Әйелдер құрамасы Бразилияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
8-20 сәуір аралығындағы дайындыққа Қазақстаннан бөлек, Түркия, Англия, Ирландия, Венесуэла, АҚШ, Бразилия елдері өзара тәжірибе алмасуда.
Ал 20-26 сәуір аралығында боксшылар дәл осы қаладағы World Boxing әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады.
Қазақстан әйелдер командасының сапында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова, Жібек Жарасқызы және Валерия Аксенова бар.
Құрамаға аға жаттықтырушы Марат Қырықбаев жауапты.
Қазақстан әйелдер құрамасы 8-12 сәуір аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында өткен GeeBee халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, 54 келідегі Жайна Шекербекова чемпион атанды. Оның жеребесі қиын болса да, алғашқы кезеңде әлем чемпионатының ширек финалисі Габриелла Вирхеймді (Нидерланд ), 1/4 финалда Ливерпульдегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Сирин Чараабиді (Италия) жеңіп кетті. Ал жартылай финалда жарыс қожайыны Эмма Йокиахо және финалда АҚШ өкілі Джейшаннет Запатадан басым түсті.
1982 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирде Данияр Елеусінов, Абылайхан Жүсіпов, Қайрат Ералиев сынды танымал боксшыларымыз топ жарғанымен, әйелдер арасында Жайна Шекербекова осы турнирді жеңген алғашқы отандық ару атанды.
Сондай-ақ 51 келідегі Анита Адишева көзге түсе білді. Ірі жарыстарда мүмкіндік алып жүрген отандасымыз турнир барысында Финляндия спортшысы Елса Нархи мен Мишель Никол Весковиниді (Италия) ұтты. Тек шешуші сында ол Франция боксшысы, Еуропа чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Василя Лькадириге (Франция) жол берді.
Ал 70 келідегі Жасмин Кизатова жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль иеленді.
Айта кетейік, GeeBee турниріне Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Норвегия, Шотландия, Швеция, Швейцария, АҚШ және Уэльс елдерінен 100 спортшы қатысты.
12 April, 2026
18
Боксшыларымыз Азия чемпионатының жалпы есебінде топ жарды
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бокстан Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде нешінші орын алғаны белгілі болды.
Отандастарымыз құрлықтық додада 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде көш басына шықты.
2026 жылғы Азия чемпионатының медальдар кестесі
1. Қазақстан - 6-2-5 2. Үндістан - 5-3-8 3. Өзбекстан - 3-4-4 4. Қытай - 2-1-5 5. Жапония - 1-1-2 5. Кытайлық Тайбэй — 1-1-2 5. Таиланд - 1-1-2 6. Иордания - 1-1-1 7. Солтүстік Корея - 0-3-0 8. Моңғолия - 0-2-3 9. Тәжікстан - 0-1-2 10. Оңтүстік Корея - 0-0-1 10. Түрікменстан - 0-0-1 10. Филиппин - 0-0-1.
Боксшы аруларымыз Азия чемпионатында бес медаль еншіледі
Отандастарымыз құрлықтық додада 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Беделді бәсекеде Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Азия чемпионы атанса, Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер болды.
Сондай-ақ Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (70 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Еліміздің әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен екінші орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Үндістанның 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар.
Медальдар кестесі
1. Үндістан - 4 алтын, 2 күміс, 4 қола
2. Қазақстан - 2-1-2
3. Қытай - 2-0-3
4. Қытайлық Тайбэй — 1-1-2
5. Таиланд - 1-0-1
6. Солтүстік Корея - 0-3-0
7. Өзбекстан - 0-2-3
8. Моңғолия - 0-1-1
9. Оңтүстік Корея - 0-0-1
9. Тәжікстан - 0-0-1.
Құрлықтық додада енді 10 сәуірде ерлер құрамасынан бес боксшымыз алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.
09 April, 2026
19
Сегіз отандасымыз Азия чемпионы атағын сарапқа салады
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қай елден қанша боксшы финалға шыққаны белгілі болды.
Құрлықтық додада қазақстандық 8 боксшы алтын медальға таласатын болды. Бұл жөнінен ел құрамасы жалпы есепте Үндістанмен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Сондай-ақ Азия чемпионатында Өзбекстан - 7, Солтүстік Корея мен Қытай -3, Тайпей, Моңғолия, Таиланд, Иордания, Жапония -2, Тәжікстан -1 үздігіне үміт артады.
Құрлықтық додада енді еліміздің атынан ерлерде Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалда сынға түссе, әйелдерде Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Азия чемпионатының финалы 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.
07 April, 2026
20
Төрт боксшымыз финалдың жолдамасын иеленді
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финал жекпе-жектерінің жартысы өтті.
Нәтижесінде Ұлттық құраманың 4 спортшысы ақтық сынға өтті. Күндізгі сессияда Бақыт Сейдіш (-70 кг) Қытай өкілі Алимир Абудуреймді айқын басымдықпен жеңді. Сосын -80 кг салмақтағы Надежда Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері Пужа Ранимен (Үндістан) жекпе-жекте басым түсті.
Ал кешкі сессияда +80 кг салмақта бақ сынайтын отандасымыз Дина Исламбекова өзбек боксшысы Олтиной Сотимбоеваның, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (-70 кг) қытайлық Пейчен Уанның осал тұсын тапты.
Сондай-ақ бүгін шаршы алаңға шыққан Валентина Хальзова (-75 кг), Махмұд Сабырхан (-55 кг) мен Ертуған Зейнулинов (-65 кг) қарсыласқа жол беріп, қола жүлдегер атанды.
Ертең тағы жартылай финалдар өтеді. Қазақстан командасы сапынан Айгерім Сәттібаева (-48 кг), Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг), Сағындық Тоғамбай (-90 кг), Айбек Оралбай (+90 кг) күш сынасады.
Азия чемпионатын Qazsport тікелей эфирде тек телеарнадан көрсетеді.
06 April, 2026
26
Азия чемпионатында 13 боксшымыз жартылай финалға өтті
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық 13 боксшы жартылай финалға жолдама алды.
Ерлер құрамасынан Махмуд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) енді финал жолдамасын сарапқа салады.
Ерлер құрамасынан Санжар Тәшкенбай (50 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарыс жолын ширек финалда аяқтауға мәжбүр болды.
Ал әйелдер құрамасында Айгерім Сәттібаева (48 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жартылай финалда шаршы алаңға шығады.
Олардың қатарынан Лаура Есенкелді (65 келі), Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
05 April, 2026
19
4 боксшымыз Азия чемпионатының келесі кезеңіне өтті
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан 4 сәуірде 5 отандасымыз өнер көрсетті.
Айта кетсек, бүгін Оразбек Асылқұлов (60 келі) Азия чемпионатында жапониялық Шунсуке Китамотомен кездесуі керек еді. Алайда қарсылас жарақатына байланыста шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болды. Осылайша Оразбек жартылай финалға өтті.
04 April, 2026
11
Ағайынды Сабырхандар Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының ширек финалы басталды.
Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан 1/4 финалда Тәжікстан өкілі Шамшер Саидовпен жолықты.
Алғашқы раундта Тәжікстан боксшысы ауыр соққыларымен басымдықты алуға тырысты. Бірақ отандасымыз қарсыласын қашықтықта ұстап, жылдам соққыларымен жеңісті өз еншісіне жазды. Есеп: 4:1.
Бір-бірін жақсы білетін боксшылар аңдысып жатпай-ақ, алғашқы раундтан ашық айқасқа кетті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2024 жылғы құрлықтық жарыстың финалында дәл осы Шахзод Мұзафаровты жеңіп, Азия чемпионы атанған.
03 April, 2026
11
Ертуған Зейнуллинов ширек финалға шықты
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 65 келідегі Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Отандасымыз 1/8 финалда Тайпей өкілі Ю Линды алғашқы минуттан қыспаққа алып, шабуылда белсенді болды. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Ертуғанға берді.
Ширек финалдағы қарсыласымыз Қырғызстан өкілі Мирзохид Имамназаров атанады.
02 April, 2026
9
Сағындық Тоғамбай: құрлықтық додадағы қарсыластарым осал емес
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Сағындық Тоғамбай (90 келі) World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатына дайындық және алдағы қарсыластары жөнінде пікірін білдірді.
— Құрлықтық додадағы қарсыластарым осал емес. Солардың бірі — қытайлық боксшымен алғаш рет Азия ойындарында кездескен едім. Ол жолы жартылай финалда қарсыласыма есе жібердім. Одан кейін Астанадағы Елорда кубогында есемді қайтардым. Бұл жолы үшінші мәрте шеберлік байқасамыз. Алдағы жекпе-жекте жеңіспен қуантамын деген ойдамын. Жалпы, бұл салмақта әлем бойынша мықты боксшылар көп. Мәселен, өзбекстандық қарсыластарымды ерекшелеп айтар едім. Сондай-ақ құрлықтық додада Тәжікстан, Үндістан боксшылары да жүлдеге ілігуді қалайды. Мен 2019 жылы Моңғолияда жастар арасында Азия чемпионатына қатысқан едік. Қазір олардың арасынан Махмұд Сабырхан, Ерасыл Жакпековті жанкүйерлер жақсы таниды. Барлығымыз енді Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алдық, — деді Сағындық Тоғамбай.
Сағындық Тоғамбай 2001 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Қазірге дейін ол Азия чемпионатында 2024 жылы алтын алса, 2022 жылы қола жүлдегер атанды.