Ливерпульдегі әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтау үшін Шеффилд қаласына аттанады. Қазіргі уақытта қос команда да Алматы облысында жаттығу жиынында. Осы аптада жолға шығып, оннан аса елдің боксшылары бой көрсеткен жиынға қосылады.
Әлем чемпионатына қатысатын Отандық боксшылар толық анықталды. Елдос Сайлалин бастаған әйелдер құрамасы:
48 келі. Назым Қызайбай
51 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Элина Базарова
57 келі. Карина Ибрагимова
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
80 келі. Гүлсая Ержан
80+ келі. Елдана Талипова
Қайрат Сәтжанов жетекшілігіндегі ерлер командасы:
50 келі. Санжар Тәшкенбай
55 келі. Махмұд Сабырхан
60 келі. Бейбарыс Жексен
65 келі. Ертуған Зейнулинов
70 келі. Төрехан Сабырхан
75 келі. Сабыржан Аққалықов
80 келі. Нұрбек Оралбай
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов
90 келі. Сағындық Тоғамбай
90+ келі. Айбек Оралбай
WORLD BOXING әлем чемпионаты Ливерпульде (Ұлыбритания) 4-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.













