Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай техникалық және тактикалық тұрғыда өзінің мықтылығын дәлелдеп, ақтық сыңда жеңіске жетті.
Осылайша Назым Қызайбай Әлем кубогінде алтын жүлдеге ие болды.
06 July, 2025
24
Әлем кубогі:12 боксшымыз алтын жүлдеге таласады
Әлем кубогі: 12 боксшымыз алтын жүлдеге таласады
Астанадағы әлем кубогінің бесінші күнінде Қазақстан қоржынына 4 қола жүлде түсті. Жартылай финалда Сағындық Тоғамбай (90кг), Ертуған Зейнуллинов (65кг), Аида Әбікеева (65кг), және Айдана Забынбеков (57кг) финалға бір қадам қалған кезде сүрініп, қола жүлдеге ие болды.
Ал ақтық сайысқа еліміздің атынан 12 былғары қолғап шеберлері жолдама алды.
Әйелдер құрамасынан: 1. Назым Қызайбай (48 кг) 2. Алуа Балқыбекова (51 кг) 3. Виктория Графеева (60 кг) 4. Наталья Богданова (70 кг) 5. Надежда Рябец (75 кг) 6. Елдана Тәліпова (+80 кг) Айта кетейік, финалдық бәсекелер 14:00 және 19:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
05 July, 2025
63
Әлем кубогі:Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
Әлем кубогі:Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
World Boxing ұйымдастыруымен Астанада әлем кубогінің үшінші кезеңіндегі бәсекелер жалғасуда.
Айтулы доданың бесінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 90 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 90 келі салмақта жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды. Дейтұрғанмен, ерлерден Ертуған Зейнуллинов (65кг) жартылай финалға жолдама алды. Әйелдер құрамасынан Алуа Балқыбекова (51кг) , Аида Әбікеева (65кг) да жартылай финалға шықты.
Ал Елдана Тәліпова (+80кг) өзбек боксшысын жеңіп, финалда алтын жүлдеге таласады.
05 July, 2025
63
Әлем кубогінің төртінші жарыс күніндегі нәтижелер
Әлем кубогінің төртінші жарыс күніндегі нәтижелер
Астанадағы бокстан Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Айтулы доданың кезекті күнінде жекпе-жектер қыза түсуде. Бүгін қазақстандық 7 боксшы жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды.
Күндізгі сессияда Наталья Богданова (70кг) бразилиялық боксшыны жеңіп, жеңіске жетті. Ал Нұрбек Оралбай (80кг) мен Айдана Забынбекованың (57кг) қарсыластары жекпе-жектен бас тартуына байланысты, бірден жартылай финалға өтті. Кешкі сессияда Махмұд Сабырхан (55кг) филиппиндік Аорон Жуд Бадоны 4 рет нокдаунға түсіріп, бәсеке тағдырын мерзімінен бұрын шешті. 75 келіде Сабыржан Аққалықов алғашқы раундта есе жібергенімен, соңғы екі раундта Канада елінің өкілінен жеңісті жұлып алды.
Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай мен италиялық Диего Лензи арасында тартыстқа толы айқас орын алды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша 4:1 есебімен Айбек Оралбай басым түсті.
Сонымен қатар Серік Теміржанов (60кг) жапон боксшысына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
04 July, 2025
68
Әлем кубогінің үшінші жарыс күніндегі нәтижелер
Әлем кубогінің үшінші жарыс күніндегі нәтижелер
Астанада World Boxing ұйымдастыруымен Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгін ел намысын 9 спортшы қорғады.
Ең алғашқы болып шаршы алаңғы Назым Қызайбай шықты. Назым әлем кубогінде екінші жекпе-жегін өзбекстандық 2024 жылғы Азия чемпионы Фарзона Фозиловаға қарсы өткізді. Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай жеңіске жетті. Сонымен қатар 51 келіде Алуа Балқыбекова да АҚШ боксшысынан айласын асырып, келесі кезеңге өтті. Еліміздің атынан үшінші болып шаршы алаңға көтерілген Гүлсая Ержан (80кг) екі дүркін Азия чемпионы үндістандық Пужа Раниға жол берді.
Ерлерден күндізгі сессияда Санжар Тәшкенбай жұдырықтасты. Санжар Тәшкенбай жапониялық Шодай Котоны үш раунд бойы қысымға алып, нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды. Бекзат Нұрдәулетов те ұлыбританиялық Лачлон Лаусоны 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Кешкі сессияда Виктория Графеева алғашқы раундта нокдаунға түскенімен, қалған екі раундта қарсыласынан басым түсті. Әлем чемпионы Аида Әбікеева 2024 жылғы Әлем кубогінің жеңімпазы Дионе Бурманды тағынан тайдырды.
Ертуған Зейнуллинов, Сағындық Тоғамбай да қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға бір қадам жақындады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.