Бразилия елінің боксшылары Астана төрінде

Бразилия елінің боксшылары Астана төрінде
Бас қалаға Бразилия мемлекетінің боксшылар келіп жетті.
Бразилияның ерлер командасында Панамерика ойындарының күміс жүлдегері Майкл Триндад 55 келіде өнер көрсетеді.
Әйелдер сапында 2 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Беатрис Феррейра бар. Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Парижде қола медальға қол жеткізген. Әлем чемпионатында 2 рет топ жарған. Сонымен қатар 51 келіде 2024 жылы Панамерика ойындарының жеңімпазы Каролин Алмейда да қатысады.
Екі күннен кейін Астанада дүрбірлі дода жалауын көтереді. Аталмыш бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы бақ сынайды.













