Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының командалық есебінде топ жарды

Ливерпульде ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Британиядағы бәсеке WORLD BOXING ұйымының аясында өткен тұңғыш біріншілік ретінде тарих бетіне жазылды. Жарысқа 68 елден 500-ден аса былғары қолғап шебері қатысты.
Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
48 келі. Назым Қызайбай - күміс
51 келі. Алуа Балқыбекова - алтын
60 келі. Виктория Графеева - қола
65 келі. Аида Әбікеева - алтын
70 келі. Наталья Богданова - алтын
+80 келі. Елдана Тәліпова - қола
50 келі. Санжар Тәшкенбай - алтын
54 келі. Махмұд Сабырхан - алтын
70 келі. Төрехан Сабырхан - алтын
+90 келі. Айбек Оралбай - алтын
Бұл жарыста Қазақстан боксы үшін бірнеше тарихи сәт тіркелді. Алуа Балқыбекова мен Аиба Әбікеева бір жылдың ішінде екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан араға жылдар салып, Серік Сәпиевтен кейін екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Бір отбасыдан екі бауыр - Махмұд пен Төрехан бір күнде әлем чемпионатының ақтық сынында жеңіске жетті. Отандық бокс тарихында тұңғыш рет аса ауыр салмақта әлем чемпиионатының алтын жүлдесі Қазақстанға тиесілі - Айбек Оралбай.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.













