Семейде Қазақстан чемпионаты басталады

14-21 қазан Семей қаласындағы «Abai Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Біріншілікке 20 аймақтан 371 боксшы қатысады: 246 ер және 125 әйел.
14 қазан жарыстың жеребесі тартылады, ал ашылу салтанаты 15 қазанға жоспарланған. Ақтық жекпе жектер 21 қазан күні өтеді. Айта кететін жәйт, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2026 жылға Ұлттық құрама мүшелері іріктеледі.
Салмақ дәрежелері: Ерлер 50 келі, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі, +90 келі. Әйелдер 48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, + 80 келі. Қазақстан чемпионаты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасында көрсетіледі.
Жарыстың басталуы: 15 қазан 13:00
Финал: 21 қазан 12:00













