WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Азия чемпионатының үшінші күні 4 боксшымыз келесі айналымға өтті

Өзбекстанда өтіп жатқан U15 және U17 санатындағы Азия чемпионатының үшінші күні мәресіне жетті.

 U15

61 келі. 1/4 финал

Рауан Тоғызбай - Илья Мехраби (Иран) - 3:2

70 келі. 1/4 финал

Аян Бауыржан - Мехул Рана (Үндістан) - 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

49 келі. 1/8 финал

Бақдәулет Ахмет - Паршант (Үндістан) - 0:5

 

U17

80 келі. 1/8 финал

Әлібек Алпамыс - Ханжра Жайдип Сингх (Үндістан) - 5:0

+80 келі. 1/8 финал

Сабыржан Сағым - Фарходжон Бахадиров (Өзбекстан) - 3-раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты жеңіске жетті.

54 келі. 1/8 финал

Әділет Галиев - Пал Нивеш (Үндістан) - 0:5

05 May, 2026
5

7 боксшымыз жарысты жалғастырады

Өзбекстанда өтіп жатқан U15 және U17 санатындағы Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті.

U15

37 келі. 1/4 финал

Нұржанат Бекназар - Адеми Ибишова (Қырғызстан) - 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді

52 келі. 1/4 финал

Самал Төлепберген - Дурдона Хайриддинова (Өзбекстан) - 5:0

55 келі. 1/4 финал

Аруна Шалман - Нитиа Пандев (Үндістан) - 5:0

40 келі. 1/8 финал

Саят Меңдібай - Чеол Ву Парк (Оңтүстік Корея) - 3:2

49 келі. 1/4 финал

Ксения Егорова - Зебинисо Абдуллаева (Өзбекстан) - 0:5

U17

52 келі. 1/8 финал

Бекхан Уразбай - Байхан Алишеров (Қырғызстан) - 4:1

57 келі. 1/8 финал

Нұрислам Оңалбек - Темужин Батзориг (Моңғолия) - 5:0

60 келі. 1/8 финал

Эмир Мухит - Целмег Мунгунхулуг (Моңғолия) - 5:0

04 May, 2026
6

Үш отандасымыз U17 санатындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін бокстан Өзбекстан астанасы Ташкентте U15 және U17 санатындағы құрлықтық бәсекенің алғашқы жекпе-жектері өтті.

Күндізгі сессия 3 отандасымыз қарсыластарымен айқасып, нәтижесінде екеуі келесі айналымға жолдама алды.

U17 санаты.

46 келі. 1/8 финал
Милана Иншина - Маралмаа Ганориг (Моңғолия) - 5:0

50 келі. 1/8 финал
Хатшепсут Садвакасова - Ран Кабураки (Жапония) - 5:0

46 келі. 1/8 финал

Аян Жандосұлы  - Жинук Жанг (Оңтүстік Корея ) - 4:1

48 келі. 1/8 финал 
Шұғыла Жарас - Мунзунгул Алтамгадаса (Моңғолия) - 0:5

48 келі. 1/8 финал

Рамазан Әлібек - Салти Әлхадиди (Иордания) - 2:3

Айта кетейік, 21 елден 500-ге жуық боксшының басын қосқан сары құрлық додасы 15 мамырға дейін жалғасады.

03 May, 2026
17

U17 санатында отандастарымыз сары құрлық додасында кімдермен айқасады?

Бокстан 3-15 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте U15 және U17 санатында сары құрлық додасы өтеді.

Назарларыңызға U17 санаты бойынша 26 жерлесіміздің бастапқы қарсыластарын ұсынамыз. Бұл санатта 340 боксшы тіркелген (170 ұл, 170 қыз).

U17. Қыздар

46 келі. 11 боксшы
1/8 финал
Милана Иншина - Маралмаа Ганориг (Моңғолия)
48 келі. 10 боксшы
1/8 финал 
Шұғыла Жарас - Мунзунгул Алтамгадаса (Моңғолия)
50 келі. 11 боксшы
Хатшепсут Садвакасова - Ран Кабураки (Жапония)
52 келі. 12 боксшы
1/4 финал
Лашын Дәулетжан Өзбекстан немесе Моңғолия өкілімен кездеседі.
54 келі. 12 боксшы
1/8 финал
Гүлбану Бекмұрат Шри-Ланка немесе Жапония өкілімен айқасады.
57 келі. 10 боксшы
1/4 финал
Розалия Вайдеман - Мадинабону Худиярова (Өзбекстан)
60 келі. 8 боксшы
1/4 финал
Балым Ғабитқызы - Хин Чен (Тайпей)
63 келі. 7 боксшы
1/4 финал
Алина Кожевникова - Мехримах Киличова (Өзбекстан)
66 келі. 5 боксшы
1/2 финал
Аяулым Оспанова Үндістан немесе Тайпей өкілімен айқасады.
70 келі. 5 боксшы
1/2 финал 
Айлин Ходжамбердиева - Карина Илмуратова (Өзбекстан)
75 келі. 6 боксшы
1/4 финал
Диана Надырбек - Бао Нган Луонг (Вьетнам)
80 келі. 5 боксшы
1/2 финал 
Жансая Ержан - Гуенх Хуонг Хоанг (Вьетнам)
+80 келі. 5 боксшы
1/4 финал
Эльнура Қоңырат - Гурсират Каур (Үндістан)

U17. Ұлдар

46 келі. 14 боксшы
1/8 финал
Аян Жандосұлы - Жинук Жанг (Оңтүстік Корея)
48 келі. 14 боксшы
1/8 финал
Рамазан Әлібек - Салти Әлхадиди (Иордания)
50 келі. 14 боксшы
1/4 финал
Нұрасыл Ғалым Вьетнам немесе Жапония өкілімен кездеседі.
52 келі. 17 боксшы
1/8 финал
Бекхан Уразбай - Байхан Алишеров (Қырғызстан)
54 келі. 16 боксшы
1/8 финал
Әділет Галиев - Пал Нивеш (Үндістан)
57 келі. 16 боксшы
1/8 финал
Нұрислам Оңалбек - Темужин Батзориг (Моңғолия)
60 келі. 14 боксшы
1/8 финал
Эмир Мухит - Целмег Мунгунхулуг (Моңғолия)
63 келі. 12 боксшы
1/4 финал
Мейіржан Жүніс Қырғызстан немесе Жапония өкілімен жолығады.
66 келі. 10 боксшы
1/4 финал
Ислам Сулейманоглы Тайпей немесе Үндістан өкілімен жұдырықтасады.
70 келі. 12 боксшы
1/4 финал
Нұрасыл Оразәлі Моңғолия немесе Өзбекстан өкілімен айқасады.
75 келі. 12 боксшы
1/4 финал
Төрехан Қанатбай Өзбекстан немесе Филиппин өкілімен жекпе-жекке шығады.
80 келі. 10 боксшы
1/8 финал
Әлібек Алпамыс - Ханжра Жайдип Сингх (Үндістан)
+80 келі. 9 боксшы
1/8 финал
Сабыржан Сағым - Фарходжон Бахадиров (Өзбекстан)

02 May, 2026
58

U15 санатында отандастарымыз Азия чемпионатында кімдермен жекпе-жекке шығады?

Бокстан 3-15 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте U15 және U17 санатында сары құрлық додасы өтеді.

Назарларыңызға U15 санаты бойынша 30 жерлесіміздің бастапқы қарсыластарын ұсынамыз. Бұл санатта 114 ұл және 69 қыз тіркелген.

U15. Қыздар

33 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Аяжан Марат - Акшита (Үндістан)
35 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Айша Насанова - Сарвиноз Зоирова (Өзбекстан)
37 келі. 5 қатысушы
1/4 финал
Нұржанат Бекназар - Адеми Ибишова (Қырғызстан)
40 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Диана Мендигараева - Сония (Үндістан)
43 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Сезім Нұрлыбек - Танви (Үндістан)
46 келі. 5 қатысушы
1/2 финал
Сабрина Адилханова - Виолетта Торое (Қырғызстан)
49 келі. 7 қатысушы
1/4 финал
Ксения Егорова - Зебинисо Абдуллаева (Өзбекстан)
52 келі. 5 қатысушы
1/4 финал
Самал Төлепберген - Дурдона Хайриддинова (Өзбекстан)
55 келі. 7 қатысушы
1/4 финал
Аруна Шалман - Нитиа Пандев (Үндістан)
58 келі.  4 қатысушы
1/2 финал
Ардақ Абдихан - Сунайна (Үндістан)
61 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Айару Файзуллаева - Зухра Исмаилова (Өзбекстан)
64 келі. 5 қатысушы
1/2 финал
Ясмин Джаутханова - Танви (Үндістан)
67 келі. 3 қатысушы
1/2 финал
Нұргүл Сахи - Ашви (Үндістан)
70 келі. 3 қатысушы
1/2 финал
Еркеназ Ерболқызы - Хонзодабегим Баратова (Өзбекстан)
+70 келі. 3 қатысушы
Көркем Ғалым финалда Үндістан немесе Өзбекстан боксшысын күтеді.


U15. Ұлдар

33 келі. 6 қатысушы
1/2 финал
Саят Рахымберді Үндістан немесе Өзбекстан боксшысын күтеді.
35 келі. 7 қатысушы
1/4 финал
Жақсылық Ермекұлы - Достон Комилов (Өзбекстан)
37 келі. 8 қатысушы
1/4 финал
Сұлтанғали Нұрмахан - Юзе Чен (Тайпей)
40 келі. 9 қатысушы
1/8 финал
Саят Меңдібай - Чеол Ву Парк (Оңтүстік Корея)
43 келі. 12 қатысушы
1/4 финал
Бейбарыс Қойшыбай Иран немесе Оңтүстік Корея боксшысымен жұдырықтасады.
46 келі. 10 қатысушы
1/4 финал
Ниет Өмірзақов Түркіменстан немесе Оңтүстік Корея боксшысымен жұдырықтасады.
49 келі. 12 қатысушы
1/8 финал
Бақдәулет Ахмет - Паршант (Үндістан)
52 келі. 5 қатысушы
1/4 финал
Әли Абделі - Жавохир Нематжонов (Өзбекстан)
55 келі. 8 қатысушы
1/4 финал
Нұрислам Бақтыбаев - Пархам Мишаман (Иран)
58 келі. 9 қатысушы
1/4 финал
Мейірлан Бейсенхан Қырғызстан немесе Үндістан боксшысымен жұдырықтасады.
61 келі. қатысушы
1/4 финал
Рауан Тоғызбай - Илья Мехраби (Иран)
64 келі. 5 қатысушы
1/2 финал
Дінмұхамед Молдахан Қырғызстан немесе Өзбекстан боксшысымен жұдырықтасады.
67 келі. 4 қатысушы
1/2 финал
Аманжан Жанай - Бобур Ниязов (Өзбекстан)
70 келі. 5 қатысушы
1/4 финал
Аян Бауыржан - Мехул Рана (Үндістан)
+70 келі. 6 қатысушы
1/2 финал
Айбын Мажит Қырғызстан немесе Тәжікстан боксшысымен жұдырықтасады.

02 May, 2026
52

U17 санатындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады?

3-15 мамыр аралығында Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Аға жаттықтырушы Бағдат Оңғарбековтің жетекшілігімен Ташкенттегі Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар

46 келі. Аян Жандосұлы

48 келі. Рамазан Әлібек

50 келі. Нұрасыл Ғалым

52 келі. Бекхан Уразбай

54 келі. Әділет Галиев

57 келі. Нұрислам Оңалбек

60 келі. Эмир Мухит

63 келі. Мейіржан Жүніс

66 келі. Ислам Сулейманоглы

70 келі. Нұрасыл Оразәлі

75 келі. Төрехан Қанатбай

80 келі. Алибек Алпамыс

+80 келі. Сабыржан Сағым

Қазақстан U17 қыздар құрамасы

46 келі. Милана Иншина

48 келі. Шұғыла Жарас

50 келі. Хатшепсут Садвакасова

52 келі. Лашын Дәулетжан

54 келі. Гүлбану Бекмұрат

57 келі. Розалия Вайдеман

60 келі. Балым Ғабитқызы

63 келі. Алина Кожевникова

66 келі. Аяулым Оспанова

70 келі. Айлин Ходжамбердиева

75 келі. Диана Надырбек

80 келі. Жансая Ержан

+80 келі. Эльнура Қоңырат

Аға жаттықтырушы - Айбек Әбілда

30 April, 2026
30

U15 санатындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

3-15 мамыр аралығында Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Аға жаттықтырушы Жақсылық Молдахановтың жетекшілігімен біріншілікте бақ сынайтын Қазақстан U15 құрамасы

33 келі. Саят Рахымберді

35 келі. Жақсылық Ермекұлы

37 келі. Сұлтанғали Нұрмахан

40 келі. Саят Меңдібай

43 келі. Бейбарыс Қойшыбай

46 келі. Ниет Өмірзақов

49 келі. Бақдәулет Ахмет

52 келі. Әли Абделі

55 келі. Нұрислам Бақтыбаев

58 келі. Мейірлан Бейсенхан

61 келі. Рауан Тоғызбай

64 келі. Дінмұхамед Молдахан

67 келі. Аманжан Жанай

70 келі. Аян Бауыржан

+70 келі. Айбын Мажит

Азия чемпионатына қатысатын 15 жасқа дейінгі қыздар

командасы

33 келі. Аяжан Марат

35 келі. Айша Насанова

37 келі. Нұржанат Бекназар

40 келі. Диана Мендигараева

43 келі. Сезім Нұрлыбек

46 келі. Сабрина Адилханова

49 келі. Ксения Егорова

52 келі. Самал Төлепберген

55 келі. Аруна Шалман

58 келі.  Ардақ Абдихан

61 келі. Айару Файзуллаева

64 келі. Ясмин Джаутханова

67 келі. Нұргүл Сахи

70 келі. Еркеназ Ерболқызы

+70 келі. Көркем Ғалым

Аға жаттықтырушы - Айбек Әбілда

29 April, 2026
20

Сұлтанбек Айбарұлы: Екі әлем кубогын жеңу - еңбектің нәтижесі

Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы қысқа уақыт ішінде екі мәрте әлем кубогының чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол Бразилиядағы жарыс, қиын жағдайларға бейімделу, жеке өміріндегі өзгерістер және алдағы мақсаттары туралы ойымен бөлісті.

Әлем кубогында 2 мәрте чемпион атанған алғашқы Қазақстан боксшысы ретінде тіркелдіңіз. Қандай сезімдесіз?

  • Ұзақ жылдық жаттығудың жемісі - жеңіс тұғырында медаль тағу деп санаймын. Сондықтан еңбегімнің ақталып жатқанына қуаныштымын. Өздеріңіз білетіндей, 2025 жылы Семейде өткен Қазақстан чемпионатында күміс жүлде алып, халықаралық жарыстарға жол ашылды. Жарты жылдың ішінде Үндістандағы финалдық әлем кубогы мен Бразилиядағы әлем кубогында топ жардым. Ал ақпан айында «Странджа» турнирінде әлем чемпионы Акмалжан Исроиловты алғашқы раундта жеңгенімен, басымдықты ұстай алмадым. Бірақ сол жекпе-жек үлкен тәжірибе болды. Әр жарыс сайын өзімнің шеберлігімді өсіре беремін деген сенімдемін.

Бразилиядағы әлем кубогына басталуына 2 күн ғана қалғанда бардыңыздар. Климат пен уақыт айырмашылықтарына қаншалықты тез бейімделдіңіздер? 

  • Әсері болды, оны жасыруға болмайды. 9 сағаттық айырмашылық, 30 градус ыстық - ағзаға оңай емес. Бірақ кәсіби спортта мұндай жағдайларға дайын болуың керек. 2–3 күнде бейімделіп үлгердік. Оның үстіне рингке шыққанда бәрін ұмытып, тек жекпе-жекке назар аударасың.

Бразилиядағы әлем кубогына рекордтық 50 ел қатысты ғой. Сіздің салмағыңыздағы бәсекелестік қалай болды? Қай жекпе-жек қиынға түсті?

  • Сырттан қарағанда оңай көрінуі мүмкін. Алайда әр жекпе-жектің артында үлкен еңбек жатыр. Италия, Германия, Бразилия боксшыларымен кездестім. Бәрі де мықты. Әрқайсысы өзінше қауіпті. Сондықтан «жеңіл өтті» деп айта алмаймын.

85 келіде сіз қарсыластарыңыздан қарағанда бойыңыз бен қолыңыз әлдеқайда ұзын болып көрінеді. Жұдырықтасу барысында осы тәсіліңіз артықшылық берді ме?

  • Иә, сол артықшылықты барынша қолдануға тырысамын: арақашықтық сақтау, қарсыласты жақындатпау. Бірақ тек физикалық параметрге сеніп қалуға болмайды. Техника мен тактика бәрібір бірінші орында тұрады.

Жақында ғана отбасын құрдыңыз. Жеке өміріңіздегі жаңалық спорттық мансабыңызға қаншалықты әсер етіп жатыр?

 

  • Шынымды айтсам, оң әсер етті. Үйленгеннен кейін жауапкершілік артты. Қазір тек өзім үшін емес, отбасым үшін де еңбек етіп жүрмін. Соның нәтижесі шығар, алғашқы жарысымда-ақ жеңіспен оралдым.

Бразилиядағы әлем кубогынан біраз уақыт тынығасыздар ма? Алдағы жоспарыңызда қандай жарыс бар?

  • Елге барғаннан кейін аздап тынығып, келесі оқу-жаттығу жиынына аттанамын. Жоспарға келетін болсақ, оны бас бапкер шешеді. Менің міндетім - артылған сенімді ақтап, 85 келіде көшбасшы екенімді дәлелдеу.

Ел ішінде көп боксшылар салмақ ауыстырып, қазірден Азия ойындары мен Олимпиадаға дайындалып жатыр ғой. Сіз де таласып көруге тырыспайсыз ба?

  • Ересектер арасында спорттық жолым енді ғана басталып жатыр. Біріншіден, 85 келіде өзімді дәлелдеуге тиіспін. Қазіргі салмағымда да әлем кубогы, әлем чемпионаты, Азия чемпионаты сынды ірі жарыстарда үздік болуым керек. Қалғаны уақыт еншісінде деп санаймын.

28 April, 2026
18

Қазақстан құрамасы әлем кубогында үздік үштікке енді

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Финалдық кезеңнің кешкі сессиясында үш боксшымыз алтын жүлде үшін жұдырықтасты. 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сирамен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Кауе Белинимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 5:0 есебімен жол берді. Нәтижесінде ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады. Осылайша ұлттық құрама жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Бірінші орынға Бразилия ие болса (4 алтын, 5 күміс), екінші орынға Қытай тұрақтады (4 алтын, 1 қола).

27 April, 2026
11

Әлем кубогының жартылай финалы қалай өтті?

World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында 25 сәуір күні ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шықты.

Күндізгі сессия

80 келі. Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша) - 0:5

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Валериж Уолтер (Германия) - 5:0

60 келі. Виктория Графеева - Анета Элзивета Рыгельска (Польша) - 5:0

Кешкі сессия

65 келі. Аида Әбікеева - Ошин Дирию (Бельгия) - 4:1

51 келі. Алуа Балқыбекова - Ксиню Ки (Қытай) - 2:3

80 келі. Диас Молжігітов - Уондерлей Перейра (Бразилия) - отандасымыз жарақатына байланысты шықпады

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

26 April, 2026
14

Әлем кубогының ширек финалы қалай өтті?

World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында 24 сәуір күні ел құрамасынан сегіз боксшы шаршы алаңға шықты.

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

24 сәуір 1/4 финал

Күндізгі сессия

60 келі. Виктория Графеева - Мари ал Ахмади (Канада) - 5:0

70 келі. Фарух Тоқтасынов - Наби Исгандаров (Әзербайжан) - 2:3

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карусо (Италия) - 4:1

Кешкі сессия

65 келі. Аида Әбікеева - Доуа Закки (Марокко) - 5:0

80 келі. Диас Молжігітов - Оладимеджи Шитту (Англия) - 3:2

51 келі. Алуа Балқыбекова - Дайана Мурхауз (Ирландия) - 5:0

50 келі. Даниял Сәбит - Иссам Бенсаяр (Марокко) - 0:5

75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан) - 1:4

25 April, 2026
9