WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.

Конференцияның кезекті отырысында өткен жыл қорытындыланып, ерлер және әйелдер командасы бас бапкерлерінің есебі тыңдалды. ҚБФ жаңа басшысының сайлау отырыстың соңғы бөлігінде өтті.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған президент ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне сенім артқан Қауымдастық мүшелеріне алғыс білдіріп, ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын  айтты.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. 

Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз»,

- деді ҚБФ жаңа басшысы.

 

Қосымша: Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС иегері.  Үйленген, 3 баласы бар. 

 

В Казахстанской федерации бокса избрали нового руководителя

 

Астана, 5 февраля - Сегодня в Астане состоялась годовая конференция Казахстанской федерации бокса, где был избран новый президент – Шахмурат Муталип. На этом посту он сменил Кенеса Ракишева.

На очередном заседании Конференции были подведены итоги прошедшего года, заслушаны отчеты главных тренеров мужской и женской команд по боксу. Избрание нового главы КФБ состоялось в заключительной части мероприятия.

В своем первом выступлении избранный президент подчеркнул важность совместной работы над стоящими перед КФБ задачами. Он также выразил благодарность членам Ассоциации за оказанное доверие и заверил их в своей полной приверженности к достижению общих целей.

«Принимая возлагаемую на меня ответственность, сделаю все возможное для дальнейшего развития казахстанского бокса, всесторонней поддержки и защиты интересов наших спортсменов, усиления роли КФБ как внутри страны, так и за ее пределами. 

Накануне важных стартов этого года, перед командой стоит одна задача. Со своей стороны, мы продолжим начатую работу по обеспечению всех необходимых условий для подготовки. Уверен, что совместными усилиями мы сможем укрепить позиции отечественного бокса на мировой спортивной арене»,

- заявил новый глава КФБ. 

 

Дополнительно: Шахмурат Муталип родился 18 сентября 1990 года в село Казцик, Алматинской области. Магистр экономических наук, получил образование в The Asia Pacific University of Technology & Innovation (APU) в г. Куала-Лумпур. Предприниматель, бенефициарный собственник ТОО «Integra Construction KZ». Женат, трое детей.

 

05 February, 2024
3744

Жаңа жыл құтты болсын!

Келе жатқан 2024 жыл баршамызға тек жақсылық әкелсін

Жаңа жылда жаңа жетістіктерді бағындырайық

 

Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.

31 December, 2023
1655

2023 ЖЫЛ: СПОРТТАҒЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

 
2023 жылдың қорытындысы бойынша отандық спортта жетістіктерге жеткен жерлестерімізді марапаттау кеші өтті. 
 
Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде сыйақы берілді. 
 
Жылдың үздік спортшысы: 
 
Махмұд Сабырхан (Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы) 
 
Ербол Хамитов (Пара шаңғыдан әлем чемпионы) 
 
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
25 December, 2023
1165

ӘЙЕЛДЕР БӘСЕКЕСІНДЕ КІМДЕР ТОП ЖАРДЫ?

 
Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде әйелдер арасында ең көп 14 боксшы 66 келіде тіркелді. 
 
50 келі
Назым Қызайбай (Алматы қ.) 
Жазира Орақбаева (Алматы қ.) 
Гүлназ Бурибаева (Қарағанды обл) 
Гүлнар Тұрапбай (Қарағанды обл) 
 
 
54 келі
Әнел Сақыш (Алматы қ.) 
Сымбат Әлиасқар (Жамбыл обл) 
Сәния Сұлтанқызы (Астана қ.) 
Элина Базарова (Шымкент қ.) 
 
57 келі
Видад Бертал
Рано Пархатова (Алматы қ.)
Гаусар Жаку (Астана қ.) 
Меруерт Бурабай (Алматы қ.) 
 
60 келі
Римма Волосенко (Астана қ.) 
Виктория Графеева (Алматы қ.) 
Айдана Жабынбекова (Ақтөбе обл) 
Аида Абикеева (Астана қ) 
 
 
66 келі
Сурменали Бусеназ 
Наталья Богданова (СҚО) 
Саида Лахмиди
Лаура Есенгелді (Шымкент қ.) 
 
75 келі
Валентина Хальзова (Астана қ.) 
Гүлсая Ержан (Қызылорда обл) 
Ярослава Якушина
Жібек Жарасқызы (Жетісу облысы)
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
 
 
 
 
21 December, 2023
1189

17-21 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында өтіп жатқан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирдің финалистері анықталды.

 
48 келі. 
Теміртас Жүсіпов - Ернар Қарап (Абай облысы) 
 
51 келі. 
Рысхан Тәліп (Шымкент қ.) - Жиовис Салфран
 
54 келі. 
Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы) - Карим Серкебаев (Қарағанды облысы) 
 
57 келі. 
Оразбек Асылқұлов - Жасурбек Анорбаев (Қарағанды облысы) 
 
60 келі. 
Талғат Сырымбетов - Әділет Құрметов (Түркістан облысы) 
 
63,5 келі. 
Мұхаммедәлі Сыдық (Ақмола облысы) - Ерисланди Алварес
 
67 келі. 
Жайро Рамирес - Әбдіғалым Әбдікерім
 
71 келі. 
Сабыржан Аққалықов - Әлипаша Насыров (Алматы қ.) 
 
75 келі. 
Ясин Еловарз - Бақберген Әлиасқаров (Астана қ.) 
 
80 келі. 
Бекболат Әбдікерім - Жорж Мануеэл Сото
 
86 келі. 
Бекзат Таңатар - Еркебұлан Әкімбай (Алматы облысы) 
 
92 келі. 
Сағындық Тоғамбай - Нурмагамед Юсупов (Қарағанды облысы) 
 
+92 келі. 
Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау облысы) - Аманат Сабырғали 
 
Қарағанды қаласы | Серік Сапиев атындағы бокс залы | Кіру тегін
 ФИНАЛ | 21 желтоқсан | 12:00
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
20 December, 2023
981

«ЧЕМПИОНДАР ТҮНІ IBA»: 4 ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 
Елімізде алғаш рет өткен «Чемпиондар түні IBA» бокс кеші өз мәресіне жетті.
 
Осы орайда бақ сынаған 8 отандық спортшымыздың қарсыластарымен айқасы 4:4 есебімен аяқталды.
 
Кештің басты жекпе-жегі:
71 келі.
 
Данияр Елеусінов (70,8 келі) - Джабулани Макхенсе (70,7 келі)
 
80 келі.
Бекзад Нұрдаулетов (79,9 келі) - Никита Зон (79,9 келі)
 
67 келі.
Дулат Бекбауов (66,4 келі) - Харитон Агрба (66,5 келі)
 
80 келі.
Ерасыл Жақпеков (79,45 келі) - Градусом Клаус (79,45 келі)
 
71 келі.
Асланбек Шымбергенов (70,7 келі)  - Хосе Мигель Боррего (69,25 келі)
 
63,5 келі.
Серік Теміржанов (62,4 келі) - Павл Фёдоров (63,5 келі)
 
57 келі.
Махмұд Сабырхан (57 келі) - Освальдо Диас (56,9 келі)
 
51 келі.
Санжар Тәшкенбай (50,6 келі) - Нодиржон Мирзаахмедов
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
16 December, 2023
660

«Чемпиондар түні IBA» - «Astana Arlans»: Елеусінов, Сабырхан, Бекбауов, Нұрдаулетов, Шымбергенов Астана төрінде жұдырықтасады

 
Бокстан 15 желтоқсан күні елорда төрінде алғаш рет «Чемпиондар түні IBА» - «Astana Arlans» турнирі өтеді. Кеш барысында отандық боксшылардың қатысуымен 8 қызықты жекпе-жек ұйымдастырылады. Халықаралық бокс федерациясының арнайы кешінде әр айқас 6 раундтан тұратын болады.
 
Кештің басты жекпе-жегінде - 71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады. Елеусінов бұған дейін 2015 жылы шаршы алаңға шыққан еді. Ал Макхенсе алғаш рет сырт елде айқас өткізеді.
 
Ал басты жекпе-жектің алдында 2019 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қатысушысы Бекзад Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) әлі жеңіліп көрмеген Ресей спортшысы Никита Зонмен (7-0-1, КО 5) 80 келіде кездеседі. 67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 2019 жылғы Еупопа ойындарының күміс жүлдегері, WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта 10-орында тұрған Харитон Агрбамен (12-0, КО 8) жолығады.
 
2022 жылғы ҚР чемпионы, әрі 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия вице чемпионы Ерасыл Жақпеков - 80 келіде жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (19-22 жас), Нидерланды боксшысы Градус Клауспен айқасады.
 
Биылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіде мексикалық Хосе Мигель Боррегомен (20-4, КО 17) шығады.
 
2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 63,5 келіде Сербия намысын қорғайтын орыс боксшысы Павл Фёдоровпен (3-0, КО 1) айқасады.
 
2023 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті Махмұд Сабырхан 57 келіде кубалық Освальдо Диаспен кездеседі.
 
Турнир ең жеңіл салмақта әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 51 келіде 2 дүркін Азия чемпионы, Өзбекстан спортшысы Нодиржон Мирзаахмедовтың арасындағы жекпе-жегімен басталады.
 
Елімізде бокс кешін — Qazsport, ал Ресейде — «Матч ТВ» каналдары тікелей эфирде көрсетеді.
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
08 December, 2023
481

3 БОКСШЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 
Бокстан 23 қараша-4 желтоқсан Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатында 3 қызымыз топ жарды
 
54 келі. Аяжан Сыдық - Амиш Керкетта 5:0
 
60 келі. Толғанай Қасымхан - Кира Леонова 3:2
 
66 келі. Айсұлу Мұхит - Амалиа Тугуй (Румыния) 3:2
 
48 келі. Сила Биболсынқызы
50 келі. Гаухар Зарден
52 келі. Айша Сариева
63 келі. Алина Кудайгенова
80 келі. Құралай Егінбайқызы
 
Жасөспірім қыздар арасындағы әлем біріншілігінде 3 бірдей жерлесіміз бірінші рет чемпион атанып отыр.
 
2011 жыл — 1 алтын, 3 қола
70 келі. Айдана Арапбай
 
2013 жыл — 5 күміс, 6 қола
 
2015 жыл — 1 алтын, 2 күміс, 4 қола
66 келі. Надежда Рябец
 
2023 жыл — 3 алтын, 5 қола
 
Бүгін финалдық жекпе-жектің екінші күнінде ұлдар арасынан 54 келідегі Нұрасыл Төлебек үнді боксшысы Жатин Жатинмен жұдырықтасады.

 Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.

04 December, 2023
64

VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІКТЕРІ КІМ?

 
Бокстан 13-19 қараша күндері аралығында Астана қаласында өткен VI жазғы Спартакиаданың өз мәресіне жетті. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты.
 
Турнирдің ең үздік боксшысы — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)
 
Турнирдің жаңа есімі — Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы)
 
Турнирдің ең үздік төрешісі — Тілек Манап
 
ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ҚАЙ ОБЛЫС ТОП ЖАРДЫ?
 
Астана қаласы — 3 алтын, 2 күміс
 
Жамбыл облысы — 3 алтын
 
Түркістан облысы — 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
 
Ақмола облысы — 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
 
Алматы қаласы — 1 алтын, 4 қола
 
Қызылорда облысы — 1 алтын, 2 қола
 
Шымкент қаласы — 1 алтын, 1 қола
 
Павлодар облысы — 2 күміс, 3 қола
 
Атырау облысы — 2 күміс
 
Абай облысы — 1 күміс, 3 қола
 
Алматы облысы — 1 күміс, 3 қола
 
БҚО — 1 күміс, 1 қола
 
Манғыстау облысы — 1 күміс, 1 қола
 
Ұлытау облысы — 2 қола
 
ШҚО — 1 қола
 
Қарағанды облысы — 1 қола
 
Жетісу облысы — 1 қола
 
Қостанай облысы — 1 қола
 
4 боксшы екінші жазғы Спартакиадада қатарынан чемпион атанды: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Шайкен (Ақмола облысы), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі).
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
19 November, 2023
76

ЕЛОРДАДА БОКСТАН VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

 
Бокстан Астана қаласында 4 жылда бір мәрте өтетін ерлер арасындағы Спартакиада турнирі ұйымдастырылады.
 
Байрақты бокс бәсекесі «Beeline Arena» спорт кешенінде 13-19 қараша аралығында өтеді. Ел астанасында ұйымдастырылатын жарысқа әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және барлық өңірден 250-ден астам былғары қолғап шеберлері сынға түсетін болады.
 
Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) бойынша жеңімпазды анықтайды.
 
Бокс бәсекесінің барлық жекпе-жектерін күндізгі 15:00-ден бастап, «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 19 қарашада анықталады.
 
Турнир жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.
 
Жанкүйерлер үшін кіру тегін.
 
Айта кетсек, бұған дейін Спартакиаданы 2019 жылы Қызылорда қаласы қабылдаған еді.
 
Іс-шара ҚР Туризм және Спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен өтеді.
 
Жарыстың демеушілері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, Sport Qory.
 
Өтетін жері: «Beeline arena» спорт кешені. Тұран даңғылы, 4/2. 
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.
10 November, 2023
42

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын иеленді

Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.

 
Жүлде бойынша ТОП-3 мемлекет:
 
Қазақстан — 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола
 
Қыздардың финалы.
 
50 келі. Элянур Тұрғанова — Аншу (Үндістан) 5:2
 
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек — Муштариубони Иброхимжонова (Өзбекстан) 5:0
 
63 келі. Әсем Таңатар — Дипа (Үндістан) 4:1
 
66 келі. Бақыт Сейдіш — Кажал (Үндістан) 5:0
 
75 келі.Шұғыла Нәлібай — Санобар Бозорбоева (Өзбекстан) жерлесіміз айқын басымдылықпен жеңді.
 
Ұлдар бәсекесі.
 
48 келі. Бексұлтан Боранбек — Сея Накаяма (Жапония) 0:5
 
60 келі. Бахтияр Анарбаев — Саят Илясов 5:0
 
63,5 келі. Төрехан Сабырхан — Сингх Яшвардхан (Үндістан) 5:0
 
71 келі. Ислам Советов — Вадим Баурин (Қырғызстан) 5:0
 
80 келі. Дәулет Төлемісов — Жавохир Умматалиев 0:5
 
86 келі. Виктор Литвинов — Абдулазиз Абдурахманов (Өзбекстан) 0:5
 
+92 келі. Иван Ермоленко — Шахзод Полвонов (Өзбекстан) 5:0
 
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
 
Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:
 
Ең үздік жасөспірім қыз боксшы — Аяжан Сыдық (Қазақстан)
 
Ең үздік жасөспірім ұл боксшы — Фужуки Юга (Жапония)
 
Ең үздік жас қыз боксшы — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
 
Ең үздік жас ұл боксшы — Төрехан Сабырхан (Қазақстан)
 
Ең үздік төреші — Мариф Урдешев (Өзбекстан), Мария Каваклиева (Болгария)
 
Елорда төріндегі Азия чемпионатында жас спортшыларымызды қолдауға Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиаданың 2 мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан және т.б қолдау білдірді.

Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Бас серіктесі - Sport Qory.

03 November, 2023
636