WE ARE ON SOCIAL MEDIA

“Belgrade winner” турниріне 12 боксшы қатысады

 Бүгін Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталады. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Бәсеке 17 наурызға дейін жалғасады.

    “Belgrade winner” турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:

 
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылкулов
60 келі: Бейбарыс Жексен
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жакпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердинов
+91 келі: Олжас Боқаев
 
Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.
13 March, 2024
1729

“Belgrade winner” турниріне 12 боксшы қатысады

  Бүгін Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталады. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Бәсеке 17 наурызға дейін жалғасады.

 “Belgrade winner” турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:

 
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылкулов
60 келі: Бейбарыс Жексен
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жакпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердинов
+91 келі: Олжас Боқаев
 
Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.
13 March, 2024
3316

Қазақстан боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирден бес жолдама еншіледі

 Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік лицензиялық турнир мәресіне жетті. 10 күнге созылған бәсекеден Қазақстан боксшылары 5 лицензия еншіледі.

Айта кетейік, әлемнің 114 елінен 668 боксшы қатысқан бәсекеде Қазақстан намысын ерлер арасында 6, әйелдер арасында 5 боксшы қорғаған. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде бес боксшымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Олар:
 
51 келі. Сәкен Бибосынов (Әлем чемпионы)
 
57 келі. Махмұд Сабырхан (Әлем чемпионы)
 
71 келі. Асланбек Шымбергенов (Әлем чемпионы)
 
80 келі. Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы)
 
92 келі. Айбек Оралбай (Азия чемпионы)
 
Осылайша бүгінде Қазақстан боксшыларында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Бұған дейін былтыр Азия ойындарында ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова лицензия иеленген.
12 March, 2024
1604

Қазақстан боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирден бес жолдама еншіледі

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік лицензиялық турнир мәресіне жетті. 10 күнге созылған бәсекеден Қазақстан боксшылары 5 лицензия еншіледі.
 
 

 

 

Айта кетейік, әлемнің 114 елінен 668 боксшы қатысқан бәсекеде Қазақстан намысын ерлер арасында 6, әйелдер арасында 5 боксшы қорғаған. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде бес боксшымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Олар:

 
51 келі. Сәкен Бибосынов (Әлем чемпионы)
 
57 келі. Махмұд Сабырхан (Әлем чемпионы)
 
71 келі. Асланбек Шымбергенов (Әлем чемпионы)
 
80 келі. Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы)
 
92 келі. Айбек Оралбай (Азия чемпионы)
 
Осылайша бүгінде Қазақстан боксшыларында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Бұған дейін былтыр Азия ойындарында ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова лицензия иеленген.
12 March, 2024
2059

Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

 Ертең Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Әлемдік лицензиялық турнир басталады. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтіп, боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.

 Турнирге әлемнің 113 елінен барлығы 602 боксшы тіркелген. Олар тоғыз күн бойы Париж Олимпиадасының 49 жолдамасына таласады. Қазақстан намысын ерлер арасында 6, әйелдер арасында 5 боксшы қорғайды.

Ерлерден алғаш болып шаршы алаңға ертең 51 келіде Сәкен Бибосынов шығады. Оның қарсыласы - Гонконг елінің өкілі Каннет Хин Чун Там. 57 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан алғашқы айқасын 4 наурыз күні эфиопиялық Ядеса Фикремариам Леатаға қарсы өткізеді. Сондай-ақ 63.5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобаго елінің боксшысы Дониэл Филлипке қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 5 наурызға жоспарланған. Ал Ұлттық құрамамыздың капитаны Асланбек Шымбергенов Италиядағы жорығын екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы - финляндиялық Сэм Моровати. 80 келідегі бәсекеге 61 боксшы тіркелген екен. Жерлесіміз Нұрбек Оралбай өзінің алғашқы айқасын 4 наурызда Гаити елінің өкілі Кедрик Белони-Дулиепрега қарсы өткізеді. Егіздердің сыңары 92 келідегі Айбек Оралбай 6 наурызда үндістандық Санжит Санжитпен кездеседі.

Сонымен қатар, қыздарымыз да Бусто-Арсициода айқасатын алғашқы қарсыластарын анықтады. 50 келідегі Алуа Балқыбекова бірден екінші кезеңге өтті. Ол гуатемалалық Айлин Джэймс пен чехиялық Клаудиа Тотова арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Жайна Шекербекова да құрбысы секілді бірінші кезеңді жекпе-жексіз өтті. Дегенмен оның қарсыласы анық. Нигериялық Шукура Кариммен кездеседі. Ал 60 келідегі Римма Волосенко шаршы алаңға ертең, яғни 3 наурыз күні шығады. Оның қарсыласы - Хаднас-Шах Тианна (Тринидад және Тобаго). Екінші айналымға айқассыз өткен 66 келідегі Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде аргентиналық Соледад Лорена Бальбуэнамен жұдырықтасады. Ал 75 келідегі Валентина Хальзова екінші кезеңде түрік қызы Бусра Исилдар мен эквадорлық Инга Малдонадоның қай жеңгенін күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан боксшыларының еншісінде бүгінде Париж Олимпиадасының екі лицензиясы бар. Оларды ерлерден аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова жеңіп алған.

 

03 March, 2024
1647

Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

 Ертең Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Әлемдік лицензиялық турнир басталады. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтіп, боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.

  Турнирге әлемнің 113 елінен барлығы 602 боксшы тіркелген. Олар тоғыз күн бойы Париж Олимпиадасының 49 жолдамасына таласады. Қазақстан намысын ерлер арасында 6, әйелдер арасында боксшы қорғайды.

Ерлерден алғаш болып шаршы алаңға ертең 51 келіде Сәкен Бибосынов шығады. Оның қарсыласы Гонконг елінің өкілі Каннет Хин Чун Там. 57 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан алғашқы айқасын наурыз күні эфиопиялық Ядеса Фикремариам Леатаға қарсы өткізеді. Сондай-ақ 63.5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобаго елінің боксшысы Дониэл Филлипке қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек наурызға жоспарланған. Ал Ұлттық құрамамыздың капитаны Асланбек Шымбергенов Италиядағы жорығын екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы финляндиялық Сэм Моровати. 80 келідегі бәсекеге 61 боксшы тіркелген екен. Жерлесіміз Нұрбек Оралбай өзінің алғашқы айқасын наурызда Гаити елінің өкілі Кедрик Белони-Дулиепрега қарсы өткізеді. Егіздердің сыңары 92 келідегі Айбек Оралбай наурызда үндістандық Санжит Санжитпен кездеседі.

Сонымен қатар, қыздарымыз да Бусто-Арсициода айқасатын алғашқы қарсыластарын анықтады. 50 келідегі Алуа Балқыбекова бірден екінші кезеңге өтті. Ол гуатемалалық Айлин Джэймс пен чехиялық Клаудиа Тотова арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Жайна Шекербекова да құрбысы секілді бірінші кезеңді жекпе-жексіз өтті. Дегенмен оның қарсыласы анық. Нигериялық Шукура Кариммен кездеседі. Ал 60 келідегі Римма Волосенко шаршы алаңға ертең, яғни наурыз күні шығады. Оның қарсыласы Хаднас-Шах Тианна (Тринидад және Тобаго). Екінші айналымға айқассыз өткен 66 келідегі Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде аргентиналық Соледад Лорена Бальбуэнамен жұдырықтасады. Ал 75 келідегі Валентина Хальзова екінші кезеңде түрік қызы Бусра Исилдар мен эквадорлық Инга Малдонадоның қай жеңгенін күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан боксшыларының еншісінде бүгінде Париж Олимпиадасының екі лицензиясы бар. Оларды ерлерден аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова жеңіп алған.

 

03 March, 2024
1318

Ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайындалуда

 Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін Әлемдік лицензиялық турнирге дайындық аясында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

 Жиынға 80-ге жуық боксшы қатысуда. Олардың арасында Әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын алты боксшыдан бөлек, Ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар. 

- Жігіттердің дайындықтары жақсы. Басты акцентті лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактикалық және техникалық дайындықтарына қойып жатырмыз. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалуда. Енді 29 ақпан күні Италияға ұшамыз, - деді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов. 

Айта кетейік, Апеннин түбегіндегі турнирге 51 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Сабырхан Махмұд, 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы, 71 келіде Асланбек Шымбергенов, 80 келіде Нұрбек Оралбай және 92 келіде Айбек Оралбай қатысады. Италиядағы турнирге қатыспайтын боксшыларымыз Сербия, Литва, Әзірбайжан елдеріндегі халықаралық турнирлерде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиынынан кейін боксшылардың бірқатары Атырауда өтетін Болат Теміровті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақтарын сынайды. 

Ал Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирде ерлер арасында 28 лицензия сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының бір лицезиясын иеленген. Былтырғы Жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алған.

 

Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, 

Бас серіктесі - Sport Qory.

27 February, 2024
481

ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ИТАЛИЯҒА АТТАНДЫ

 Әлемдік лицензиялық турнирге қатысу үшін Қазақстан құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласына аттанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының Баспасөз қызметі

  Бас бапкер Шәміл Сафиуллин және Алуа Балқыбекова (50 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі) Апеннин түбегіне Алматы арқылы аттанса, Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және өзге жаттықтырушылар алқасы Астана арқылы ұшты.

 
Лицензиялық турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.
 
- Боксшыларымыздың дайындықтары жақсы. Италияда қыздарымыз аянып қалмайды. Жаттығу жиынында дайындығымызды әлі де пысықтаймыз.  25 ақпаннан бастап спаррингтік кездесулер өткіземіз де, Бусто-Арсицио қаласына 29 ақпанда шығамыз, - деді Шәміл Сафиуллин.
 
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әйелдер құрамасында Париж Олимпиадасының бір лицензиясы бар. Оны 57 келіде Карина Ибрагимова жеңіп алған. Ал Италиядағы турнирде әйелдер арасында Олимпиаданың 21 жолдамасы сарапқа салынады.
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, 
Бас серіктесі - Sport Qory.
22 February, 2024
922

СТРАНДЖА КУБОГЫ: ДУЛАТ БЕКБАУОВ — ЧЕМПИОН

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан айтулы халықаралық турнирде жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды. 
 
67 келі. Дулат Бекбауов - Раджат 3:2
 
51 келі. Санжар Тәшкенбай - Амит Пангал (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 0:5
 
80 келі. Қола медаль - Тұрсынбай Құлахмет
 
Биылғы додада 28 мемлекеттен 178 спортшы жүлдеге таласты.
 
КУБОК СТРАНДЖИ: ДУЛАТ БЕКБАУОВ — ЧЕМПИОН
 
На международном турнире по боксу в Болгарии казахстанские боксеры выиграли 1 золото, 1 серебро и 1 бронзу. 
 
67 кг. Дулат Бекбауов - Раджат 3:2
 
51 кг. Санжар Ташкенбай - Амит Пангал (серебряный призер ЧМ) 0:5
 
80 кг. Бронзова медаль - Турсынбай Кулахмет
 
В соревновании приняли участие 178 бойцов из 28 стран мира.

 

12 February, 2024
1861

СТРАНДЖА КУБОГЫ: 2 БОКСШЫМЫЗ ФИНАЛДА ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

Болгарияда ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалдық айқастары өтті
 
 
51 келі. 
 
Санжар Тәшкенбай - Асылбек Жалилов (22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы) 3:2
 
67 келі. 
 
Дулат Бекбауов - Абденасер Бенлариби (Әскерилер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері) 4:0
 
80 келі. 
 
Тұрсынбай Құлахмет - Тоқтарбек Таңатқан (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 2:3
 
Ертең финалдық жекпе-жектер өтеді.
10 February, 2024
1594

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ТУРНИРГЕ КІМДЕР БАРАДЫ?

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында 114 елден 668 спортшының қатысуымен өтетін әлемдік лицензиялық турнирге Қазақстан атынан қатысатын жерлестеріміздің тізімі белгілі болды.
 
Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:
 
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан 
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
80 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
 
Ерлерде 28 жолдама үлестіріледі. 
 
Италиядағы іріктеу турнирі 4-12 наурыз күндері аралығында өтеді. 
 
Әйелдер құрамы: 
 
50 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Жайна Шекербекова
60 келі. Римма Волосенко
66 келі. Наталья Богданова
75 келі. Валентина Хальзова
 
Әйелдерде 21 жолдама үлестіріледі.
 
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.
 
Әлемдік іріктеу турнирі - Бусто-Арсицио
 
E-Work Arena, Busto Arsizio 
 
4-12 наурыз
 
668 боксшы - 114 мемлекет 
 
49 Олимпиада жолдамасы
 
 
КТО ВЫСТУПИТ НА ЛИЦЕНЗИОННОМ ТУРНИРЕ? 
 
Стал известен состав сборной РК по боксу для участия в лицензионном турнире, который пройдет в итальянском Бусто-Арсицио. Всего в данных соревнованиях выступят 668 боксёров из 114 стран.
 
Мужская сборная:
 
51 кг: Сакен Бибосынов
57 кг: Махмуд Сабырхан 
63,5 кг: Мухаммедсабыр Базарбайулы
71 кг: Асланбек Шымбергенов
80 кг: Нурбек Оралбай
92 кг: Айбек Оралбай
 
Всего в мужской части турнира будут разыграны 28 квот. 
 
Соревнования в Италии пройдут 4-12 марта. 
 
Женская сборная: 
 
50 кг. Алуа Балкыбекова
54 кг. Жайна Шекербекова
60 кг. Римма Волосенко
66 кг. Наталья Богданова
75 кг. Валентина Хальзова
 
В женской части будет разыграна 21 квота.
 
Напомним, что на данный момент у Казахстана есть две лицензии. На летней Азиаде 2023 года в супертяжелом весе Камшыбек Кункабаев и   Карина Ибрагимова (57 кг) стали обладателями олимпийских лицензий.
 
Мировой лицензионный турнир - Бусто-Арсицио #roadtoparis2024 
 
E-Work Arena, Busto Arsizio 
 
4-12 марта
 
668 боксеров - 114 стран
 
49 лицензий на ОИ
09 February, 2024
1902