WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Астанада бокстан Әлем кубогі жалауын көтерді



Астанада бокстан Әлем кубогі жалауын көтерді

Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогі өз шымылдығын түрді. Бұл дүбірлі дода елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысты World Boxing ұйымы өткізуде.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп сөз сөйледі.

“Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спорт – елдерді біріктіретін алтын көпір деген. Бұндай ауқымды іс шара бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға арналған басты бағдарлардың бірі. Барша спортшыларға сәтттілік пен жеңіс тілеймін!  – деді Ербол Мырзабосынов өз құттықтауында.

Федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп:

“Сіздерді бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы байрақты бәсеке – Әлем кубогінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мұндай ауқымды турнирдің елімізде өтуі – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Әлем кубогі – спортшылар үшін халықаралық аренада танылуға үлкен мүмкіндік. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді.

30 June, 2025
39

Бразилия елінің боксшылары Астана төрінде



Бразилия елінің боксшылары Астана төрінде

Бас қалаға Бразилия мемлекетінің боксшылар келіп жетті.

Бразилияның ерлер командасында Панамерика ойындарының күміс жүлдегері Майкл Триндад 55 келіде өнер көрсетеді.

Әйелдер сапында 2 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері  Беатрис Феррейра бар. Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Парижде қола медальға қол жеткізген. Әлем чемпионатында 2 рет топ жарған. Сонымен қатар 51 келіде 2024 жылы  Панамерика ойындарының жеңімпазы Каролин Алмейда да қатысады.

Екі күннен кейін Астанада дүрбірлі дода жалауын көтереді. Аталмыш бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы бақ сынайды.

28 June, 2025
22

Өзбекстан мемлекетінің боксшылары Астанаға келеді



Өзбекстан мемлекетінің боксшылары Астанаға келеді

Әлем кубогінде Өзбекстан мемлекетінің намысын қорғайтын әйелдер құрамасы Астанаға келді.

Олардың сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азиза Якубова, Жасмин Такирова, Азиза Закирова сияқты бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегер боксшылары бар.

Естеріңізге салсақ, бокстан әлем кубогі 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

28 June, 2025
21

Түркия елінің былғары қолғап шеберлері Астанада



Әлем кубогіне қатысатын Түркия мемлекетінің былғары қолғап шеберлері Астанаға келді

World Boxing ұйымдастыруымен өткелі жатқан айтулы додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Олардың қатарында Олимпиада, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаз, жүлдегер спортшылары бар.

28 June, 2025
13

Астанаға Қытай Тайпей құрамасының боксшылары келді



Астанада өтетін Әлем кубогіне қатысу үшін Қытай Тайпей құрамасының боксшылары елордаға келді.

Команда сапында үш бірдей Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, сондай-ақ Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.

Ерлер құрамында 2022 жылғы Азия ойындарының финалына дейін жетіп, алтынға бір табан қалғанда сүрінген Кан Чиа-Уэй 70 келі салмақта бақ сынайды.

Әйелдер сапында да бірқатар танымал спортшылар бар. 
Олар:
    •    Хуанг Сяо-Вэнь – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Әлем чемпионы. Сонымен қатар Азия чемпионатында екі қола, бір күміс медаль жеңіп алған.
    •    У Ши-И – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.
    •    Чэнь Нянь-Чэнь – 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген.
Бұған қоса Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.

Айтулы дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді

28 June, 2025
17

Бекнұр Қалиұлы бастаған Моңғолия елінің боксшылары Астанаға ат басын бұрды



Әуесқой бокстан әлем кубогінде бақ сынайтын Моңғолия елінің боксшылары Астанаға келді

Моңғолия боксшыларының қатарында қандасымыз  Бекнұр Қалиұлы бар. Ол аса ауыр салмақта Моңғолия намысын қорғайды.

Бекнұр Қалиұлы 2024 жылы Азия чемпионатында қола, әлем кубогінде күміс жүлдеге ие болған.

Сонымен қатар әйелдер сапында әлем чемпионатының қола жүлдегері Энхжаргал Мөнгөнцэцэг бар.

Айта кетейік, World Boxing ұйымдастыруымен әлем кубогі елімізде бірінші рет өткелі жатыр.

Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

27 June, 2025
18

Астанаға Оңтүстік Кореяның былғары қолғап шеберлері келді



Еліміздің бас қаласына бокстан әлем кубогіне қатысатын Оңтүстік Корея боксшылары келді.

Оңтүстік Корея құрамында Олимпиада және Азия чемпионаттарының жүлдегер боксшылары бар.
Атап айтқанда, ерлер сапында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Сунчул Хан, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы О Ёнджи.

Әйелдер командасында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Эйджи Им (50кг) Оңтүстік Корея намысын қорғайды.

Бұдан бөлек, АҚШ, Канада, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзарбайжан, Австралия, Германия тағы басқа мемлекеттің боксшылары Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

29 маусымға дейін барлық мемлекеттің спортшылары Астанаға жиналады.

Тартысты дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

Елімізде өтетін бұл бәсеке әлем кубогінің үшінші кезеңі болмақ.  Бұған дейінгі кезеңдер Польша мен Бразилияда өткен.

26 June, 2025
13

Ұлыбритания елінің боксшылары Астанаға келді

Астанадағы әлем кубогіне қатысатын 
Ұлыбритания елінің былғары қолғап шеберлері Елордаға келіп жетті.

Ерлер сапында осы жылдың басында Бразилияда өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері Исаак Окох, әйелдер құрамасында 2024 жылғы әлем кубогінің жеңімпазы Патрис Мугалзай бар.

Бұдан өзге АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Германия, Словакия, Швеция және Сербия мемлекетінің боксшылары Астанаға келген еді. Олар әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

World boxing ұйымдастыруымен өткелі жатқан додаға 30 мемлекеттің боксшылар бақ сынайды.
Байрақты бәсеке 30 маусым мен 6 шілде аралағында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

24 June, 2025
14

Әлем кубогіне қатысатын Германия құрамасы Астанаға табан тіреді



Әлем кубогіне қатысатын Германия елінің былғары қолғап шеберлері Астанаға табан тіреді

Олар 29 маусымға дейін әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бұған дейін АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Швеция, Аустралия және Сербия елдерінің спортшылары Астанаға келген еді.

Естеріңізге салсақ, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогі өтеді.
Айтулы жарысқа 31 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысады деп жоспарлануда.

23 June, 2025
14

Бауырлас Әзербайжан боксшылары Әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді



World Boxing  ұйымдастыруымен Астанадағы Әлем кубогіне қатысатын командалар елордаға жиналып жатыр.

Аталған байрақты бәсекеде Әзербайжан ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

Әзербайжан сапында бірқатар танымал спортшылар бар. 
Олар: U23 санатында 48 келіде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Турал Сариев, екі 
дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ниджат Гусейнов бар.

Сонымен қатар, әйелдер құрамасы да осал емес. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Марджона Савриева, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Зейнеп Рахимова мен Айнур Микаилова да жарысқа қатысады.

Айта кетейік, Астанада АҚШ, Канада, Франция, Әзербайжан, Финляндия, Швеция, Сербия тағы басқа мемлекеттің боксшылары 29 маусымға дейін соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Дүбірлі дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында бас қаладағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

22 June, 2025
9

Швеция мемлекетінің боксшылары Елордаға келді

30 маусым мен 6 шілде аралығында әлем кубогіне қатысатын Швеция елінің боксшылары Астанаға ат басын бұрды.

Швеция, АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция,  Финляндия, Германия және Словакия тағы басқа мемлекеттің боксшылары 29 маусымға дейін біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 
Бұл байрақты бәсеке алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны болмақ.

Дүбірлі додаға 31 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Әлем кубогі Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

22 June, 2025
13