Әлем кубогінің үшінші жарыс күніндегі нәтижелер

Әлем кубогінің үшінші жарыс күніндегі нәтижелер
Астанада World Boxing ұйымдастыруымен Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгін ел намысын 9 спортшы қорғады.
Ең алғашқы болып шаршы алаңғы Назым Қызайбай шықты. Назым әлем кубогінде екінші жекпе-жегін өзбекстандық 2024 жылғы Азия чемпионы Фарзона Фозиловаға қарсы өткізді. Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай жеңіске жетті. Сонымен қатар 51 келіде Алуа Балқыбекова да АҚШ боксшысынан айласын асырып, келесі кезеңге өтті.
Еліміздің атынан үшінші болып шаршы алаңға көтерілген Гүлсая Ержан (80кг) екі дүркін Азия чемпионы үндістандық Пужа Раниға жол берді.
Ерлерден күндізгі сессияда Санжар Тәшкенбай жұдырықтасты. Санжар Тәшкенбай жапониялық Шодай Котоны үш раунд бойы қысымға алып, нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды. Бекзат Нұрдәулетов те ұлыбританиялық Лачлон Лаусоны 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Кешкі сессияда Виктория Графеева алғашқы раундта нокдаунға түскенімен, қалған екі раундта қарсыласынан басым түсті. Әлем чемпионы Аида Әбікеева 2024 жылғы Әлем кубогінің жеңімпазы Дионе Бурманды тағынан тайдырды.
Ертуған Зейнуллинов, Сағындық Тоғамбай да қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға бір қадам жақындады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.













