БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ

Қайрат Сәтжанов: Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды

Қайрат Сәтжанов, Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы:
 

Алматы облысында әлем чемпионатына арнайы дайындық кезеңін бастадық. Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды. Әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан ғана. 

26 тамыз күні Ұлыбританияға аттанамыз. Біріншілік алдында Шеффилд қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия, Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы әлі толық жасақталған жоқ. Бірнеше салмақтағы қатысушыларды осы жиында қарастырамыз.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

15 тамыз, 2025
74

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 7 алтын медаль иеленді

 

Бангкокта (Таиланд) жастар және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 

11 күнге жалғасқан біріншіліктегі Қазақстан құрамасының нәтижесі:

U19 әйелдер
Алтын 80 келі. Құралай Егінбайқызы
Күміс 57 келі. Аяжан Ермек
Қола 51 келі. Айым Танкибаева
Қола 54 келі. Жанель Имантаева
Қола 60 келі. Алина Кудайгенова
Қола 65 келі. Ақбота Есімбекова
Қола +80 келі. Сабина Жақсылық

U19 ерлер
Алтын 90 келі. Расул Асанханов
Күміс 60 келі. Әділет Тортубек
Күміс 70 келі. Бибарыс Әшірбай
Күміс 80 келі. Тимур Тайбеков
Күміс 85 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай
Қола 75 келі. Нұрсұлтан Шілдебай

U22 әйелдер
Алтын 48 келі Гүлназ Бөрібаева
Алтын 70 келі. Бақыт Сейдіш
Күміс 75 келі. Шұғыла Нәлібай
Күміс +80 келі. Әсел Тоқтасын

U22 ерлер
Алтын 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев
Алтын 80 келі. Санжарәлі Бегалиев
Алтын 90 келі. Темірлан Мұқатаев
Күміс 65 келі. Илья Калинин
Күміс 70 келі. Нұрбек Мұрсал

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

11 тамыз, 2025
55

Бокстан әлем кубогі өз мәресіне жетті


Астанада төрінде өткен дүбірлі дода Әлем кубогі аяқталды.
Айтулы бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Қазақстандық боксшылар ерлер құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленді.
Әйелдер құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола еншіледі.

Осылайша 8 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен командалық есепте 1-орынға жайғасты.

Екінші орында Бразилия 4 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде. Үздік үштікті 3 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен Үндістан елі түйіндеді.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

07 шілде, 2025
54

Наталья Богданова — Әлем кубогінің жеңімпазы



Наталья Богданова — Әлем кубогінің жеңімпазы

Әлем кубогінің финалдық жекпе-жегінде Наталья Богданова аустралиялық Лекейши Перголитиге қарсы күш сынасты.

Шешуші кезеңде Богданова  Лекейша Перголитиден есебімен басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

06 шілде, 2025
46

Санжар Тәшкенбай — Әлем кубогінің чемпионы

Санжар Тәшкенбай — Әлем кубогінің чемпионы

Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақта Әлем кубогінің ақтық сынында бақ сынады.

Финалдық айқастың үшінші раундтында Тәшкенбай филиппиндік Джей Бриан Барикуатроны нокдаунға түсірді.

Қорытыныды есеп бойынша 5:0 ұпайымен Санжар Тәшкенбай жеңіске жетті.

06 шілде, 2025
27

Виктория Графеева — Әлем кубогінің жеңімпазы


Виктория Графеева — Әлем кубогінің жеңімпазы

Виктория Графеева шешуші кезеңде бразилилық Ребека Де Лима Сантос шеберлік байқасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Виктория Графеева 60 келі салмақта Әлем кубогінде алтыннан алқа тақты.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

06 шілде, 2025
23

Бекзат Нұрдәулетов —Әлем кубогінің чемпионы



Бекзат Нұрдәулетов —Әлем кубогінің чемпионы

Әлем кубогінің ақтық сынында 85 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов үндістандық Жугно Жугномен жұдырықтасты.

Жерлесіміз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, соққы жасауға мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде Бекзат Нұрдәулетов Әлем кубогінің алтын жүлдесін жеңіп алды.

06 шілде, 2025
19

Нұрбек Оралбай — Әлем кубогінің күміс жүлдегері

Нұрбек Оралбай — Әлем кубогінің күміс жүлдегері

Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта финалда Франция елінің боксшысы Иожерлин Сезармен қолғап түйістірді.

Айтулы жекпе-жек барысында отандасымыз Иожерлин Сезарға есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі.

06 шілде, 2025
28

Әлем кубогіндегі алғашқы алтын жүлде қоржынға түсті



Әлем кубогіндегі алғашқы алтын жүлде қоржынға түсті

48 келі салмақты Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекте үндістандық Минакши Минакшимен жұдырықтасты.

Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай техникалық және тактикалық тұрғыда өзінің мықтылығын дәлелдеп, ақтық сыңда жеңіске жетті.

Осылайша Назым Қызайбай Әлем кубогінде алтын жүлдеге ие болды.

06 шілде, 2025
26

Әлем кубогі:12 боксшымыз алтын жүлдеге таласады



Әлем кубогі: 12 боксшымыз алтын жүлдеге таласады

Астанадағы әлем кубогінің бесінші күнінде Қазақстан қоржынына 4 қола жүлде түсті.
Жартылай финалда Сағындық Тоғамбай (90кг), Ертуған Зейнуллинов (65кг), Аида Әбікеева (65кг), және Айдана Забынбеков (57кг) финалға бір қадам қалған кезде сүрініп, қола жүлдеге ие болды.

Ал ақтық сайысқа еліміздің атынан 12 былғары қолғап шеберлері жолдама алды.

Ерлер құрамасынан:
1. Санжар Тәшкенбай (50 кг)
2. ⁠Махмұд Сабырхан (55 кг)
3. ⁠Сабыржан Аққалықов (75 кг)
4. ⁠Нұрбек Оралбай (80 кг)
5. ⁠Бекзад Нұрдәулетов (85 кг)
6. ⁠Айбек Оралбай (+90 кг)

Әйелдер құрамасынан:
1. Назым Қызайбай (48 кг)
2. ⁠Алуа Балқыбекова (51 кг)
3. ⁠Виктория Графеева (60 кг)
4. ⁠Наталья Богданова (70 кг)
5. ⁠Надежда Рябец (75 кг)
6. ⁠Елдана Тәліпова (+80 кг)
Айта кетейік, финалдық бәсекелер 14:00 және 19:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

05 шілде, 2025
65

Әлем кубогі:Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті



Әлем кубогі:Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

World Boxing ұйымдастыруымен Астанада әлем кубогінің үшінші кезеңіндегі бәсекелер жалғасуда.

Айтулы доданың бесінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 90 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 90 келі салмақта жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды. Дейтұрғанмен, ерлерден Ертуған Зейнуллинов (65кг) жартылай финалға жолдама алды. Әйелдер құрамасынан Алуа Балқыбекова (51кг) , Аида Әбікеева (65кг) да жартылай финалға шықты.

Ал Елдана Тәліпова (+80кг) өзбек боксшысын жеңіп, финалда алтын жүлдеге таласады.

05 шілде, 2025
65