайынды боксшылар.Махмұд - екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы және Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Ал, Төрехан жастар сапынан ауыса сала ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Екеуі де кәсіби бокста дебют жасап, алғашқы жекпе-жектерін нокаутпен жеңген. Төрехан көптеген сұхбатында жетістіктеріне ағасы Махмұдтың әсері зор екенін айтып жүреді. Қазақ боксы тарихында ағайынды спортшылар аз болмағанымен, Айбек пен Нұрбек Оралбайдың орны ерекше. Айбек Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2025 жылғы әлем чемпионы атанды. Нұрбек Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем және Азия чемпионы.Егіздердің өміріндегі ең қызық деректердің бірі - бала күндерінде жарыстарда бір-бірінің орнына шығып кеткен кездері болған. Мұны өздері сұхбаттарында әзілдеп жеткізді. Әйелдер боксында шаршы алаңға шығып жүрген апалы-сіңлілер бар. Қазақстан әйелдер боксына жол ашқан - Боранбаевалар. Назгүл Боранбаева - әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Бауырлары Әлия мен Наргүл бокстан халықаралық жарыстарда топ жарған. Қыздарың алғашқы бапкері де өз әкелері. Күні кеше Бразилияда өткен Әлем кубогінің чемпионы, “сары қыз” танылып кеткен Виктория Графееваның сіңлісі, Евгения Графеева әпкесінің ізін жалғап, шаршы алада өз өнерін көрсетіп жүр.
Орал қаласынан шыққан Назым және Ақнар Ищановаларәйелдер боксында топ жарып жүрген апалы-сіңлілер. Назым Ищанова жастар арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Ал, Ақнар - Азия чемпионы. Сондай-ақ жас дарынды бокшылар арасында Аяулым және Камила Оспановалар. Олардың жаттықтырушысы өз әкелері Жеңіс Оспанов. Аяулым үш дүркін Азия чемпионы, Камила - Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, сонымен қатар бір біріне деген ерекше қолдауымен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген Оспановалар жасөсіпірімдер санатында Азия чемпионаты және Азия Ойындарында да топ жарып үлгерді. Олардың жеке жаттықтырушысы - өз әкелері Жеңіс Оспанов. Қазақстан ұлттық құрамасының аса ауыр салмақтағы боксшылары ағайынды Нұрлан және Даниял Сапарбай. Нұрлан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, інісі Даниял Әлем кубогінің қола жүлдегері. Ағайынды Төлтаевтар ұлттық құрама сапында жетістіктергн жеткен егіз боксшылар. Саматәлі Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Санатәлі Азия чемпионы. Әлемдік бокс тарихындағы мықты ағайынды спортшылар Виталий және Владимир Кличколар. Кличколар ауыр салмақтағы белбеулерді бір уақытта жинаған тарихтағы жалғыз ағайындылар. Олар бұл жетістігі үшін Гиннес рекордтар кітабына еңген. Әлемдік бокста Геннадий Головкиннің есімі ерекше құрметпен айтылады. Алайда оның жетістігің артында жанынан табылатын егізі Максим Головкин бар. Максим Головкин Қазақстанның еңбек сіңірген бокс жаттықтырушысы.Геннадий Головкин де Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нокаут көрсеткішінің иесі атанып, бұл жетістігімен әлемдік бокс тарихында өз ізін қалдырды.
“Бокстағы мен үлгі тұтатын адам ол - менің ағам. Мен оның әр қимылын бақылап, ұқсап бағуға тырысамын”, - дейді Мейірім Нұрсұлтанов ағасы, әрі әлем чемпионы Мерей Ақшалов жайында.