БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ

Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Семейде ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар тізімін ұсынамыз.

 

ӘЙЕЛДЕР

48 келі

Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы)

Әнел Құдайберген (Жетісу облысы)

Ақбота Болат (Қызылорда облысы)

Елянур Турганова (Алматы)

51 келі

Жазира Орақбаева (Алматы)

Анита Адишева (Қарағанды облысы)

Жансая Рахымберді (Шымкент)

Анжа Садуақасова (Павлодар облысы)

54 келі

Элина Базарова (Шымкент)

Жайна Шекербекова (Шымкент)

Сымбат Әлиасқар (Жамбыл облысы)

Әнел Сақыш (Алматы)

57 келі

Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы)

Карина Ибрагимова (Ақмола облысы)
Айдана Забынбекова (Ұлытау облысы) 

Виктория Байдукова (Жамбыл облысы)

60 келі

Римма Волосенко (Астана)

Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы)

Евгения Графеева (Алматы)

Аяжан Ермек (Қарағанды облысы)

65 келі

Лаура Есенгелді (Шымкент)

Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы)

Жасмин Кизатова (Қарағанды облысы)

Ақнар Ишанова (БҚО)

70 келі

Бақыт Сейдіш (Алматы)

Мадина Нуршаева (Шымкент)

Анастасия Баязитова (Қостанай облысы)

Мерей Ибрагимова (Астана)

75 келі

Валентина Хальзова (Астана)

Мария Сидоренко (Жетісу облысы)

Назерке Болат (Жамбыл облысы)

Азиза Исина (Қарағанды облысы)

80 келі

Надежда Рябец (Қостанай облысы)

Анастасия Рылина (Қостанай облысы)

Жібек Жарасқызы (Жамбыл облысы)

Гузаль Садыкова (Алматы облысы)

+80 келі

Валерия Аксенова (Ақмола облысы)

Әсел Тоқтасын (Алматы)

Дина Исламбекова (Шымкент) 

Панар Сейітханқызы (Алматы)

 

ЕРЛЕР

50 келі

Даниал Сәбит (БҚО)

Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе обл)

Нұрсұлтан Нуриденов (БҚО)

Нұрзат Оңғаров (Жамбыл обл)

55 келі 

Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл)

Тимур Қабдешов (Ақмола обл)

Бексұлтан Боранбек (Жамбыл обл)

60 келі

Серік Теміржанов (Павлодар обл)

Бибарыс Жексен (Жамбыл обл)

Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл)

Дәулет Молдашев (Абай обл)

65 келі

Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау обл)

Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл)

Әбдіғалым Әбдікерім (Қостанай обл)

Илья Калинин (Жамбыл обл)

70 келі

Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды обл)

Фарух Тоқтасынов (Алматы қ)

Нұрбек Мурсал (Алматы қ)

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан обл)

75 келi

Сабыржан Аққалықов (Қарағанды обл)

Тимур Нұрсейітов (Астана қ)

Аман Қонысбеков (Түркістан обл)

Талғат Шайкен (Ақмола обл)

80 келі

Ерасыл Жақпеков (Абай обл)

Диас Молжігітов (Жамбыл обл)

Санжар-Али Бегалиев (Шымкент қ)

Азамат Бектас (Қызылорда обл)

85 келі

Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл)

Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қ)

Бекзат Таңатар (Шымкент қ)

Дәурен Мамыр (Шымкент қ)

90 келі

Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл)

Нурмагамед Юсупов (Қарағанды обл)

Данияр Рахымбердинов (Алматы қ)

Оңталап Рахманов (Қызылорда обл)

+90 келі

Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл)

Аслан Елдібайұлы (Қызылорда обл)

Даниал Сапарбай (Түркістан обл)

Нұрасыл Асылхан (Шымкент қ)

 

Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сабыржан Аққалықов
Әйелдер арасындағы үздік боксшы - Жазира Орақбаева

Топ-3 команда: І. Түркістан облысы ІІ. Алматы қаласы ІІІ. Шымкент қаласы 

 

 

23 қазан, 2025
35

Семейде Қазақстан чемпионаты басталады

14-21 қазан Семей қаласындағы «Abai Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Біріншілікке 20 аймақтан 371 боксшы қатысады: 246 ер және 125 әйел. 

14 қазан жарыстың жеребесі тартылады, ал ашылу салтанаты 15 қазанға жоспарланған. Ақтық жекпе жектер 21 қазан күні өтеді. Айта кететін жәйт, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2026 жылға Ұлттық құрама мүшелері іріктеледі.

Салмақ дәрежелері: Ерлер 50 келі, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі, +90 келі. Әйелдер 48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, + 80 келі. Қазақстан чемпионаты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасында көрсетіледі.

 

Жарыстың басталуы: 15 қазан 13:00

Финал: 21 қазан 12:00

13 қазан, 2025
65

Астана қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясы Кубогінің жартылай финалына өтті

Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогі аясында В тобының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз-қызметі.

Елордадағы бәсекеде шаршы алаң қожайыны үздік шықты. Командалық сайыстағы көрсеткіш төмендегідей:

Астана қаласы - 4
Қостанай облысы - 2
Павлодар облысы - 2
Ақмола облысы - 2 
СҚО - 0

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін А тобында Шымкент қаласы, С тобында Қарағанды облысы іріктеліп шыққан еді. Алда D тобындағы жарыc 3-9 қараша Ақтау қаласында өтеді. Ал, жартылай финал мен ақтық сын 12-14 желтоқсан Астанада ұйымдастырылады. 

Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жүлде қоры - 150 000 АҚШ доллары. Жоба өңірлердегі боксты дамытуға бағытталған.

04 қазан, 2025
61

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу

Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахмановтың кездесуі өтті.

Алматы әрқашан да нағыз чемпиондар ұстаханасы болып келген және солай болып қала береді. Бұған дәлел – Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алматылық боксшылардың жоғары нәтижесі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 145 бокс секциясы жұмыс істейді, онда жүйелі түрде 3391 спортшы жаттығады – бұл еліміз бойынша спортпен шұғылданушылардың 2,2% құрайды. 

Қалада білікті 90 бапкер бар, бұл Қазақстандағы барлық бапкерлердің 3,9%.
Қазақстанның ұлттық бокс құрамасында бүгінде 595 спортшы бар, олардың ішінде ең көп көрсеткіш Алматыға тиесілі – 80 боксшы (13,4%).

Кездесудің нәтижесінде қала әкімі Алматыда бокс клубын ашу бастамасын қолдады. Бұл спорттың одан әрі дамуына және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

30 қыркүйек, 2025
41

Қарағанды облысының командасы ҚФБ кубогінің жартылай финалына жолдама иеленді

Семей қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында С тобындағы ширек финал өз мәресіне жетті

Бес күндік жарыс нәтижесінде Қарағанды облысы үздік шықты. Енді қарағандылық боксшылар 12-14 желтоқсан Астанадағы шешуші кезеңге қатысады.

Семейдегі командалық кездесулер қорытындысы:
1. Қарағанды облысы - 4 жеңіс
2. Жетісу облысы - 3 жеңіс
3. Абай облысы - 2 жеңіс
4. Ұлытау облысы - 1 жеңіс
5. ШҚО - 0 жеңіс

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

27 қыркүйек, 2025
31

Шымкент қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясының алғашқы жартылай финалисі атанды

 

Тараз қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында А тобындағы ширек финал аяқталды.

Бес күнге жалғасқан командалық сайыста Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының құрамалары жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды.

Бүгін, 27 қыркүйектегі шешуші кездесуде Шымкент қаласының боксшылары Жамбыл облысының командасын 8:7 есебімен жеңіп, енді 12-14 желтоқсан Астанада өтетін жартылай финалға қатысады.

Шымкент 8:7 Жамбыл облысы

Әйелдер:
51 келі. Жансая Рахымберді 2:3 Әйгерім Сәттібаева
54 келі. Жайна Шекербекова 5:0 Сымбат Әлиасқар
57 келі. Лаура Нышанбай 5:0 Виктория Байдукова
60 келі. Айдана Арапбаева 5:0 Анджелика Цой
65 келі. Лаура Есенкелді 3:2 Назерке Серік
70 келі. Мадина Нұршаева (жеңімпаз) WO Назерке Болат
75 келі. Жібек Жарасқызы (жеңімпаз) WO

Ерлер:
50 келі. Тілеуберді Сүлеймени WO Нұрзат Оңғаров (жеңімпаз)
55 келі. Айдар Қадырхан 0:5 Бағлан Кенжебек
60 келі. Асылжан Серікбай 4:1 Ерхан Тұрдан
65 келі. Нұрлыбек Ұсманов 5:0 Алмаз Дүйсенқұл
70 келі. М.Сансызбаев Елнұр Сүйінбай (жеңімпаз)
80 келі. Санжарәлі Бегалиев 5:0 Ерасыл Оразымбет
90 келі. Бекзат Таңатаров WO Икромжон Сайдахраров (жеңімпаз)
+90 келі. Нұрасыл Асылхан WO Иван Ермоленко (жеңімпаз)

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

27 қыркүйек, 2025
33

Жасөспірімдер құрамасы ТМД елдерінің Ойындарында өнер көрсетеді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға аттанады 

27 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Евлах қаласында ТМД елдерінің Ойындары өтеді

Қыздар командасы:
46 келі. Диана Айтбаева
48 келі. Асылай Мұрат
50 келі. Аружан Бахтыбек
52 келі. Аружан Тіллабай
54 келі. Аделаида Садвакасова
57 келі. Балым Ғабитқызы
60 келі. Жасмин Абрамян
63 келі. Мадина Нұрманова
66 келі. Диляра Тұрсынбек
Аға жаттықтырушы - Айбек Әбілда

Ұлдар командасы:
46 келі. Аңсар Усенхан
48 келі. Қорғанбек Балтин
50 келі. Аслан Жеңіспаев
52 келі. Едіге Нұрқожа
54 келі. Жалғас Апбаз
57 келі. Ұлас Әлімжан
60 келі. Ислам Сулейменоглы 
63 келі. Алдияр Баяндинов
66 келі. Амир Рамазан
70 келі. Дарын Төлеген 
75 келі. Төреғали Сейдуллаев
80 келі. Бауыржан Алиакбар
+80 келі. Еркетаң Жарқынбек
Аға жаттықтырушы - Бағдат Оңғарбеков

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

25 қыркүйек, 2025
20

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының Ливерпульде өткен Әлем чемпионатындағы табысты қызметіне оң баға берді.

Президент мемлекеттің боксты дамытуға баса мән беретінін, бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жоспарлы әрі жан-жақты даярлаудың маңызы атап өтілді.

t.me/aqorda_resmi

18 қыркүйек, 2025
14

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. 

 

– Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған бапкерлерге және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті. 

 

– Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар, – деді Президент.



t.me/aqorda_resmi

18 қыркүйек, 2025
13

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының командалық есебінде топ жарды

Ливерпульде ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Британиядағы бәсеке WORLD BOXING ұйымының аясында өткен тұңғыш біріншілік ретінде тарих бетіне жазылды. Жарысқа 68 елден 500-ден аса былғары қолғап шебері қатысты.

Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

48 келі. Назым Қызайбай - күміс
51 келі. Алуа Балқыбекова - алтын
60 келі. Виктория Графеева - қола
65 келі. Аида Әбікеева - алтын
70 келі. Наталья Богданова - алтын
+80 келі. Елдана Тәліпова - қола

50 келі. Санжар Тәшкенбай - алтын
54 келі. Махмұд Сабырхан - алтын
70 келі. Төрехан Сабырхан - алтын
+90 келі. Айбек Оралбай - алтын

Бұл жарыста Қазақстан боксы үшін бірнеше тарихи сәт тіркелді. Алуа Балқыбекова мен Аиба Әбікеева бір жылдың ішінде екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан араға жылдар салып, Серік Сәпиевтен кейін екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Бір отбасыдан екі бауыр - Махмұд пен Төрехан бір күнде әлем чемпионатының ақтық сынында жеңіске жетті. Отандық бокс тарихында тұңғыш рет аса ауыр салмақта әлем чемпиионатының алтын жүлдесі Қазақстанға тиесілі - Айбек Оралбай.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

15 қыркүйек, 2025
9

Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды

 

Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланд.

19 тамыз күні өткен кезектен тыс Конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен Құрметті президент қайта сайланды.

Роман Алмаханұлы Төреханов - 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы.

Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті Рақышев Кеңес Хамитұлына отандық бокстың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғыс білдіреміз!

19 тамыз, 2025
89