Әлем кубогі:12 боксшымыз алтын жүлдеге таласады

Әлем кубогі: 12 боксшымыз алтын жүлдеге таласады
Астанадағы әлем кубогінің бесінші күнінде Қазақстан қоржынына 4 қола жүлде түсті.
Жартылай финалда Сағындық Тоғамбай (90кг), Ертуған Зейнуллинов (65кг), Аида Әбікеева (65кг), және Айдана Забынбеков (57кг) финалға бір қадам қалған кезде сүрініп, қола жүлдеге ие болды.
Ал ақтық сайысқа еліміздің атынан 12 былғары қолғап шеберлері жолдама алды.
Ерлер құрамасынан:
1. Санжар Тәшкенбай (50 кг)
2. Махмұд Сабырхан (55 кг)
3. Сабыржан Аққалықов (75 кг)
4. Нұрбек Оралбай (80 кг)
5. Бекзад Нұрдәулетов (85 кг)
6. Айбек Оралбай (+90 кг)
Әйелдер құрамасынан:
1. Назым Қызайбай (48 кг)
2. Алуа Балқыбекова (51 кг)
3. Виктория Графеева (60 кг)
4. Наталья Богданова (70 кг)
5. Надежда Рябец (75 кг)
6. Елдана Тәліпова (+80 кг)
Айта кетейік, финалдық бәсекелер 14:00 және 19:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.













