Қазақстандық Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарды
Қазақстандық Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарды
Надежда Рябец 75 келіде байырғы қарсыласы Вивиана Дос Сантос Перейрамен жекпе-жек өткізді. Қос боксшы ару бұған дейін 2021 жылы “Странджа” турнирінде жұдырықтасқан.
Осымен Надежда екінші рет бразиялық Вивиана Дос Сантос Перейрадан басым түсті.
Бразилиялық боксшы отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмады. Есеп 4:1
01 July, 2025
57
Нұрбек Оралбай келесі кезеңге жолдама алды
Нұрбек Оралбай келесі кезеңге жолдама алды
80 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай әлем кубогіндегі бірінші жекпе-жегін өткізді. Ол әзербайжандық Еуропа ойындарының қола жүлдегері Мурад Аллахвердиевті қолғап түйістірді.
Жекпе-жек нәтижесі бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының 1/4 финалында жолыққан.
Сол кезде де нәтиже біздің боксшының пайдасына шешілген еді.
01 July, 2025
44
Қарсыласын нокдаунға түсірген Махмұд Сабырхан айқын жеңіске жетті
Қарсыласын нокдаунға түсірген Махмұд Сабырхан айқын жеңіске жетті
Ерлер арасында 55 келіде Махмұд Сабырхан ел намысын абыроймен қорғап, әлем кубогінің келесі кезеңіне өтті.
Жерлесіміз Оңтүстік Кореялық Шин Джиёнды екінші раундтта нокдаунға түсіріп, сенімді түрде ұтты. Осылайша Махмұд жарысты жалғастыру құқығына ие болды.
Ал Оңтүстік Кореялық үшін жарыс аяқталды.
01 July, 2025
30
Әнел Сақыш өзбек боксшысына есе жіберді
Әнел Сақыш өзбек боксшысына есе жіберді
Әнел Сақыш әлем кубогіндегі екінші жекпе-жегінде өзбек қызына жол берді. Айта кетейік, Феруза Казакова 2024 жылғы Азия чемпионы.
Осымен екінші отандасымыз әлем кубогін аяқтады.
Бұған дейін ерлер арасынан 70 келіде Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалған еді.
01 July, 2025
19
Наталья Богданова Азия чемпионатының жүлдегері Санама Чануды жарыс жолынан ығыстырды
Наталья Богданова Азия чемпионатының жүлдегері Санама Чануды жарыс жолынан ығыстырды
70 келіде сынға түскен Наталья Богданова әлем кубогін сәтті бастады.
Үш раундттың қортындысы бойынша Наталья үндістандық Санама Чануды басым түсті. Айта кетейік, Санама Чану жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Наталья келесі кезеңде бразилиялық Панамерика ойындарының чемпионы Мария Дос Сантос Варвара жекпе-жек өткізеді.
30 June, 2025
21
Виктория Графеева әлем кубогін сәтті бастады
Виктория Графеева әлем кубогін сәтті бастады
Виктория Графеева әлем кубогіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жерлесіміз жапон елінің өкілі Аяка Тагучиді жарыс жолынан шығарды.
Виктория ширек финалда Еуропа ойындарының қола жүлдегері Түрік қызы Өзер Гиземмен жекпе-жекке шығады.
30 June, 2025
14
Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды
Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды
Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда қырғызстандық Алмаз Оразбековке қарсы жекпе-жек өткізді.
Отандасымыз алғашқы екі раундтың қортындысы бойынша жеңіске жеткен еді.
Алайда үшінші раундта Абылайхан Жүсіповтың қабағындағы жарақаты сыр беріп, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді.
Кейін төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен қырғызстандық Алмаз Оразбеков келесі айналымға шықты.
Ал Абылайхан Жүсіпов үшін әлем кубогі аяқталды.
30 June, 2025
21
Әнел Сақыш айқын басымдықпен жеңіске жетті
Әнел Сақыш айқын басымдықпен жеңіске жетті
54 келіде ел намысын қорғаған Әнел Сақыш алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді.
Оның келесі қарсыласы өзбек қызы 2024 жылы Азия чемпионы Феруза Казакова.
30 June, 2025
17
Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай жеңіске жетті.
Назым 48 келі салмақта бірінші жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша Назым Қызайбай келесі кезеңге жолдама алды.
Оның келесі қарсыласы өзбекстандық Азия чемпионы Фарзона Файзолова.
30 June, 2025
23
Астанада бокстан Әлем кубогі жалауын көтерді
Астанада бокстан Әлем кубогі жалауын көтерді
Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогі өз шымылдығын түрді. Бұл дүбірлі дода елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысты World Boxing ұйымы өткізуде.
Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп сөз сөйледі.
“Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спорт – елдерді біріктіретін алтын көпір деген. Бұндай ауқымды іс шара бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға арналған басты бағдарлардың бірі. Барша спортшыларға сәтттілік пен жеңіс тілеймін! – деді Ербол Мырзабосынов өз құттықтауында.
Федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп:
“Сіздерді бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы байрақты бәсеке – Әлем кубогінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мұндай ауқымды турнирдің елімізде өтуі – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Әлем кубогі – спортшылар үшін халықаралық аренада танылуға үлкен мүмкіндік. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді.
30 June, 2025
40
Бразилия елінің боксшылары Астана төрінде
Бразилия елінің боксшылары Астана төрінде
Бас қалаға Бразилия мемлекетінің боксшылар келіп жетті.
Бразилияның ерлер командасында Панамерика ойындарының күміс жүлдегері Майкл Триндад 55 келіде өнер көрсетеді.
Әйелдер сапында 2 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Беатрис Феррейра бар. Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Парижде қола медальға қол жеткізген. Әлем чемпионатында 2 рет топ жарған. Сонымен қатар 51 келіде 2024 жылы Панамерика ойындарының жеңімпазы Каролин Алмейда да қатысады.
Екі күннен кейін Астанада дүрбірлі дода жалауын көтереді. Аталмыш бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы бақ сынайды.