WE ARE ON SOCIAL MEDIA

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТАШКЕНТТЕГІ ӘЧ ҚАРСАҢЫНДА АЛҒАШҚЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗІП ЖАТЫР

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы көктемде Ташкентте өтетін Əлем чемпионаты қарсаңында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Алматы облысындағы «Ақбұлақ» базасында 5 наурызда басталған жиынға Ұлттық құраманың барлық 88 өкілі жиналды. Сондай-ақ отандастарымыздан бөлек, мұнда Ұлыбритания, Əзірбайжан, Грузия мен Тəжікстаннан келген 60 боксшы шеберлік шыңдап жатыр. Жиын 17 наурызда аяқталады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың сөзінше биыл шəкірттері үшін олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын 2 ауқымды бəсеке бар. Алғашқысы – мамырда өтетін Əлем чемпионаты, екіншісі – Ханчжоуда болатын Азия ойындары.

«Біз жұмысты ақпанда бастап кеткенбіз. Қазір əлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүріп жатыр. Ақбұлақтағысы алғашқы кезеңі. Кейін Түркістан облысында арнайы жаттығу болады. Осыған дейін халықаралық жарыстарға алғашқы және төртінші номерлі боксшыларды жіберіп, сынақтан өткізіп көрдік. Қазір барлық көшбасшы боксшы бабында. Десе де кімнің шамасы неге жететінін тағы байқап көрмекпіз. 2001 жəне 2003 жылы дүниеге келген жастарды құрамға көптеп тартамыз», - деді Мырзағали Айтжанов.

Бокстан ерлер арасындағы Əлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Ал əйелдер арасындағы дүниежүзінің басты бəсекесі 14-26 наурыз күндері Үндістан астанасында болады. Шəміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшылар барлық 12 салмақта сынға түседі. 

 

СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА ПРОВОДИТ ПЕРВЫЙ УТС

В ПОДГОТОВКЕ К ЧМ В ТАШКЕНТЕ

Национальная мужская сборная Казахстана по боксу проводит первый учебно-тренировочный сбор перед чемпионатом мира. УТС проходит с 5 по 17 марта, на базе «Акбулак» в Алматинской области. В нем принимают участие все номера НСК – это 88 спортсменов.

Также, с местными мастерами тренировки проводят и представители других стран – около 60 боксеров из Великобритании, Азербайджана, Таджикистана и Грузии. По словам главного тренера нашей команды Мырзагали Айтжанова, в этом году у его подопечных два больших предолимпийских турнира – это майский чемпионат мира в Ташкенте и затем сентябрьский лицензионный 0отбор на Азиатских играх в Ханьчжоу.

          «- Мы приступили к работе с января, сейчас очень тщательно работаем. Сейчас готовимся к чемпионату мира у себя. Первый этап пройдет в Акбулаке, это УТС по ОФП. А потом уже специальная подготовка в Туркестанской области. Ранее мы провели экспериментальный анализ на международных турнирах, проверив там как первых, так и четвертые номера. В настоящее время все лидеры чувствуют себя хорошо. Всех смотрим, проверяем, кто на что способен. Подтягиваем больше молодежи – с 2001 по 2003 год рождения», - сказал в своем интервью Мырзагали Айтжанов.

Чемпионат мира по боксу среди мужчин состоится с 1 по 14 мая в Ташкенте (Узбекистан). Что касается женского мирового первенства, то он пройдет в период с 14 по 26 марта. Наши спортсменки под предводительством главного тренера Шамиля Сафиуллина уже в Нью-Дели (Индия) и готовы побороться за главные медали чемпионата. 

Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory

13 March, 2023
1901

Бокстан әйелдар арасындағы Әлем біріншілігі 14-26 наурыз күндері Үндістан елінің астанасы Нью-Дели қаласында өтеді

12 салмақ дәрежесінде (толық құрамда) бақ сынайтын әйелдер құрамасы:
 
48 келі – Алуа Балқыбекова 50 келі – Назым Қызайбай 52 келі – Жазира Орақбаева
54 келі – Жайна Шекербекова
57 келі – Карина Ибрагимова
60 келі – Римма Волосенко
63 келі – Аида Әбікеева
66 келі – Надежда Рябец
70 келі – Мадина Нұршаева
75 келі – Валентина Хальзова
81 келі – Фариза Шолтай
+ 81 келі – Ләззат Күнгейбаева
 
Қазақстан әйелдер құрамы сапында - Әлем және Азия чемпионадары мен жүлдегерлері,  көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.
Боксшыларымызға жеңіс тілейміз!
 
 
Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory
07 March, 2023
1843

КЕҢЕС РАҚЫШЕВ БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЧ АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚТАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

 2023 жылдың 15 ақпан күні Алматы қаласында, дәстүр бойынша үздік боксшыларды марапаттау рәсімі мен баспасөз-мәслихаты өтті. Бұл жолы өткен жылдың соңында Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді. Олар Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаражатынан ақшалай сертификаттар алды. Жүлдегерлердің жеке бапкерлері де назардан тыс қалмады. Марапаттаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңгені құрады.

Салтанатты шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бастап, ҚБФ атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының басшысы Ержан Қосмамбетов және ҚБФ президентінің  кеңесшісі Бағлан Шалаев қатысты.

Кеңес Рақышев өзінің құттықтау сөзінде: «Испанияда еліміздің жастар құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны мен сапасы бойынша біз үшінші орын алдық. Арада көп уақыт өтсе де, біз жас боксшыларымызды ұмытқан жоқпыз. Біз жастарға сенім артамыз. Болашақта олар ұлттық құрама боксшыларының орнын басады. Әсіресе әйелдер боксындағы нәтижелер ерекше қуантады. Бокс - біздің ұлттық спортымызға айналды. Қазір әуесқой бокста жүріп, атыңды шығаруға болады. Жақсы қаражат таба аласың. Қазақстанның кәсіпқой боксшылары мұндай табысқа кенелмейді десем, қателеспеймін. Барлық боксшыларға, бапкерлер құрамына және біздің жеңістеріміздің жаршысы - БАҚ өкілдеріне алғыс айтамын», - деді.

Федерация президенті әлем чемпиондары Элина Базарова (54 кг) мен Бақыт Сейдішке (66 кг) 3 миллион теңгенің сертификаттарын берді.

Күміс жүлдегерлер Нұрбек Мурсал (67 кг) мен Дәулет Тулемисов (75 кг) 1,5 млн. теңгеден алды.

Қола жүлдегерлер Гүлназ Бурибаева (48 кг), Әсем Танатар (63 кг) және Әсел Тоқтасын (+81 кг) 1 миллионға ие болды.        

Жеңімпаздардың жеке бапкерлері Нұрбота Сейітбек пен Бағлан Омарбековке 500 мың теңгеден берілді. Мұндай марапаттар жастар құрамасының басқа да бапкерлерін ынталандыра түседі деп ойлайды ҚБФ өкілдері.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен бірге үшінші орынды бөлісті. Екінші орында Үндістан болса, Өзбекстан әлем чемпионатының үздік құрамасы атанды.

 

КЕНЕС РАКИШЕВ НАГРАДИЛ МОЛОДЫХ ЧЕМПИОНОВ МИРА ДЕНЕЖНЫМИ СЕРТИФИКАТАМИ

15 февраля 2023 года, в г. Алматы, по уже сложившейся традиции состоялась пресс-конференция и торжественное чествование лучших из лучших в боксе. На этот раз в центре внимания оказались победители и призеры чемпионата мира по боксу среди молодежи в Аликанте-2022, Испания. Медалисты ЧМ из личных средств президента Казахстанской федерации бокса Кенеса Ракишева получили солидные денежные сертификаты. Не остались без внимания и личные тренеры чемпионок мира. Общий призовой фонд – 20 миллионов тенге.  

В церемонии награждения приняло участие руководство Казахстанской федерации бокса во главе с ее президентом Кенесом Ракишевым, исполнительным директором КФБ Маратбеком Мыктыбековым, главой Федерации бокса г. Алматы Ержаном Космамбетовым и советником президента КФБ Багланом Шалаевым.

«Как вы знаете, в Испании наша молодежная команда показала достойный результат. В количественном и качественном соотношении мы на третьем месте. Несмотря на то, что прошло уже много времени мы не забыли о наших юных героях. Я считаю, что у нас подрастает хорошее поколение, которое может достойно заменить лидеров национальной сборной в будущем, особенно в женском боксе.  Как я и говорил ранее – бокс, это практически наш национальный вид спорта. И сегодня на любительском ринге можно заработать себе и имя и хорошее финансирование. Не каждый казахстанский боксер-профессионал столько получает как наши подопечные. Еще раз выражаю огромную благодарность боксерам, тренерскому штабу и представителям СМИ, которые регулярно освещают наши победы», - сказал в приветственном слове Кенес Ракишев.

Так, чемпионки мира Элина Базарова (54 кг) и Бахыт Сейдиш (66 кг)  получили от президента КФБ сертификаты на сумму по 3 миллионов тенге.

Серебряным призерам Нурбеку Мурсалу (67 кг) и Даулету Тулемисову (75 кг) вручили по 1,5 млн. тенге.

Бронзовым медалистам Гульназ Бурибаевой (48 кг), Асем Танатар (63 кг) и Асель Токтасын (+81 кг) – по 1 млн. тенге.

Личные тренеры чемпионок мира Нурбота Сейтбек и Баглан Омарбеков получили по 500 тысяч тенге. По мнению представителей КФБ подобный шаг может стать отдельной мотивацией для всех остальных наставников молодежной сборной.   

Сборные Казахстана и Великобритании заняли на этом чемпионате третье общекомандное место в медальном зачете. На втором месте представители Индии, выиграли медальный зачет боксеры Узбекистана.

 

Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory

 

15 February, 2023
2590

Федерация президенті Кеңес Рақышевтің құттықтауы

Бокстан еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынады.

Барлық спортшымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын!
Қазақстандық шаршы алаң шеберлері 5 алтын (үш еркек, екі әйел), 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді.
Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады.
Сөз соңында, барлық жүлдегерді тағы да құттықтаймын! 
 
Алға, Қазақстан!
 
 
Құрметпен, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.
 
 
 
Мужская и женская сборные Казахстана по боксу завершили свои выступления на чемпионате Азии до 22 лет в Бангкоке (Таиланд). В связи с этим, хочу поздравить всех наших спортсменов, тренерский штаб и болельщиков этого джентльменского вида спорта с высоким результатом! 
Казахстанские мастера выиграли на тайском ринге 5 золотых (трое мужчин и двое женщин), 3 серебряных (мужчины) и 12 бронзовых наград (пятеро мужчин и семеро женщин). Таким образом из 25 боксеров 20 возвращаются на Родину с медалями. 
 
Основные старты в этом году - это чемпионат мира в Ташкенте и летние Азиатские игры в Китае. Именно на эти соревнования будет сделан основной упор совместной работы Казахстанской федерации бокса и Министерства культуры спорта. 
Еще раз поздравляю всех! 
 
Алға, Қазақстан! 
 
 
С уважением президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев.
27 January, 2023
2529

БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 22 ЖАСҚА ДЕЙІНГІЛЕР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Байрақты бәсеке 18-26 қаңтар аралығында өтті.

Тайланд төрінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлеріміздің 5-еуі (ұшеуі ерлер және екеуі әйел) алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді.

«Барлық спортшымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын! Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады», - деді өз сөзінде Қазақстан бокс федерциясының президенті Кеңес Рақышев.

Ұлттық құраманың боксшылары 28 желтоқсанда Қазақстанға оралады. Бангкоктан бас бапкер Мырзағали Айтжановтың басшылығымен команда Алматы халықаралық әуежайына (елорда уақыты бойынша 16:35) қонады, содан кейін құраманың бір бөлігі Астанаға ұшып келеді (21:35).

 

 

 

КАЗАХСТАНСКИЕ БОКСЕРЫ ЗАНЯЛИ ВТОРОЕ МЕСТО

НА ЧЕМПИОНАТЕ АЗИИ U-22

Мужская и женская сборные Казахстана по боксу завершили свои выступления на чемпионате Азии до 22 лет в Бангкоке. Соревнования прошли в период с 18 по 26 января.

Чемпионами в своих весах стали: Санжар Ташкенбай (49 кг), Нурсултан Алтынбек (54 кг), Махмуд Сабырхан (57кг), Жасмин Кизатова (70 кг) и Гульсая Ержан (81 кг). Всего, наши мастера на тайском ринге выиграли 5 золотых (трое мужчин и две женщины), 3 серебряных (мужчины) и 12 бронзовых наград (пятеро мужчин и семь женщин). Таким образом, из 25 боксеров 20 возвращаются на Родину с медалями.

«Поздравляю всех наших спортсменов, тренерский штаб и болельщиков этого джентльменского вида спорта с высоким результатом! Как уже не раз было сказано, основные старты в 2023 году – это чемпионат мира в Ташкенте и летние Азиатские игры в Китае. Именно на эти соревнования будет сделан основной упор совместной работы Казахстанской федерации бокса и Министерства культуры спорта», - сказал по итогам чемпионата Азии президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев

В командном медальном зачете сборная Казахстана заняла второе место, причем с победителями турнира, представителями Узбекистана у нас равное количество наград – по 20 медалей. Всего на пьедестал почета в Таиланде поднялись боксеры 12 стран континента.

В Казахстан боксеры национальной сборной возвращаются 28 декабря. Рейсом из Бангкока, команда под руководством главного тренера Мырзагали Айтжанова прилетит в международный аэропорт Алматы (16:35 по времени столицы), затем часть сборной прилетит в Астану (21:35).

 

Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory 

27 January, 2023
2151

Новые президенты областных федераций бокса

Еліміздің бокстан ең үздік өңірлерінің бірі Түркістан облысына жаңа федерация Президенті тағайындалды

Сұлтан Көшенов Түркістан облысы бокс федерациясының жаңа президенті болды. Кезінде облыстық мәслихаттың депутаты бола тұра бокс саласын дамытуға белсене ат салысқан.

Тағы бір тағайындау Абай облысында орын алды. Бұл аймақта Азамат Дүзеев жергілікті бокс федерациясының президенті болды. Бұл аймақта тұңғыш президент бастауымен бокстың жаңа даму кезеңі басталады деп сенеміз.

Сұлтан Бақытұлы және Азамат Дүзеев спортшылардың табысты өнер көрсетуі үшін, инфрақұрылымды дамыта отырып, бұдан да биік мақсаттарға жетуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасаудың жалпы бағытын ұстанады.

Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің бокс қауымдастығы Сұлтан Көшеновті және Азамат Дүзеевті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, денсаулық, мол табыс және үлкен жеңістер тілейді!

У одного из сильнейших «боксерских» регионов страны новый президент областной федерации. Речь идет о древнем Туркестане.
Новоявленным президентом федерации бокса Туркестанской области стал Султан Кушенов. В свое время, он, являясь депутатом регионального маслихата, активно принимал участие в развитии бокса.

Еще одно назначение произошло в Абайской области. В этом регионе президентом местной федерации бокса стал Азамат Дузеев. Первый президент этой области по профессии строитель и будем надеяться что с помощью его навыков начнётся новый этап развития в Абае.

Добавим, что Султан Бахытович и Азамат Еркинбаевич придерживаются общей линии по созданию всех необходимых условий для успешных выступлении спортсменов, развития инфраструктуры и достижения еще более высоких целей.

Казахстанская федерация бокса и боксерское сообщество страны поздравляет Султана Кушенова и Азамата Дузеева с назначениями и желают им здоровья, успехов и больших побед!

20 January, 2023
3060

Мырзағали Айтжанов – ресми түрде бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері

Бұл қызметте ол команда басшысы қызметінен өз еркімен кеткен Қайрат Сәтжановты алмастырды.

Анықтама:
Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы – 2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде оның боксшылары екі рет «Дети Азии» халықаралық ойындарында жеңіске жетті, екі рет әлем чемпионаттарында үздік үштікке енді, сондай-ақ екі рет Азия чемпионатында үздік атанды.

Сәтжанов 2019 жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетіп, әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының ерлер құрамасын басқарды. Осы уақыт ішінде қазақстандық боксшылар 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, сонымен қатар 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, екі чемпионатта да Қазақстан командалық медальдық есепте екінші орынға ие болды.

Мырзағали Айтжанов - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.

Анықтама:
Айтжанов Мырзағали Қауланұлы ҰҚК-ны 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты.

Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады. Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында да 5 алтын (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) алтын медаль жеңіп алды.

Мырзағали Айтжанов – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы КСРО құрамасымен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, еліміздің Ұлттық құрама командасының жаңа тәлімгері Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен жетістіктер тілейді!

 

Мырзагали Айтжанов - официально главный тренер мужской национальной сборной по боксу!


На этом посту он сменил Кайрата Сатжанова, который по собственному желанию покинул пост «рулевого» команды.

Справка:
Сатжанов Кайрат Турсунканович - с 2011 по 2019 годы работал старшим тренером юниорской сборной Казахстана. За это время его боксеры дважды выигрывали медальный зачет Международных игр «Дети Азии», дважды входили в тройку сильнейших на чемпионатах мира, также дважды становились лучшими на чемпионатах Азии.

В 2019 году Сатжанова назначили старшим тренером молодежной сборной Казахстана. За два года его подопечные дважды выигрывали командный зачет на чемпионатах Азии и заняли второе место на чемпионате мира.

С сентября 2021 года он возглавлял национальную мужскую сборную РК. За это время казахстанские боксеры выиграли пять медалей на чемпионате мира-2021 в Белграде. В общекомандном медальном зачете, Казахстан в итоге занял второе место, а также заняли второе общекомандное место на чемпионате Азии-2022 в Аммане.

Мырзагали Айтжанов является личным тренером бронзового призёра Олимпиады и чемпиона мира Сакена Бибосынова.

Справка:
Айтжанов Мырзагали Кауланович НСК возглавлял с 2009 года по 2018 годы. С его именем связаны самые главные исторические успехи отечественной сборной.

Так, на Олимпийских играх в Лондоне чемпионом и обладателем Кубка Вэла Баркера стал Серик Сапиев, на Играх в Рио-де-Жанейро – Данияр Елеусинов. Вместе с Мырзагали Айтжановым команда также завоевала 5 золотых медалей на чемпионатах мира (4 — в 2013-м году, 1 — в 2017 году).

Мырзагали Айтжанов - мастер спорта международного класса, заслуженный тренер Казахстана. В 1988 году он выиграл чемпионат Европы среди юниоров в составе сборной СССР.

Казахстанская федерация бокса благодарит Кайрата Сатжанова за проделанную работу и желает новому наставнику главной команды страны Мырзагали Айтжанову еще больших достижений чемпионатах мира, Азиатских и Олимпийских играх!

 

07 January, 2023
1994

2023 жылдың алғашқы жетістігі!

Жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамасы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде бірінші орында!

Қазіргі таңда былғары қолғап шеберлеріміздің есебінде - 48 100 ұпай бар. Өзбекстан боксшылары екінші орында – 37 600 ұпай. Үздік үштікті Үндістан боксшылары түйіндеп тұр – 36 300 ұпай.
IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.
Боксшыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, осы жылы бұдан да көп жеңістер тілейміз!
 
Первые достижения 2023 года!
Новый год приносит новые, хорошие новости. Казахский бокс на первом месте в рейтинге Международной ассоциации бокса (IBA)!
На данный момент наши мастера кожаной перчатки имеют в своём активе 48 100 очков. На втором месте представители Узбекистана - 37 600 баллов. Замыкают тройку лидеров индийские спортсмены - 36 300 очков.
Всего в рейтинге IBA представлены боксеры 135 национальных федераций.
Поздравляем наших боксеров и желаем им еще больших побед в этом году!
 
Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory
04 January, 2023
1889

Маңызды ақпарат

Теміров Болат Бисенұлымен қоштасу...
 
Үлкен күзеті 21 желтоқсан "Гранд-Амир" мейрамханасында сағ. 17:00-де
 
Жаназа намазы 22 желтоқсан Иманғали орталық мешітінде сағ. 10:00-де өтетінін хабарлаймыз. 
 
Қосымша ақпарат үшін: Бекежан Кушалиев +7 702 752 66 66 
21 December, 2022
2154

Көңіл айтамыз...

Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті. Ол небәрі 53 жаста еді...

 
Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.
 
Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады...
 
Выражаем соболезнование...
 
Ушёл из жизни прославленный советский и казахстанский боксёр, чемпион СССР и многократный победитель чемпионатов КазССР и Казахстана Болат Темиров. Ему было всего 53 года...
 
Болат Бисенович участник Олимпиады-1992, неоднократный участник чемпионатов мира. В первые годы независимости Казахстана был капитаном национальной сборной. После окончания боксерской карьеры успешно занимался бизнесом, работал на должности генерального секретаря КФБ, являлся почетным гражданином Атырауской области.
 
Казахстанская федерация бокса и всё боксёрское сообщество страны выражает свои глубокие соболезнования семье Темирова Болата Бисеновича...
20 December, 2022
2880

Павлодарда бокстан ерлер арасындағы ел чемпионаты басталды

Бүгін Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Биыл әр өңірден келген таңдаулы 216 былғары қолғап шебері 9 желтоқсанға дейін сынға түспек.

Тарихқа үңілер болсақ, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпионаты осы облыстағы Екібастұз қаласында 1993 жылы ұйымдастырылған. Ал 2016 жылы Кереку өңірі еліміздегі басты бәсекені 2-мәрте қабылдады. Арада көп уақыт өтпей шаршы алаң шеберлері мұнда қайта жиналды.

Алдағы күндері республикалық маңызы бар 3 қала мен барлық 17 облыстың командасы күш сынасады: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, БҚО, Жамбыл, Жетісу, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан, Ұлытау және Астана, Алматы мен Шымкент.

IBA ережесі бойынша 13 салмақтың (48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75,80, 86, 92, +92 кг) чемпионы мен жүлдегерлері белгілі болады. Чемпионатқа 2004 жылға дейін дүниеге келген спортшылар қатысады.

Жекпе-жектерде 20-ға жуық төреші қызмет етеді. Қазылар алқасының төрағасы, халықаралық дәрежедегі төреші – Қайрат Жаманқұлов.

В Павлодаре стартовал чемпионат Республики Казахстан по боксу среди мужчин

С 02 по 09 декабря Павлодаре состоится чемпионат Республики Казахстан по боксу среди мужчин. Турнир собрал в стенах Дворца спорта «Баянтау» 216 сильнейших спортсменов со всех уголков Казахстана.

Напомним, что первый чемпионат суверенного Казахстана тоже состоялся в нашей области – в городе Экибастузе в 1993 году. Во второй раз Чемпионат РК по боксу провели  в г. Павлодар в 2016 году. С 02 по 09 декабря 2022 года во дворце спорта «Баянтау», в третий раз принимает у себя наш регион.

В масштабном спортивном событии примут участие боксёры из 17 областей и 3 городов республиканского значения: Абайской, Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Жамбылской, Жетысуской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Мангистауской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Туркестанской, Улытауской и городов Астаны, Алматы и Шымкента. Среди мастеров кожаной перчатки будут чемпионы мира и Азии. Гостями этого мероприятия станут звёзды отечественного бокса.

Согласно действующим правилам IBA турнир проведут по тринадцати весовым категориям: 48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, +92 кг. К участию в чемпионате допускаются спортсмены 2004 г.р. и старше.

Обслуживать соревнования будет судейская бригада из 20-ти человек во главе с Жуманкуловым Кайратом – председатель судейской комиссии Казахстанской федерации бокса, судья международной категории IBA 3 звезды.

 

03 December, 2022
1176