WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Мырзағали Айтжановқа құрмет

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

22 August, 2024
1323

Ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

ҚАЙРАТ САТЖАНОВ БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сатжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.
Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.
2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.
2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.
Қайрат Сатжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылуда, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

16 August, 2024
1029

Назым Қызайбай: Үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарын қорытындылап, Olympic.kz сайтына сұхбат берді

Назым Қызайбай 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда болашақ чемпион Ю Вуға есе жіберген болатын. 

"Жартылай финалда жеңілгенде ашуға ерік берген едім. Кеше финалдық жекпе-жекті қараған соң, өзімнің шын мықтыдан ұтылғаныма көз жетті. Мықтыны мойындау керек, қытайлық боксшы бұл салмақтағы ең үздік екенін дәлелдеді. Сондықтан, қола медальді өзім ұзақ күткен Олимпиададан адал еңбекпен алдым деп есептеймін.

Меніңше, дайындық уақыты аз болып қалған сияқты. Лицензияны Азия ойындарында немесе Италиядағы іріктеу турнирінде алғанда, жағдай басқаша болар ма еді?! Таиландтағы іріктеу турнирінен соң толық дайындалуға уақыт аздық етті. Десе де, осы жетістігіммен де мақтанамын. 

Қола жүлдегер атанған соң, жан-жақтан құттықтаулар толассыз келіп жатыр. Өзім тек қана теледидардан көрген Геннадий Головкиннің өзі марапаттап, арнайы құттықтағанда қатты қуанып қалдым. Елге келген соң, өзімнің қандай іс тындырғанымды толық сезінетін шығармын.

Бұл - менің алғашқы Олимпиадам. Жарақатым жоқ, бабымды жоғалтпадым. Сондықтан, бүгін-ертең боксты қойып кетемін деп айта алмаймын. Қазақтан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді. Екі дүркін чемпиондық атақ Серік Сәпиев пен менде бар. Ендігі мақсатым - әлем чемпионатының үшінші алтынын алу", - деді Қызайбай. 

ФОТО: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

11 August, 2024
1109

Нұрбек Оралбай Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері атанды

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы. 

80 келі салмақ дәрежесінде финалда жұдырықтасқан Оралбай украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді. 

Нұрбек Оралбай бокстан ерлер құрамасының сапынан жүлдеге қол жеткізген жалғыз спортшы.

Олимпиаданың алғашқы айналымында Нұрбек Каллум Петерстен (Австралия) 3:2 есебімен басым түсті. Ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевті, жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді, есеп 3:2.

Қазақстан бокс федерациясының

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

Фото: Владислав Семенов

08 August, 2024
1363

Назым Қызайбай - Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері

Былғары қолғап шебері Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. 

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай үшін бұл алғашқы Олимпиада. Назым Париж шаршы алаңында төрт жекпе жек өткізді.

Алғашқы айналымда италиялық Джордана Соррентинодан, 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдадан, ширек финалда колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лоренадан басым түсті.

Қазақстан бокс федерациясының

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Фото: Владислав Семенов

08 August, 2024
1138

Айтеновтер турнирінің қорытындысы

 Қостанайда бокстан Орал және Қорған Айтеновтерді еске алуға арналған XXV халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

2006-2007 жылы туылған жастар арасындағы турнирде жеңімпаз атанған спортшылар:
48 келі. Халиф Бекетов (СҚО)
51 келі. Абдулазиз Абдуназаров (Өзбекстан)
54 келі. Алмас Нұрлан (Қарағанды)
57 келі. Ерхан Оңталапов (Қызылорда)
60 келі. Дамир Мубайлихонов (Тәжікстан)
63.5 келі. Руслан Гафуров (Тәжікстан)
67 келі. Абдулло Тохиров (Өзбекстан)
71 келі. Бекжан Тілебалды (Алматы облысы)
75 келі. Арыстан Нұрмағамбет (Павлодар)
80 келі. Ильяс Жандау (Қостанай)
86 келі. Азим Чойбеков (Қырғызстан)
92 келі. Аслан Елдібайұлы (Қызылорда)
+92 келі. Идрис Ильназаров (Тәжікстан)  

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

22 July, 2024
1508

Қазақстан құрамасы Олимпиадаға аттанды ФОТО

 Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды! Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта: он олимпиадалық үміт, бапкелер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

21 July, 2024
1413

Әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынына кірісті

 Әйелдер құрамасы Олимпиада Ойындарына дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Алматы облысындағы бұл кезеңде бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда. Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова. Тағы бір айта кетерлік жәйт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады. Спарринг серіктестер: 50 келі. Гүлнар Тұрапбай 57 келі. Жайна Шекербекова 75 келі. Жасмин Қизатова Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

13 July, 2024
1358

Дінмұхамед Қонаев турнирі өз мәресіне жетті

  Саяси қайраткер, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған ашық республикалық турнирінің жеңімпаз және жүлдегерлері:

35 келі 1. Досымбеков Абылай (Алматы қ.) 2. Елеусін Нұржасар (Атырау обл.) 3. Руслан Қайырбек (Жетісу обл.) Салават Адил (Алматы қ.)

37 келі 1. Қайранбай Аслан (Алматы қ.) 2. Сайлау Нұрислам (Түркістан обл.) 3. Жандосұлы Аян (Түркістан обл.) Қайырғазы Нұртас (Абай обл.)

40 келі 1. Уразбай Бекжан (Аытрау обл.) 2. Сиперов Сухраб (Алматы қ.) 3. Алібек Рамазан (БҚО) Үсенхан Ансар (Түркітсан обл.)

43 келі 1. Нұрмахан Жұмағали (Түркітсан обл.) 2. Сапархан Рүстем (Түркістан обл.) 3. Мусутов Амир (Алматы қ.) Ғалым Н (Шымкент қ.)

46 келі 1. Мухит Имир (Алматы қ.) 2. Құралбай Анарбек (Алматы обл.) 3. Төлегенов Мерей (Абай обл.) Налетов Александр (СҚО)

49 келі 1. Апаз Жалғас (Түркістан обл.) 2. Асқаров Алихан (Жетісу обл.) 3. Аманқұл Н (Шымкент қ.) Ержанов Мұхамеджан (Абай обл.)

52 келі 1. Сулейман-оглы Ислам (Жамбыл обл.) 2. Ходжибаев Арыстан (Жамбыл обл.) 3. Әмен Темірлан (Қарағанды обл.) Мусатев Айталап (Қарағанды обл.)

55 келі 1. Жақсылық Абдімансұр (Жамбыл обл.) 2. Абуталипов Қайсар (Астана қ.) 3. Малибек Бауыржан (Алматы қ.) Иманжанов Илхан (Алматы обл.)

58 келі 1. Жүніс Мейіржан (Жамбыл обл.) 2. Сахи Рахымжан (Алматы обл.) 3. Иманбаев Нұралы (Қарағанды обл.) Мамыр Диас (Алматы қ.)

61 келі 1. Алиев Алиимран (Жамбыл обл.) 2. Шаншархан Дінмұхамед (Алматы обл.) 3. Қасымов Дидар (Қарағанды обл.) Тұрсыналы Диас (Жамбыл обл.)

64 келі 1. Қанатбай Төрехан Қарағанды обл 2. Мұратхан Абдур-рахман Абай обл 3. Амантай Бекзат Маңғыстау обл Мусин Мансұр ШҚО

67 келі 1. Оразалы Нұрасыл Жамбыл обл 2. Жақсылық Бауржан Астана қ 3. Мақсатұлы Аслан Павлодар обл Алпамыс Әлібек Алматы қ

70 келі 1. Амантай Мансұр Атырау обл 2. Көпжүрсін Санжар Алматы обл 3. Воробьев Виктор ШҚО

+70 келі 1. Мүсірәлі Жәдігер Түркістан обл 2. Кемелхан Нұрсұлтан Алматы қ 3. Болатжан Манас Алматы қ Шоқан Ұлан Маңғыстау обл

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

10 July, 2024
1197

Ділдәбеков турнирі: Қазақстан боксшылары үстемдік танытты

Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыстың жеңімпаз және жүлдегерлері: 48 келі: І. Диас Берікбай ІІ. Алмас Хинекин ІІІ. Тасжан Алдияр ІІІ. Ербол Абдраимов 51 келі: І. Бексұлтан Боранбек ІІ. Азамат Жұмабек ІІІ. Хасан Хошимов (Тәжікстан) III. Юасур Таалайбек уулу (Қырғыстан) 54 келі: І. Әділбек Қожахан ІІ. Нұрислам Бекен ІІІ. Мағжан Жақыпбек ІІІ. Аслиддин Рузимуродов (Өзбекстан) 57 келі: І. Жансері Көшербаев ІІ. Бауыржан Муратов ІІІ. Ерлан Ергешов (Қырғызстан) ІІІ. Ерасыл Аманғалиев 60 келі: І. Алексей Хаванцев ІІ. Абубакир Махамбет ІІІ. Диас Ошақбай ІІІ. Алихан Мейрамбеков (Қырғызстан) 63,5 келі: І. Малик Сугайпов (Ресей) ІІ. Ахмет Үсен ІІІ. Ғалымжан Ермекбаев ІІІ. Саят Құрбанәлі 67 келі: І. Төрехан Сабырхан ІІ. Диас Серікұлы ІІІ. Билал Дакаев (Ресей) ІІІ. Жәңгір Алдаберген 71 келі: І. Өнер Сейілхан ІІ. Хамзат Тимханов (Ресей) ІІІ. Нұрсұлтан Шілдебай ІІІ. Игорь Соловьев 75 келі: І. Санжарали Бегалиев ІІ. Жасұлан Бердалы ІІІ. Нұрбол Мұхамедали ІІІ. Руслан Кадиров 80 келі: І. Дамир Синеев ІІ. Дәулет Күмісбаев ІІІ. Арман Ката ІІІ. Аңсар Бейсов
86 келі: І. Иманғали Нұрпейісов ІІ. Имран Динишев ІІІ. Эргашев Шерзодбек (Өзбекстан) 92 келі: І. Расул Асанханов ІІ. Даниял Райымбеков ІІІ. Ридбанов Ильяс (Қырғызстан) ІІІ. Дәулет Даниял +92 келі: І. Нұркелді Жұматай ІІ. Нұрасыл Думанов ІІІ. Ділшад Ахмедалиев ІІІ. Кошалиев Мирзакир (Қырғызстан)

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

28 June, 2024
1352

Мұхтархан Ділдәбеков турнирі басталды

Түркістан облысы Төле би ауданында орналасқан “Алматау” спорттық базасында бокстан Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының  күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері, ҚР бокс федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнир басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар арнайы келді. Соның ішінде Қазақстан боксының жарқын жұлдыздары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Біржан Жақыпов, Тұрсынғали Еділов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты. Сонымен қатар, Мұхтархан Ділдібековтың бұрынғы қарсыласы Алексис Рубалькаба арнайы Кубадан келді.
Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп: “Қазақта нар тұлғалы батыр деген түсінік бар. Дәл осы сипатқа Мұхтархан Қобыланбекұлы сай келеді. Сіз отандық бокстың дамуына спортшы ретінде де, қазіргі уақытта федерация вице-президенті ретінде де өлшеусіз үлес қосып келесіз”, - деді.
Турнирдің ашылу рәсімінде құрметті қонақтарға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Белгілі бапкер Тұрсынғали Еділов жас спортшыларға батасын берді.
Халықаралық турнирге 7 мемлекеттен 118 боксшы қатысуда. Қазақстан командасы бірнеше құраммен қатысуда, соның ішінде бірінші нөмірлі боксшылар да, Азия және әлем чемпиондары бар. Бапкерлік кеңес осы турнирде күзде өтетін әлем чемпионатына құрамды жасақтайды. Ал, жарыс жеңімпаздары 28 маусым күні анықталады.
Турнирдің ұйымдастырушылары: Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бокс федерациялары және Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
24 June, 2024
1158