Қазақстан құрамасы Азия Ойындарында 10 медаль иеленді
Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия Ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасының еншісінде 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар. Азия Ойындарының жеңімпаздары: 50 келі. Жұмағали Нұрмахан 54 келі. Досжан Жұмақан 66 келі. Даниял Шалқарбай 66 келі. Аяулым Оспанова 75 келі. Камила Оспанова Күміс жүлдегерлер: 46 келі. Арман Мырсабит +80 келі. Елнура Қоңырат +80 келі. Рүстембек Мұхамедәлі Қола жүлде иегерлері: 54 келі. Рамина Маханова 75 келі. Санжар Матасов
30 October, 2025
24
Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Семейде ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар тізімін ұсынамыз.
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сабыржан Аққалықов Әйелдер арасындағы үздік боксшы - Жазира Орақбаева
Топ-3 команда: І. Түркістан облысы ІІ. Алматы қаласы ІІІ. Шымкент қаласы
22 October, 2025
71
Семейде Қазақстан чемпионаты басталады
14-21 қазан Семей қаласындағы «Abai Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Біріншілікке 20 аймақтан 371 боксшы қатысады: 246 ер және 125 әйел.
14 қазан жарыстың жеребесі тартылады, ал ашылу салтанаты 15 қазанға жоспарланған. Ақтық жекпе жектер 21 қазан күні өтеді. Айта кететін жәйт, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2026 жылға Ұлттық құрама мүшелері іріктеледі.
Астана қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясы Кубогінің жартылай финалына өтті
Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогі аясында В тобының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз-қызметі.
Елордадағы бәсекеде шаршы алаң қожайыны үздік шықты. Командалық сайыстағы көрсеткіш төмендегідей:
Астана қаласы - 4 Қостанай облысы - 2 Павлодар облысы - 2 Ақмола облысы - 2 СҚО - 0
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін А тобында Шымкент қаласы, С тобында Қарағанды облысы іріктеліп шыққан еді. Алда D тобындағы жарыc 3-9 қараша Ақтау қаласында өтеді. Ал, жартылай финал мен ақтық сын 12-14 желтоқсан Астанада ұйымдастырылады. Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жүлде қоры - 150 000 АҚШ доллары. Жоба өңірлердегі боксты дамытуға бағытталған.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
04 October, 2025
77
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахмановтың кездесуі өтті.
Алматы әрқашан да нағыз чемпиондар ұстаханасы болып келген және солай болып қала береді. Бұған дәлел – Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алматылық боксшылардың жоғары нәтижесі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 145 бокс секциясы жұмыс істейді, онда жүйелі түрде 3391 спортшы жаттығады – бұл еліміз бойынша спортпен шұғылданушылардың 2,2% құрайды.
Қалада білікті 90 бапкер бар, бұл Қазақстандағы барлық бапкерлердің 3,9%. Қазақстанның ұлттық бокс құрамасында бүгінде 595 спортшы бар, олардың ішінде ең көп көрсеткіш Алматыға тиесілі – 80 боксшы (13,4%).
Кездесудің нәтижесінде қала әкімі Алматыда бокс клубын ашу бастамасын қолдады. Бұл спорттың одан әрі дамуына және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
30 September, 2025
52
Қарағанды облысының командасы ҚФБ кубогінің жартылай финалына жолдама иеленді
Семей қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында С тобындағы ширек финал өз мәресіне жетті
Бес күндік жарыс нәтижесінде Қарағанды облысы үздік шықты. Енді қарағандылық боксшылар 12-14 желтоқсан Астанадағы шешуші кезеңге қатысады.
Семейдегі командалық кездесулер қорытындысы: 1. Қарағанды облысы - 4 жеңіс 2. Жетісу облысы - 3 жеңіс 3. Абай облысы - 2 жеңіс 4. Ұлытау облысы - 1 жеңіс 5. ШҚО - 0 жеңіс
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
27 September, 2025
41
Шымкент қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясының алғашқы жартылай финалисі атанды
Тараз қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында А тобындағы ширек финал аяқталды.
Бес күнге жалғасқан командалық сайыста Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының құрамалары жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды.
Бүгін, 27 қыркүйектегі шешуші кездесуде Шымкент қаласының боксшылары Жамбыл облысының командасын 8:7 есебімен жеңіп, енді 12-14 желтоқсан Астанада өтетін жартылай финалға қатысады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
25 September, 2025
30
Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының Ливерпульде өткен Әлем чемпионатындағы табысты қызметіне оң баға берді.
Президент мемлекеттің боксты дамытуға баса мән беретінін, бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін жеткізді.
Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жоспарлы әрі жан-жақты даярлаудың маңызы атап өтілді.
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.
– Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған бапкерлерге және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті.
– Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар, – деді Президент.