Түркістан облысындағы Алматау базасында 4 елдің қатысуымен бірлескен жаттығу жиыны басталды.
Бұл жолы Қазақстан боксшыларына Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан командалары қосылды.
Бұл Қытайдың Гуянг қаласында өтетін WORLD BOXING әлем кубогінe бағытталған соңғы дайындық кезеңі. 15-21 маусым аралығындағы жарысқа командалар Қазақстандағы жиын аяқталған соң, аттанады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамасы Моңғолиядағы Азия чемпионатының алдында да дәл осы базада бірге дайындалған болатын.
02 июня, 2026
5
Шаршы алаңдағы ағайынды чемпиондар
Қазақ боксының тарихында бір отбасыдан шығып, әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген спортшылар аз емес. Кейбір ағайындылар мен апалы-сіңлілер шаршы алаңда қатар өнер көрсетіп қана қоймай, халықаралық жарыстарда биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Олар жеңістері арқылы Қазақстан боксының абыройын асқақтатып жүр. Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан Маятас ауылынан шыққан ағайынды боксшылар.Махмұд - екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы және Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Ал, Төрехан жастар сапынан ауыса сала ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Екеуі де кәсіби бокста дебют жасап, алғашқы жекпе-жектерін нокаутпен жеңген. Төрехан көптеген сұхбатында жетістіктеріне ағасы Махмұдтың әсері зор екенін айтып жүреді. Қазақ боксы тарихында ағайынды спортшылар аз болмағанымен, Айбек пен Нұрбек Оралбайдың орны ерекше. Айбек Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2025 жылғы әлем чемпионы атанды. Нұрбек Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем және Азия чемпионы.Егіздердің өміріндегі ең қызық деректердің бірі - бала күндерінде жарыстарда бір-бірінің орнына шығып кеткен кездері болған. Мұны өздері сұхбаттарында әзілдеп жеткізді. Әйелдер боксында шаршы алаңға шығып жүрген апалы-сіңлілер бар. Қазақстан әйелдер боксына жол ашқан - Боранбаевалар. Назгүл Боранбаева - әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Бауырлары Әлия мен Наргүл бокстан халықаралық жарыстарда топ жарған. Қыздарың алғашқы бапкері де өз әкелері. Күні кеше Бразилияда өткен Әлем кубогінің чемпионы, “сары қыз” танылып кеткен Виктория Графееваның сіңлісі, Евгения Графеева әпкесінің ізін жалғап, шаршы алада өз өнерін көрсетіп жүр. Орал қаласынан шыққан Назым және Ақнар Ищановаларәйелдер боксында топ жарып жүрген апалы-сіңлілер. Назым Ищанова жастар арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Ал, Ақнар - Азия чемпионы. Сондай-ақ жас дарынды бокшылар арасында Аяулым және Камила Оспановалар. Олардың жаттықтырушысы өз әкелері Жеңіс Оспанов. Аяулым үш дүркін Азия чемпионы, Камила - Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, сонымен қатар бір біріне деген ерекше қолдауымен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген Оспановалар жасөсіпірімдер санатында Азия чемпионаты және Азия Ойындарында да топ жарып үлгерді. Олардың жеке жаттықтырушысы - өз әкелері Жеңіс Оспанов. Қазақстан ұлттық құрамасының аса ауыр салмақтағы боксшылары ағайынды Нұрлан және Даниял Сапарбай. Нұрлан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, інісі Даниял Әлем кубогінің қола жүлдегері. Ағайынды Төлтаевтар ұлттық құрама сапында жетістіктергн жеткен егіз боксшылар. Саматәлі Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Санатәлі Азия чемпионы. Әлемдік бокс тарихындағы мықты ағайынды спортшылар Виталий және Владимир Кличколар. Кличколар ауыр салмақтағы белбеулерді бір уақытта жинаған тарихтағы жалғыз ағайындылар. Олар бұл жетістігі үшін Гиннес рекордтар кітабына еңген. Әлемдік бокста Геннадий Головкиннің есімі ерекше құрметпен айтылады. Алайда оның жетістігің артында жанынан табылатын егізі Максим Головкин бар. Максим Головкин Қазақстанның еңбек сіңірген бокс жаттықтырушысы.Геннадий Головкин де Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нокаут көрсеткішінің иесі атанып, бұл жетістігімен әлемдік бокс тарихында өз ізін қалдырды.
Дайындаған: Сымбат Бердіханқызы
01 июня, 2026
26
Қазақ боксының негізін қалаған Шоқыр Бөлтекұлына 110 жыл
Биыл қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті спорт қайраткері, майдангер және дарынды бапкер Шоқыр Бөлтекұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Оның есімі қазақ спорты тарихында алтын әріптермен жазылған. Шоқыр Бөлтекұлы ұлттық бокстың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып, бірнеше буын спортшылардың тәрбиеленуіне жол ашты.
Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әкесі қарапайым балықшы болған. Ел аузында сақталған деректерге сүйенсек, ұлы дүниеге келген күні қармаққа «Шоқыра» балығы түсіп, оны жақсылықтың нышаны санаған әкесі баласына осы есімді берген. Кейін халық арасында ол Шоқыр атымен танылды.
Балалық шағы қиындықпен өткен болашақ чемпион ерте жетім қалып, Форт-Шевченко қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Жастайынан қайсар мінезімен және күш-қайратымен ерекшеленген ол кейін өнер жолын таңдап, Киев көркемсурет академиясында білім алады. Алайда тағдыр оны спортқа алып келді. 1936 жылдан бастап боксқа ден қойып, аз уақыт ішінде жоғары нәтижелер көрсете бастады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанды. Соғыстан жараланып оралғанымен, спорттағы қызметін жалғастырып, қазақ боксының дамуына бар күш-жігерін жұмсады.
1947 жылы Шоқыр Бөлтекұлы КСРО чемпионатында жеңіске жетіп, қазақ жастары арасынан алғаш болып «КСРО спорт шебері» атағын иеленді. Ол спорттық мансабында шаршы алаңға 223 рет шығып, оның 199-ында жеңіске жеткен. Кейін бапкерлік қызметке ауысып, 800-ден аса боксшы тәрбиеледі.
Шоқыр Бөлтекұлы тек спортшы ғана емес, ұлттық рухты жоғары қойған тұлға болды. Ол 1940 жылдары тегін «Бөлтекұлы» деп жаздырған алғашқы қазақтардың бірі ретінде де белгілі.
Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы оның болмысын аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлымен салыстырған. Екі тұлғаның мінезіндегі қайсарлық пен отансүйгіштік қасиеттер көпшілік тарапынан жиі айтылып келеді.
Шоқыр Бөлтекұлының жары Нұрсұлу Тапалова - қазақтың тұңғыш кәсіби балериналарының бірі. Бұл олардың отбасы қазақ мәдениеті мен спортының дамуына қатар үлес қосқанын көрсетеді.
Арада 30 жыл өтсе де, Шоқыр Бөлтекұлының есімі халық жадынан өшкен жоқ. Бүгінде Ақтау қаласында оның құрметіне халықаралық бокс турнирі тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сонымен қатар, оның өмірі мен еңбегі туралы зерттеулер жазылып, кітаптар жарық көрді.
Шоқыр Бөлтекұлы – қазақ боксының тарихындағы тұғырлы тұлға. Оның өмір жолы мен еңбегі бүгінгі спортшылар үшін табандылықтың, еңбекқорлықтың және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болып қала береді.
Дайындаған: Ажар Алина
01 июня, 2026
15
Қазіргі Қазақстан құрамасының үздік бес нокауты
Бокстағы дәл соққы жекпе жектің тағдырын шешіп, жанкүйерлер жадында ұзақ сақталатын оқиғаға айналады. Соңғы жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары халықаралық ареналарда жарқын жеңістерімен ғана емес, жойқын нокауттарымен де ерекшеленіп келеді.
Бекзат Нұрдәулетов – Акмолжан Исраилов
Болгарияда өткен Странджа кубогінде Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық Акмолжан Исраиловпен қолғап түйістірді. 86 келі салмақтағы кездесуде қазақстандық боксшы алғашқы секундтардан-ақ басымдық танытты. Ол бірінші раундтың 2 минут 44 секунды өткенде қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Айбек Оралбай – Александр Окаров
Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Бочкай халықаралық турнирінде Айбек Оралбай өзінің соққы күшін тағы бір мәрте дәлелдеді. Германия өкілі Александр Окаровқа қарсы жекпе жекте ол толық үстемдік көрсетіп, бірінші раундтың 2 минут 41 секунды кезінде қарсыласын нокаутқа түсірді.
Сабыржан Аққалықов – Джошуа Арон Кузин
Ұлттық құрамадағы мықты техниканы көрсетіп жүрген боксшылардың бірі - Сабыржан Аққалықов. Ол 2025 жылы Джошуа Арон Кузинге қарсы 75 келідегі жекпе жекте екінші раундтың 2:19 минутында қарсыласын нокаутқа жіберді. Қазақстан боксшысының ауыр соққысынан кейін Джошуаға өз-өзіне келу қиынға соқты.
Махмұд Сабырхан – Башким Баджоку
2025 жылғы Ливерпульдегі әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан Косово боксшысы Башким Баджокумен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы қарсыласын бар болғаны 30 секунд ішінде нокаутқа түсіріп, турнирдің ең жарқын сәттерінің бірін сыйлады. Кейін Лондондағы «Boxing News» басылымы бұл соққыны әлем чемпионатының «Ең үздік соққысы» деп атады.
Оразбек Асылқұлов – Мукело Дламини
Оразбек Асылқұлов Эсватини өкілі Мукело Дламиниге қарсы шаршы алаңға шықты. Қазақстан боксшысы кездесудің небәрі 21 секундында қарсыласын нокаутқа жіберіп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Бұл нокаут біріншіліктегі ең жылдам жеңістердің бірі ретінде есте қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының бұл нокауттары боксшылардың жоғары деңгейдегі дайындығын, соққы күшін және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді.
Дайындаған: Жанерке Есманова
01 июня, 2026
22
U19 жастар бокс құрамасы Мажарстандағы жарыста 15 жүлде жеңіп алды
Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның U19 жастар бокс құрамасы Мажарстанның Эгер қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Мемориал Иштван Борнемисса» турнирінде табысты өнер көрсетті.
World Boxing ұйымының аясында өткен додаға 24 елден, соның ішінде Өзбекстан, Украина, АҚШ, Франция, Үндістан және басқа да мемлекеттерден 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан бұл жарыста 18 боксшымен сынға түсіп, 6 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстанның U-19 жастар бокс құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен Мажарстанның Эгер қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Мемориал Иштван Борнемисса» турниріне қатысып жатыр.
Жарысқа Өзбекстан, Черногория, Италия, Әзербайжан, Германия, Балтық және Балқан елдері, сондай-ақ жарыс иелері – Мажарстан спортшылары қатысып жатыр. Жалпы қатысушылар саны 24-тен астам елден келген 500-ден астам боксшыны құрайды. Қазақстан бұл турнирде 18 боксшымен қатысуда, олардың 12-сі финалға шықты. Ал 3 спортшы қола жүлдеге ие болды. World Boxing халықаралық федерациясының аясында өтетін турнир 25 мамырда басталған, ал финалдық жекпе-жектер мен жабылу рәсімі ертеңге жоспарланған.
30 мая, 2026
5
Сағадат Нұрмағамбетовтың турнирінде кімдер жеңіске жетті?
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі мәресіне жетті.
Финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:
50 келі
Нұрсұлтан Нуриденовтің (БҚО) жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңіс Ернар Қарапқа (Абай обл) берілді.
55 келі
Сәкен Бибосынов (ЦСКА) - Кенже Мұратұлы (Алматы обл) - 4:1
Сағадат Нұрмағамбетов турнирінің жартылай финалы қалай өтті
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі жалғасып жатыр.
Ең жеңіл 50 келіде Абай облысының өкілі Ернар Қарап өзінің чемпиондыққа үміткер екендігін дәлелдеп келеді. Ол жартылай финалда бір бас жоғары өнер көрсетіп, Ербол Абдреимовты (Жамбыл обл) 5:0 есебімен жеңді.
55 келіде атақты Сәкен Бибосынов та айтарлықтай қиындыққа тап болмай, Қарағанды облысының боксшысы Нұрислам Бекеннен төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.
60 келіде Асылжан Серікбай тағы да бір алтынға үміткер Жандос Қыдырәлиеті жарыстан шығарды. Есеп: 3:2.
65 келіде алдын ала болжағандай, U22 санатында 2 дүркін Азия чемпионы Нұрислам Қалдыбаев пен 3 жылдық үзілістен кейін спорт жолына оралған Абзал Серік ақтық сынға жолдама алды.
70 келіде Елнұр Сүйінбай қарсылас шыдатпай, финалға емін-еркін жетті. Оны Жетісу облысының мықтысы Дархан Дүйсебай күтіп тұр.
80 келіде Нұрқанат Райыс та финалға дейін жетті.
Аса ауыр салмақта Өзбекстанның этникалық қазағы Мадияр Саидрахимов қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпиондыққа таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 29 мамырда белгілі болады.
28 мая, 2026
17
Олимпиада жүлдегерінің сенімді жеңісі: Сағадат Нұрмағамбетовтың турнирінің үшінші күні қалай өтті?
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі жалғасып жатыр.
Турнирдің басты жаңалығы ретінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың қатысуы еді. Ол ширек финалда Ақмола облысының боксшысы Бахтияр Әскертаевты еш қиындықсыз айласын асырды. Есеп: 3:0. Осы салмақта фавориттердің қатарына кіретін Кенже Мұратұлы да қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты.
60 келіде Асылжан Серікбай чемпиондыққа басты үміткер саналған Дәулет Молдашевты тоқтатты. Есеп: 2:1. Ал бұған дейін 63,5 келіде сынға түскен Жандос Қыдырәлиев тағы бір талантты отандасымыз Руслан Күзеубаевты төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. 70 келіде Дархан Дүйсебай мен Ағажан Қадырдың да жекпе-жегі тартысты өтіп, 2:1 есебімен Дарханның пайдасына аяқталды. Аса ауыр салмақта Атырау облысының өкілі, тәжірибелі Аманат Сабырғали болса, күтпеген жерден жарыс қожайыны Рамзан Саитовқа жол берді. Есеп: 0:3. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 29 мамырда белгілі болады.
27 мая, 2026
12
Азия чемпионының жаңа салмақтағы жеңілісі: Сағадат Нұрмағамбетовтың турнирінің екінші күні қалай өтті?
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі жалғасып жатыр.
Жарыстың екінші күнінде басты сенсация ретінде U22 Азия чемпионы, 60 келіге көтерілген Нұрсұлтан Алтынбектің жеңілісі болды. Ол Абай облысының өкілі Ерасыл Амангелдиевпен жұдырық түйістіріп, 1:2 есебімен есе жіберді.
Қалған жекпе-жектерде өз салмағында фаворит саналған отандастарымыз оңай жеңіске жетті. Атап айтсақ, 60 келідегі Дәулет Молдашев Қарағанды облысының жас әрі талантты спортшысы Нығмет Нығманды 2:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ Талғат Сырымбетов (60 келі), Абзал Серік (65 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Санатәлі Төлтаев (70 келі), Нұрқанат Райыс (80 келі) cынды көпшілік танитын жерлестеріміздің де мерейі үстем болды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 29 мамырда белгілі болады.
26 мая, 2026
9
Қазақстанның танымал боксшылары Сағадат Нұрмағамбетовтың турнирінде бас қосты
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі басталды.
Жарыстар Орталық спорт клубы армиясының базасында өтіп жатыр және дәстүрлі түрде қазақстандық бокстың болашақ жұлдыздары сынға түсетін негізгі алаңдардың бірі саналады.
Биылғы турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытайдан келген шамамен 130 спортшы қатысып жатыр. Қатысушылар үшін бұл жарыс тек медаль үшін емес, ұлттық құрама бапкерлерінің алдында өздерін көрсетіп, кәсіби мансапта үлкен қадам жасау мүмкіндігі ретінде қарастырылып отыр.
Көрермендердің ерекше назары Орталық спорт клубы армиясы командасының құрамына ауды. Командаға тәжірибелі спортшылармен қатар жас боксшылар да енген. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, Азияның 22 жасқа дейінгі чемпионы Бекнұр Батырбек, жақында ғана қайта шаршы алаңға қайта оралған Абзал Серік, 2024 жылғы Қазақстан чемпионы Талғат Сырымбетов, сондай-ақ жастар біріншіліктерінің жеңімпаздары Нұрбол Мұхаметәлі, Абылай Сман және Дархан Дүйсебай бар.
Сәғадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған турнир соңғы отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан спорты үшін маңызды әрі беделді жарыстардың біріне айналды. Осы жылдар ішінде бұл додада елді әлемдік аренада танытқан көптеген спортшылар бақ сынап, жеңіске жеткен.
Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әлем чемпионы және әлемге кеңінен танымал боксшы Геннадий Головкин, Олимпиада чемпиондары Василий Жиров, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, сондай-ақ әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бар.
Жекпе-жектер 13 салмақ дәрежесінде өтеді. Жеңімпаздарға спорт шебері атағы беріледі және турнир 29 мамырға дейін жалғасады.