Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қарсыластар анықталды

18 Қыркүйек, 2014

 АЙБА-ң Бүкіләлемдік бокс академиясының салтанатты ашылуынан кейін АИБА – APB жаңа жобасының жеребе салуы болды.

 Жеребе салуды Халықаралық бокс ассоциациясының президенті Чинг-Куо-Ву мен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев өткізді.

 
Ву мырза Про-боксингтің 80 жауынгерлерінің бәрімен сәлемдесті: «Екі жыл бойы біз осы жобаны әзірледік. Біз спортты дамытудың заманауи талаптарына сай болуға тиістіміз және ниеттенуіміз керек. Оған мысал – АРВ жобасын ұйымдастыру».
 
Әрбір салмақ категориясы сегіз спортшыдан тұрады. Рейтингтің алғашқы екі нөмірі ерекшелер қатарына жатқызылды.
 
Боксшылар жеребе тастауды мұқият бақылап, әрбір жұптың құрылуына қолдау көрсетті. АРВ-ң қазақстандық қатысушылары 24 қазанда өтетін, жарыстағы өздерінің алғашқы қарсыластарының есімдерімен танысты.
 
49 кг: Біржан Жақыпов – Лу Бин (ҚХР)
 
52 кг: Ілияс Сүлейменов – Жасурбек Латипов (Өзбекстан)
 
60 кг: Берік Абдрахманов - Дэвид Джойс (Ирландия)
 
81 кг: Әділбек Ниязымбетов –Мэтью Байдерлик (Франция)
 
91 кг-ға дейін: Антон Пинчук - Ямил Перальта (Аргентина)
 
Жеребе тастаудың толық нұсқасы www.aibaproboxing.com сайтында.
 
Фото – Сергей ШТРАК

Наверх