WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Дінмұхамед Қонаев турнирі өз мәресіне жетті

  Саяси қайраткер, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған ашық республикалық турнирінің жеңімпаз және жүлдегерлері:

35 келі 1. Досымбеков Абылай (Алматы қ.) 2. Елеусін Нұржасар (Атырау обл.) 3. Руслан Қайырбек (Жетісу обл.) Салават Адил (Алматы қ.)

37 келі 1. Қайранбай Аслан (Алматы қ.) 2. Сайлау Нұрислам (Түркістан обл.) 3. Жандосұлы Аян (Түркістан обл.) Қайырғазы Нұртас (Абай обл.)

40 келі 1. Уразбай Бекжан (Аытрау обл.) 2. Сиперов Сухраб (Алматы қ.) 3. Алібек Рамазан (БҚО) Үсенхан Ансар (Түркітсан обл.)

43 келі 1. Нұрмахан Жұмағали (Түркітсан обл.) 2. Сапархан Рүстем (Түркістан обл.) 3. Мусутов Амир (Алматы қ.) Ғалым Н (Шымкент қ.)

46 келі 1. Мухит Имир (Алматы қ.) 2. Құралбай Анарбек (Алматы обл.) 3. Төлегенов Мерей (Абай обл.) Налетов Александр (СҚО)

49 келі 1. Апаз Жалғас (Түркістан обл.) 2. Асқаров Алихан (Жетісу обл.) 3. Аманқұл Н (Шымкент қ.) Ержанов Мұхамеджан (Абай обл.)

52 келі 1. Сулейман-оглы Ислам (Жамбыл обл.) 2. Ходжибаев Арыстан (Жамбыл обл.) 3. Әмен Темірлан (Қарағанды обл.) Мусатев Айталап (Қарағанды обл.)

55 келі 1. Жақсылық Абдімансұр (Жамбыл обл.) 2. Абуталипов Қайсар (Астана қ.) 3. Малибек Бауыржан (Алматы қ.) Иманжанов Илхан (Алматы обл.)

58 келі 1. Жүніс Мейіржан (Жамбыл обл.) 2. Сахи Рахымжан (Алматы обл.) 3. Иманбаев Нұралы (Қарағанды обл.) Мамыр Диас (Алматы қ.)

61 келі 1. Алиев Алиимран (Жамбыл обл.) 2. Шаншархан Дінмұхамед (Алматы обл.) 3. Қасымов Дидар (Қарағанды обл.) Тұрсыналы Диас (Жамбыл обл.)

64 келі 1. Қанатбай Төрехан Қарағанды обл 2. Мұратхан Абдур-рахман Абай обл 3. Амантай Бекзат Маңғыстау обл Мусин Мансұр ШҚО

67 келі 1. Оразалы Нұрасыл Жамбыл обл 2. Жақсылық Бауржан Астана қ 3. Мақсатұлы Аслан Павлодар обл Алпамыс Әлібек Алматы қ

70 келі 1. Амантай Мансұр Атырау обл 2. Көпжүрсін Санжар Алматы обл 3. Воробьев Виктор ШҚО

+70 келі 1. Мүсірәлі Жәдігер Түркістан обл 2. Кемелхан Нұрсұлтан Алматы қ 3. Болатжан Манас Алматы қ Шоқан Ұлан Маңғыстау обл

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

10 July, 2024
1197

Ділдәбеков турнирі: Қазақстан боксшылары үстемдік танытты

Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыстың жеңімпаз және жүлдегерлері: 48 келі: І. Диас Берікбай ІІ. Алмас Хинекин ІІІ. Тасжан Алдияр ІІІ. Ербол Абдраимов 51 келі: І. Бексұлтан Боранбек ІІ. Азамат Жұмабек ІІІ. Хасан Хошимов (Тәжікстан) III. Юасур Таалайбек уулу (Қырғыстан) 54 келі: І. Әділбек Қожахан ІІ. Нұрислам Бекен ІІІ. Мағжан Жақыпбек ІІІ. Аслиддин Рузимуродов (Өзбекстан) 57 келі: І. Жансері Көшербаев ІІ. Бауыржан Муратов ІІІ. Ерлан Ергешов (Қырғызстан) ІІІ. Ерасыл Аманғалиев 60 келі: І. Алексей Хаванцев ІІ. Абубакир Махамбет ІІІ. Диас Ошақбай ІІІ. Алихан Мейрамбеков (Қырғызстан) 63,5 келі: І. Малик Сугайпов (Ресей) ІІ. Ахмет Үсен ІІІ. Ғалымжан Ермекбаев ІІІ. Саят Құрбанәлі 67 келі: І. Төрехан Сабырхан ІІ. Диас Серікұлы ІІІ. Билал Дакаев (Ресей) ІІІ. Жәңгір Алдаберген 71 келі: І. Өнер Сейілхан ІІ. Хамзат Тимханов (Ресей) ІІІ. Нұрсұлтан Шілдебай ІІІ. Игорь Соловьев 75 келі: І. Санжарали Бегалиев ІІ. Жасұлан Бердалы ІІІ. Нұрбол Мұхамедали ІІІ. Руслан Кадиров 80 келі: І. Дамир Синеев ІІ. Дәулет Күмісбаев ІІІ. Арман Ката ІІІ. Аңсар Бейсов
86 келі: І. Иманғали Нұрпейісов ІІ. Имран Динишев ІІІ. Эргашев Шерзодбек (Өзбекстан) 92 келі: І. Расул Асанханов ІІ. Даниял Райымбеков ІІІ. Ридбанов Ильяс (Қырғызстан) ІІІ. Дәулет Даниял +92 келі: І. Нұркелді Жұматай ІІ. Нұрасыл Думанов ІІІ. Ділшад Ахмедалиев ІІІ. Кошалиев Мирзакир (Қырғызстан)

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

28 June, 2024
1352

Мұхтархан Ділдәбеков турнирі басталды

Түркістан облысы Төле би ауданында орналасқан “Алматау” спорттық базасында бокстан Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының  күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері, ҚР бокс федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнир басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар арнайы келді. Соның ішінде Қазақстан боксының жарқын жұлдыздары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Біржан Жақыпов, Тұрсынғали Еділов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты. Сонымен қатар, Мұхтархан Ділдібековтың бұрынғы қарсыласы Алексис Рубалькаба арнайы Кубадан келді.
Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп: “Қазақта нар тұлғалы батыр деген түсінік бар. Дәл осы сипатқа Мұхтархан Қобыланбекұлы сай келеді. Сіз отандық бокстың дамуына спортшы ретінде де, қазіргі уақытта федерация вице-президенті ретінде де өлшеусіз үлес қосып келесіз”, - деді.
Турнирдің ашылу рәсімінде құрметті қонақтарға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Белгілі бапкер Тұрсынғали Еділов жас спортшыларға батасын берді.
Халықаралық турнирге 7 мемлекеттен 118 боксшы қатысуда. Қазақстан командасы бірнеше құраммен қатысуда, соның ішінде бірінші нөмірлі боксшылар да, Азия және әлем чемпиондары бар. Бапкерлік кеңес осы турнирде күзде өтетін әлем чемпионатына құрамды жасақтайды. Ал, жарыс жеңімпаздары 28 маусым күні анықталады.
Турнирдің ұйымдастырушылары: Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бокс федерациялары және Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
24 June, 2024
1158

Жасөспірімдер құрамасы қос ірі жарысқа дайындығын аяқтады

Қазақстан жасөспірімдердер құрамасы Алматы облысы Жанашар ауылындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
Аға бапкер Мақсат Оспановтың жетекшілігімен 45 спортшы алдағы кешенді жарыстарға дайындығын пысықтады. 21 маусым күні 12 спортшы Якутск қаласында өтетін (Ресей) "Дети Азии" халықаралық ойындарына аттанады. 22 маусым 13 боксшы Мәскеудегі Әскери Ойындарына жолға шығады.
"Дети Азии" аясындағы бокс жарысы 30 маусым басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Бапкерлік кеңес қос турнирде де командалық бірінші орын алуды көздеп отыр.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

20 June, 2024
1471

Жастар құрамасы Түркістан облысында жаттығуда

Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысында орналасқан “Алматау” спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

9-23 маусым аралығындағы жиын - Шымкентте өтетін Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге дайындық. 24-28 маусым күндері ұйымдастырылатын жарысқа жеті мемлекет қатысады деп күтілуде.

Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен бірге Гүржістан боксшылары да қатысуда. Сонымен қатар, бапкерлік кеңес Астанада өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде өзгерістер енгізуді көздеуде. Сондықтан Шымкенттегі жарыста өнер көрсететін боксшылар жіті бақыланады, нәтижесінде күзде өтетін әлем чемпионатына жаңа құрам жасақталады.

Бапкерлердің айтуынша, жастар далада таспен жұмыс істейді, жаттығудың бұл түрі спортшының төзімділігін арттыруға бағытталған. Бұл жұмысты 14 күндік оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше рет өткізу жоспарланған. Басқа күндері боксшылар жаттығу залында және бокс залында шынығады. Айналмалы жаттығу өткізіп, тауға да шығады.

15 June, 2024
1263

Жастар құрамасы Түркістан облысында

Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысында орналасқан “Алматау” спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

 9-23 маусым аралығындағы жиын - Шымкентте өтетін Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге дайындық. 24-28 маусым күндері ұйымдастырылатын жарысқа жеті мемлекет қатысады деп күтілуде. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен бірге Гүржістан боксшылары да қатысуда. Сонымен қатар, бапкерлік кеңес Астанада өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде өзгерістер енгізуді көздеуде. Сондықтан Шымкенттегі жарыста өнер көрсететін боксшыларды жіті бақылайды. Суретте: жастар далада таспен жұмыс істеуде. Жаттығудың бұл түрі спортшының төзімділігін арттыруға бағытталған. Бұл жұмысты 14 күндік оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше рет өткізу жоспарланған. Басқа күндері боксшылар жаттығу залында және бокс залында шынығады. Айналмалы жаттығу өткізіп, тауға да шығады.

15 June, 2024
1066

Ұлттық құрама Түркиядан оралды

 Ерлер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

Бас команда күнтізбелік жоспар бойынша кеңейтілген құрамда Анталияда (Түркия) бір апта өткізді. Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл - соның алғашқысы.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

09 June, 2024
719

Әйелдер құрамасы Таиландқа жол тартты

 Қазақстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирге бағытталған екі кезеңдік оқу-жаттығу жиынынан өтті. Алматы облысындағы қос олимпиадалық базада тыңғылықты дайындық жүргізілді. Турнирге қатысатын әр салмақ дәрежесінде Таиландқа аттанатын спортшыларға қосымша төрт боксшыдан қолғабыс етті. Дәл осы оқу-жаттығу жиындары Елдос Сайдалин үшін ұлттық құраманың бас бапкері қызметінде алғашқы қадам жасаған кезі. Сонымен қатар, әйелдер командасының жаттығу процессінде физикалық дамуға арналған бөлім болды.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

21 May, 2024
496

Elorda Cup: 14 қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды

 12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды. 6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар: Ерлер: Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола Қытай — 1 алтын, 1 күміс Әйелдер: Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола Қытай — 4 алтын, 1 қола Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола Чемпион атанған жерлестеріміз: 51 келі. Сәкен Бибосынов 54 келі. Карим Серкебаев 57 келі. Махмұд Сабырхан 60 келі. Талғат Сырымбетов 67 келі. Нұрбек Мурсал 75 келі. Тимур Нұрсейітов 86 келі. Нұрбек Оралбай 92 келі. Сағындық Тоғамбай +92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев 57 келі. Карина Ибрагимова 60 келі. Виктория Графеева 63 келі. Аида Әбікеева 70 келі. Мадина Нұрышева +81 келі. Елдана Талипова ҮЗДІК БОКСШЫЛАР: +92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев 54 келі. Юан Чанг 155 жекпе-жек өткізіліп, 13 айқас техникалық нокаутпен аяқталды. 4 кездесуде нокаут тіркелді. Олимпиада жолдамасының иегерлері Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай жаңа салмақта өнер көрсетті. 10 Әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты. Жеңімпаздарға (1-орынға — 700 доллар, 2-орынға — 400 доллар, 3-орынға — 200 доллар) сыйақы берілді.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

18 May, 2024
640

Астанада Elorda Cup халықаралық турнирі басталады

 Бокстан Астана қаласында дәстүрге айналған «Elorda Cup» халықаралық турнирі кезекті мәрте жалауын желбіретеді. 


Байрақты бокс бәсекесі «Beeline Arena» спорт кешенінде 13-18 мамыр күндері аралығында өтеді. Ел астанасында ұйымдастырылатын жарысқа Әлем чемпиондары және Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев қатысуымен жалпы саны 177 боксшы (110 ер, 67 әйел) жүлдеге таласады. 

Айтулы жарысқа Қазақстаннан бөлек, Жапония, Үндістан, Иран, Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері де қатысады. 

Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) және әйелдер 11 салмақ (48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 82 келі) бойынша жеңімпазды анықтайды.

Турнирдің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді. 

Іс-шара  ҚР Туризм және Спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен өтеді.

Өтетін жері: «Beeline arena» спорт кешені. Тұран даңғылы, 4/2.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
 
10 May, 2024
183

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы жалпы есепте топ жарды

Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.  

Ерлер командасында 12 медаль: 5 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль. Азия чемпионы атанғандар: 60 келі. Алексей Хаванцев 67 келі. Төрехан Сабырхан 71 келі. Өнер Сейілхан 75 келі. Санжарәлі Бегалиев 80 келі. Мадияр Бексұлтанов.  

86 келіде Иманғали Нұрпейіс күміс жүлдегер атанса, қола медаль иегерлері: 51 келі Бексұлтан Боранбек, 54 келі Нұрасыл Төлебек, 57 келі Жансері Көшербаев, 63.5 келі Ахмет Үсен, 92 келі Расул Асанханов, +92 келі Нұркелді Жұматай.

Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола. Чемпиондар: 54 келі. Аяжан Сыдық 57 келі. Аяжан Ермек 60 келі. Толғанай Қасымхан 66 келі. Ұлдана Таубай 75 келі. Шұғыла Нәлібай 81 келі. Аружан Зейноллаева  

Екінші орында: 52 келі. Бағжан Отынбай 70 келі. Мария Сидоренко +81 келі. Панар Сейітханқызы. Қола жүлдегерлер: 48 келі Әнел Абдрасилова, 50 келі Элянур Тұрғанова, 63 келі Аружан Жаңабаева.  

Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікке енді.

07 May, 2024
1