4 әлем чемпионы, жаңа салмақтағы сынақ: Бразилиядағы әлем кубогына шолу

2026 жылғы алғашқы әлем бокс кубогының кезеңінеҚазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады. Жарыс 2026 жылдың 20–26 сәуірі аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
Жарысқа 50-ден астам елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Еліміздің атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.
Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогының кезеңін ұйымдастыруға мүмкіндік алды. 2025 жылы жерлестеріміз 3 алтын, 3 қола жүлде иеленген еді. Олардың арасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.
Биылғы жарысқа төмендегідей боксшылар қатысады:
Ерлер.
50 келі. Даниял Сәбит (дебют)
55 келі. Бағлан Кенжебек (дебют)
60 келі. Жансері Көшербаев (дебют)
65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (дебют)
70 келі. Фарух Тоқтасынов (дебют)
75 келі. Санжарәли Бегалиев
80 келі. Диас Молжігітов (Бразилиядағы әлем кубогының қола жүлдегері)
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы (Үндістандағы әлем кубогының жеңімпазы)
90 келі. Дәулет Төлемісов (Бразилиядағы әлем кубогының жеңімпазы)
Былтырғы Бразилияға барған құраммен салыстырсақ, тек Диас Молжігітов (80 келі) мен Дәулет Төлемісов (90 келі) сақталған. Құрамадағы басты ерекшеліктің бірі – жастар арасында әлем чемпионы Санжарәли Бегалиев пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының төменгі салмаққа ауысқанын айтуға болады. 60 келіде Жансерік Көшербаев та ересектер арасында өзін алғаш рет көрсетуге мүмкіндік алмақ. «Странджа» турнирінде жақсы қырынан көрінген Бағлан Кенжебекке (55 келі) әлем кубогында тағы сенім артылмақ.
Әйелдер
51 келі. Алуа Балқыбекова (Астанадағы әлем кубогының күміс жүлдегері)
54 келі. Назым Қызайбай (Астанадағы әлем кубогының жеңімпазы)
60 келі. Виктория Графеева (Астанадағы әлем кубогының жеңімпазы)
65 келі. Аида Әбікеева (Астанадағы әлем кубогының қола жүлдегері)
70 келі. Наталья Богданова (Астанадағы әлем кубогының жеңімпазы)
80 келі. Жібек Жарасқызы (дебют)
+80 келі. Валерия Аксенова (дебют)
2025 жылғы Ливерпульдегі жетістіктерімізден кейін аруларымыздың көпшілігі енді ғана ресми жарысқа оралмақ. Бұл тізімде 4 бірдей (Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Наталья Богданова) әлем чемпионы бар.













