WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Астанаға әлем кубогына қатысатын Франция және Сербия елінің боксшылары келді

Астанаға әлем кубогына қатысатын Франция және Сербия елінің боксшылары келді

World boxing ұйымының ұйымдастыруымен әуесқой бокстан Астанада өтетін әлем кубогына қатысатын Франция және Сербия елінің боксшылары елордаға келді.

Франция құрамасының сапында әлем чемпионатының қола медаль иегерлері Сохеб Буафиа мен қыздардан Васили Лкадири бар.
Француздық боксшылар Астанада 17-29 маусым аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл әлем кубогы алдындағы маңызды дайындықтың бірі бөлігі болмақ.

Бұған дейін әлем кубогына қатысатын АҚШ, Канада елдерінің спортшылары келген еді.

Естеріңізге салсақ, Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында әлем кубогы өтеді.

18 June, 2025
25

Астанаға АҚШ және Канада құрамасының боксшылары келді

Астанаға әлем кубогына қатысатын АҚШ және Канада құрамасының боксшылар келді.

Бокстан 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада өтетін әлем кубогына қатысатын АҚШ және Канада құрамасы елордаға келді.

АҚШ құрамасының қатарында 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонсалес, сондай-ақ әйелдер құрамасынан 2023 жылғы Панамерика ойындарының жүлдегерлері Джениффер Лозана мен Жахайра Гонсалес бар.

АҚШ, Канада мемлекетінің боксшылары 17-29 маусым аралығында Астанада бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл оқу-жаттығу жиынынан бұдан өзге Бразилия, Аустралия, Ирландия, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Германия, Словакия, Швеция  елінің боксшылары қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, елімізде өтетін байрақты бәсекеге 32 елден 300 боксшы өзара мықтыны анықтайды.

16 June, 2025
26

Қазақстан құрамасы Таиландқа аттанды

24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангкокта “Таиланд Оупен” халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Камбоджа, Қытай, Индонезия, Иордания, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Малайзия, Филиппин, Өзбекстан, Таиланд және тағы басқа елдерден былғары қолғап шеберлері қатысады.

Қазақстан әйелдер құрамасы:

48 келі. Гүлназ Бурибаева
51 келі. Жазира Уракбаева
54 келі. Сымбат Әлиасқар
57 келі. Шахназ Исаева
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Назерке Серік
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
80 келі. Гүлсая Ержан
+80 келі. Елдана Талипова

Ерлер командасы:

50 келі. Нұрзат Оңғаров
55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек
60 келі. Оразбек Асылқұлов
65 келі. Дулат Бекбауов
70 келі. Төрехан Сабырхан
75 келі. Тимур Нұрсейіт
80 келі. Диас Молжігітов
85 келі. Бекзат Таңатар
90 келі. Данияр Рахымбердиев
+90 келі. Даниял Сапарбай

22 May, 2025
38

Бакуде Хейдар Алиев Кубогы аяқталды

Әзірбайжандағы жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге 8 елден 216 боксшы қатысты. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапынан Эмир Мухит 54 келіде жеңімпаз атанды. Күміс жүлдегерлер: 50 келі. Едіге Нұрқожа, 63 келі. Жангелді Алкен, 66 келі. Дарын Тасмухаменов, 70 келі. Темірлан Ералиев. Қола медаль иегерлері: 

48 келі. Әділет Абылайхан, 54 келі. Заңғар Сайлаубек, +80 келі. Еркетаң Жарқынбек

Қыздар арасында 57 келіде өнер көрсеткен Аделаида Садвакасова алтын жүлде тақты. Ал Виктория Бишлер (52 келі) мен Ақерке Сердалы (50 келі) қола медаль иеленді.

22 May, 2025
22

Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті

Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өткізілді. Жиынға Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп және толық басшылық құрам қатысты. Сонымен қатар, ұлттық құрама бапкерлері мен аймақтық бокс федерацияларының басшылары бас қосты.

Шахмұрат Мүтәліп жиынның алғысөзінде: «Біз жаңа Олимпиадалық кезеңге қадам бастық. Қазірден бастап 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындықты жүйелі, әрі белсенді түрде жүргізуіміз қажет.

Ортақ стратегия аясында бірлесіп әрекет ете отырып, елімізді лайықты деңгейде таныстырып, Отандық бокстың халықаралық аренадағы беделін одан әрі арттыра аламыз деп сенемін.

Алдағы уақытта бізді бұрынғыдан жауапкершілігі еш кем емес жыл күтіп тұрғанын атап өткім келеді. Негізгі күш-жігерімізді 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындары дайындығына бағыттауымыз қажет.

Ағымдағы жылдың соңына дейін біз бірқатар маңызды жарыстарды өткізуді және оларға қатысуды жоспарлап отырмыз», - деп жиын қатысушыларына бағытты айқындады.

ҚБФ бас хатшысы Мерей Ақшалов өз баяндамасында 2024 жылға федерация жұмысы бойынша есеп беріп, алдағы жобалар жайында айтып өтті.

«2025 жылдың маңызды оқиғаларының бірі - 2025 жылғы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтетін бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогі. 30-дан аса елден 350-ден аса спортшының қатысуы күтілуде. Қазіргі таңда 23 елден 200 қатысушы алдын ала қатысуын растады», - деді Мерей Төлегенұлы.

Сонымен қатар, бас хатшы 2025 жылдың күзінде аймақтық ерлер және әйелдер командаларының қатысуымен Қазақстан бокс федерациясының Кубогы өтетін хабарлады. Қайта жаңғыртылған жарыстың жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрамақ. Өңірлердегі боксты дамытуға бағытталған жобаға ұлттық құраманың 1-2 нөмірлі боксшылары қатыса алмайды.

«Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап Клубтық чемпионатты өткізу жоспарлануда. Турнир спорттық резервті қалыптастыруға, аймақтарда, әсіресе ауыр және аса ауыр салмақ дәрежелерінде боксты дамытуға бағытталған», деп қорытындылады Ақшалов.

Сонымен қатар, жиында ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, әйелдер құрамасының аға бапкері Марат Қырықбаев, төрешілер алқасының төрағасы Дінмұхамед Абайхан 2024 жылы нәтижесі бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларды айтып өтті.


 

20 May, 2025
40

Қайрат Сәтжанов: Әлем Кубогының алдында Астанада халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткіземіз

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың алдағы дайындығы жайында айтты:

1 мамырдан бері Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Күні кеше 9 спортшыны Қытайдың Құлжа қаласындағы бірлескен дайындыққа жібердік. Ол жерде Қазақстан, Қытай және Өзбекстан боксшылары жаттығады.

26 мамырдан бастап Щучинск қаласында кезекті жиынға кірісеміз. Осы уақытта бір топ боксшы Таиландтағы халықаралық турнирге қатысады. Ал, 5 маусым күні Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары Еуропадағы жарысқа аттанады.

Әлбетте, жақын арадағы негізгі бәсеке – Астанада өтетін әлем кубогы. Бұл турнир алдында елімізде бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Қазіргі уақытта АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Аустралия командалары қатысуын растады.  

Елордадағы жарысқа әлем чемпионатына қатысатын боксшылар келеді деп күтілуде. Сондықтан Астанадағы жекпе жектер аса тартысты болады. Барлық командалар қыркүйекте Ұлыбританияда өтетін әлем чемпионатын басты нысанға алатыны анық.

13 May, 2025
18

"Казцинк" направит более миллиарда тенге на развитие спорта

Одна из крупнейших горно-металлургических компаний страны выделит 1,25 миллиарда тенге на развитие спорта и участие казахстанских атлетов в соревнованиях.

Соответствующий документ был подписан между руководством ТОО "Казцинк" и Национального Олимпийского комитета Казахстана. 

– Развитие физической культуры является неотъемлемой частью социальной политики нашей компании,–  рассказал генеральный директор ТОО "Казцинк" Жанат Жанботин. – Мы активно поддерживаем спортивные инициативы, детско-юношеские спортивные школы, поэтому рады помочь и олимпийскому движению Казахстана. Уверен, это придаст мощный импульс развитию отечественных атлетов.

Средства, выделенные компанией, планируется направить в профильные федерации, в том числе Казахстанской федерации бокса. 

"Развитие спорта невозможно без надежных сильных партнеров, которые разделяют ценности олимпийского движения. Выражаем" Казцинку" благодарность за вклад в поддержку спорта . Уверен, что наше сотрудничество станет примером эффективного партнерства, направленного на достижение общих целей",- прокомментировал президент НОК Казахстана Геннадий Головкин.

04 April, 2025
8

Қазақстан бокс федерациясы Азияның үздігі атанды

 

Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинация жарияланып, оның ішінде Қазақстан 4 аталымда жеңімпаз деп танылды.

Үздік ұлттық федерация - Қазақстан бокс федерациясы
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сағындық Тоғамбай
U22 ерлер арасындвғы үздік боксшы - Темірлан Мұқатаев
Жастар арасындағы үздік боксшы - Төрехан Сабырхан

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

29 December, 2024
545

Жылдың соңғы чемпионаты тәмам

Қарағандыда ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған ел біріншілігінің нәтижесі бойынша командалар жүлделерді төмендегі көрсеткіш бойынша иеленді.

Астана қ. - 5 алтын, 2 қола
Алматы қ. - 3 алтын, 4 күміс, 10 қола
Шымкент қ. - 3 алтын,5 күміс, 2 қола
Қарағанды обл. - 3 алтын, 2 күміс, 5 қола
Ақмола обл. - 3 алтын, 3 қола
Түркістан обл. - 2 алтын, 2 күміс, 5 қола
БҚО - 2 алтын, 1 қола
Қостанай обл. - 1 алтын,1 күміс, 2 қола
Абай обл. - 1 алтын, 2 қола
Алматы обл. - 1 алтын, 2 қола
Қызылорда обл. - 1 алтын, 1 күміс 1 қола
Жамбыл обл. - 3 күміс, 7 қола
Ақтөбе обл. - 2 күміс, 1 қола
Маңғыстау обл. - 1 күміс, 2 қола
Павлодар обл. - 1 күміс, 2 қола
Жетісу обл. - 1 күміс, 1 қола
Атырау обл. - 1 күміс, 1 қола
Ұлытау обл. - 1 күміс
СҚО - 1 қола

 Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

25 December, 2024
512

2027 жылы Астанада әлем чемпионаты өтеді

World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялады.
Бұл әлемдік біріншілік халықаралық жарыс күнтізбесіндегі маңызды оқиға болмақ, себебі турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.
Чемпионаттың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

14 December, 2024
494

Ақтауда жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

  Ақтауда өткен жастар арасындағы (2007-2008 ж.т) Қазақстан чемпионатының жеңімпаз және жүлдегерлері:


46 келі
І. Нұрхан Құмарбеков (Жетісу обл)
ІІ. Ерасыл Маратов (Астана)
ІІІ. Едіге Қартбай (Алматы), Алишер Аривжан (Астана)
48 келі
І. Бексұлтан Хужамжар (Шымкент)
ІІ. Сағындық Есенбек (Астана)
ІІІ. Айдос Усенов (Қостанай обл), Бақдәулет Төлен (Жамбыл обл)
51 келі
І. Досымжан Таңатар (Жамбыл обл)
ІІ. Біржан Нұрымбетов (Шымкент)
ІІІ. Алдияр Искаков (БҚО), Нұрасыл Тілеген (Жамбыл обл)
54 келі
І. Алдияр Бахадүр (Шымкент)
ІІ. Алмаз Нұрлан (Қарағанды обл)
ІІІ. Әли Мұрат (Астана), Нұралы Құрманғазы (Абай обл)
57 келі
І. Нығман Нығмет (Қарағанды обл)
ІІ. Данияр Ақбисенов (Алматы обл)
ІІІ. Мағжан Жақыпбек (Шымкент), Аян Асанов (Алматы)
60 келі
І. Әділет Тортубек (Алматы обл)
ІІ. Ердәулет Сайт (Шымкент)
ІІІ. Ақжүрек Қалабай (Жамбыл обл), Ыдырыс Жандарбекұлы (Алматы)
63.5 келі
І. Мұхит Нұрқабылұлы (Алматы обл)
ІІ. Артур Джарбулов (Атырау)
ІІІ. Алихан Әскер (Алматы), Мағжан Сауытбек (Жетісу обл)
67 келі
І. Сұлтан Тұрдалы (Түркістан обл)
ІІ. Бейбарыс Әшірбай (Жамбыл обл)
ІІІ. Бақдәулет Асқаров (Қарағанды обл), Бейбарыс Тәжібек (Шымкент)
71 келі
І. Бекарыс Нұрмұхан (Маңғыстау обл)
ІІ. Ризат Тұрсынбек (Алматы обл)
ІІІ. Ерлан Дарманқұл (Түркістан обл), Нұрсұлтан Шілдебай (Алматы)
75 келі
І. Жасұлан Бердалы (Шымкент)
ІІ. Игорь Соловьев (Ақтөбе обл)
ІІІ. Жандос Алпысбаев (Атырау обл), Тимур Тайбеков (Қарағанды обл)
80 келі
І. Руслан Динеуов (Ақтөбе обл)
ІІ. Асанали Сартбаев (Қызылорда обл)
ІІІ. Нұрдәулет Оразбай (Жамбыл обл), Самат Айтбай (Шымкент)
86 келі
І. Нұрсұлтан Қыстаубай (Қарағанды обл)
ІІ. Бақытжан Айтмұханов (Маңғыстау обл)
ІІІ. Даниял Райымбеков (Астана), Жалғас Утебеков (Шымкент)
92 келі
І. Расул Асанханов (Қарағанды обл)
ІІ. Аният Тілеужан (Алматы обл)
ІІІ. Мұхамеджан Махметалы (Шымкент), Санжар Сейтхамит (Астана)
+92 келі
І. Бексұлтан Қайратұлы (Қостанай обл)
ІІ. Айдамир Сауытбек (Жамбыл обл)
ІІІ. Владислав Саможонов (Ұлытау обл), Диас Аюпов (Маңғыстау обл)
Үздік боксшы - Бекарыс Нұрмұхан (Маңғыстау облысы)
Жеңіске деген жігері үшін - Данияр Ақбисенов (Алматы облысы)
Үздік төреші - Берік Мырзахметов (Қостанай облысы)
Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жалпыкомандалық есебіндегі ТОП-5:
1. Шымкент қаласы 3 алтын, 2 күміс, 5 қола
2. Қарағанды облысы 3 алтын, 1 күміс, 2 қола
3. Алматы облысы 2 алтын, 3 күміс
4. Жамбыл облысы 1 алтын, 2 күміс, 4 қола
5. Маңғыстау облысы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
1,5Kedited 10:57
 
 
09 December, 2024
1085