WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының Ливерпульде өткен Әлем чемпионатындағы табысты қызметіне оң баға берді.

Президент мемлекеттің боксты дамытуға баса мән беретінін, бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жоспарлы әрі жан-жақты даярлаудың маңызы атап өтілді.

t.me/aqorda_resmi

18 September, 2025
14

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. 

 

– Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған бапкерлерге және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті. 

 

– Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар, – деді Президент.



t.me/aqorda_resmi

18 September, 2025
13

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының командалық есебінде топ жарды

Ливерпульде ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Британиядағы бәсеке WORLD BOXING ұйымының аясында өткен тұңғыш біріншілік ретінде тарих бетіне жазылды. Жарысқа 68 елден 500-ден аса былғары қолғап шебері қатысты.

Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

48 келі. Назым Қызайбай - күміс
51 келі. Алуа Балқыбекова - алтын
60 келі. Виктория Графеева - қола
65 келі. Аида Әбікеева - алтын
70 келі. Наталья Богданова - алтын
+80 келі. Елдана Тәліпова - қола

50 келі. Санжар Тәшкенбай - алтын
54 келі. Махмұд Сабырхан - алтын
70 келі. Төрехан Сабырхан - алтын
+90 келі. Айбек Оралбай - алтын

Бұл жарыста Қазақстан боксы үшін бірнеше тарихи сәт тіркелді. Алуа Балқыбекова мен Аиба Әбікеева бір жылдың ішінде екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан араға жылдар салып, Серік Сәпиевтен кейін екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Бір отбасыдан екі бауыр - Махмұд пен Төрехан бір күнде әлем чемпионатының ақтық сынында жеңіске жетті. Отандық бокс тарихында тұңғыш рет аса ауыр салмақта әлем чемпиионатының алтын жүлдесі Қазақстанға тиесілі - Айбек Оралбай.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

15 September, 2025
9

Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды

 

Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланд.

19 тамыз күні өткен кезектен тыс Конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен Құрметті президент қайта сайланды.

Роман Алмаханұлы Төреханов - 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы.

Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті Рақышев Кеңес Хамитұлына отандық бокстың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғыс білдіреміз!

19 August, 2025
89

Ливерпульдегі әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтау үшін Шеффилд қаласына аттанады. Қазіргі уақытта қос команда да Алматы облысында жаттығу жиынында. Осы аптада жолға шығып, оннан аса елдің боксшылары бой көрсеткен жиынға қосылады.

Әлем чемпионатына қатысатын Отандық боксшылар толық анықталды. Елдос Сайлалин бастаған әйелдер құрамасы:

48 келі. Назым Қызайбай
51 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Элина Базарова
57 келі. Карина Ибрагимова
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
80 келі. Гүлсая Ержан
80+ келі. Елдана Талипова

Қайрат Сәтжанов жетекшілігіндегі ерлер командасы:

50 келі. Санжар Тәшкенбай
55 келі. Махмұд Сабырхан
60 келі. Бейбарыс Жексен
65 келі. Ертуған Зейнулинов
70 келі. Төрехан Сабырхан
75 келі. Сабыржан Аққалықов
80 келі. Нұрбек Оралбай
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов
90 келі. Сағындық Тоғамбай
90+ келі. Айбек Оралбай

WORLD BOXING әлем чемпионаты Ливерпульде (Ұлыбритания) 4-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

19 August, 2025
90

Қайрат Сәтжанов: Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды

Қайрат Сәтжанов, Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы:
 

Алматы облысында әлем чемпионатына арнайы дайындық кезеңін бастадық. Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды. Әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан ғана. 

26 тамыз күні Ұлыбританияға аттанамыз. Біріншілік алдында Шеффилд қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия, Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы әлі толық жасақталған жоқ. Бірнеше салмақтағы қатысушыларды осы жиында қарастырамыз.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

15 August, 2025
64

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 7 алтын медаль иеленді

 

Бангкокта (Таиланд) жастар және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 

11 күнге жалғасқан біріншіліктегі Қазақстан құрамасының нәтижесі:

U19 әйелдер
Алтын 80 келі. Құралай Егінбайқызы
Күміс 57 келі. Аяжан Ермек
Қола 51 келі. Айым Танкибаева
Қола 54 келі. Жанель Имантаева
Қола 60 келі. Алина Кудайгенова
Қола 65 келі. Ақбота Есімбекова
Қола +80 келі. Сабина Жақсылық

U19 ерлер
Алтын 90 келі. Расул Асанханов
Күміс 60 келі. Әділет Тортубек
Күміс 70 келі. Бибарыс Әшірбай
Күміс 80 келі. Тимур Тайбеков
Күміс 85 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай
Қола 75 келі. Нұрсұлтан Шілдебай

U22 әйелдер
Алтын 48 келі Гүлназ Бөрібаева
Алтын 70 келі. Бақыт Сейдіш
Күміс 75 келі. Шұғыла Нәлібай
Күміс +80 келі. Әсел Тоқтасын

U22 ерлер
Алтын 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев
Алтын 80 келі. Санжарәлі Бегалиев
Алтын 90 келі. Темірлан Мұқатаев
Күміс 65 келі. Илья Калинин
Күміс 70 келі. Нұрбек Мұрсал

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

12 August, 2025
48

Бокстан әлем кубогі өз мәресіне жетті


Астанада төрінде өткен дүбірлі дода Әлем кубогі аяқталды.
Айтулы бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Қазақстандық боксшылар ерлер құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленді.
Әйелдер құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола еншіледі.

Осылайша 8 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен командалық есепте 1-орынға жайғасты.

Екінші орында Бразилия 4 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде. Үздік үштікті 3 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен Үндістан елі түйіндеді.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

07 July, 2025
49

Наталья Богданова — Әлем кубогінің жеңімпазы



Наталья Богданова — Әлем кубогінің жеңімпазы

Әлем кубогінің финалдық жекпе-жегінде Наталья Богданова аустралиялық Лекейши Перголитиге қарсы күш сынасты.

Шешуші кезеңде Богданова  Лекейша Перголитиден есебімен басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

07 July, 2025
38

Санжар Тәшкенбай — Әлем кубогінің чемпионы

Санжар Тәшкенбай — Әлем кубогінің чемпионы

Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақта Әлем кубогінің ақтық сынында бақ сынады.

Финалдық айқастың үшінші раундтында Тәшкенбай филиппиндік Джей Бриан Барикуатроны нокдаунға түсірді.

Қорытыныды есеп бойынша 5:0 ұпайымен Санжар Тәшкенбай жеңіске жетті.

07 July, 2025
22

Виктория Графеева — Әлем кубогінің жеңімпазы


Виктория Графеева — Әлем кубогінің жеңімпазы

Виктория Графеева шешуші кезеңде бразилилық Ребека Де Лима Сантос шеберлік байқасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Виктория Графеева 60 келі салмақта Әлем кубогінде алтыннан алқа тақты.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

07 July, 2025
19