Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Санатали Тольтаев: «Президент Кубогында үздік боксшы атануға үміттенемін»

15 Шілде, 2019

Жастар арасында Әлем және Азия чемпионы Санатали Тольтаев «Президент Кубогына» қатысты ойларымен бөлісті:

Президенттің Кубогы өте беделді турнир. Турнирге біздің ұлттық құрамамен қатар басқа елдердің бірінші нөмерлі боксшылары қатысады. Өзбекістан, Ресей, Филиппин сияқты елдерінен мықты спортшылар келіп жатыр. Қарсыластарымыз қауіпті болғандықтан, дайындықтарымыз қарқынды түрде өткізілді. Маусым айында Түркия елінде сауықтыру оқу-жаттығу жиындары өткен болатын. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында Филиппин және Алжир елінің боксшыларымен бірігіп өткізілетін оқу-жаттығу жиындары аяқталуда.

Азия чемпионатынан кейін алғашқы демалысымыз жақсы өтті. Күш жинап алдық. Қалыпты формамызға келдің, бапталдық, енді турнирге дайынбыз. Өз алдыма турнирде чемпион атану мақсаты қойылып отыр. «Үздік боксшы» атануға үміттенемін. Командаластарыма жеңіс тілеймін. Ұлттық құрамамыз бірінші орын алсын деп тілектеспін. 

Наверх