Қазақстандық бокс федерациясы
    Данияр Елеусинов: «Қазақстан Республикасының Кубогы – өте беделді жарыс»
    Данияр Елеусинов: «Қазақстан Республикасының Кубогы – өте беделді жарыс»
    11 Шілде 2019

    16 шілде күні өтетін «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» Халықаралық турнирі туралы Олмипиада чемпионы Данияр Елеусинов өз ойларымен бөлісті.

    - Данияр, «Президенттің Кубогы» Халықаралық  турнирі жайлы айтып кетсеңіз?

    - Қазақстан Республикасының Кубогы – өте беделді жарыс. Өзім екі рет қатысқан болатынмын. 2016 жылғы Олимпиаданың алдында Кубокқа қатысып, чемпион атанғанмын. Турнирді іріктеу жарысы деп айтуға болады. Біздің жігіттерді үлкен биік белестің алдында сынайтын жарыс. Сол себепті, оның дәрежесі өте жоғары деп есептеймін. Халықаралық турнир болғандықтан шет елдерден де боксшылар қатысып, үлестерін қосады, бақтарын сынайды. Бұл жарсытың беделімен қатар деңгейі де сай деген ойдамын.

    - Қай жігіттерімізге жанкүйер боласыз?

    - Ешкімді бөліп жарғым келмейді. Себебі, бүкіл жігіттерді жақсы білемін, жақын араласамын. Олар менің командаластарым болып қалды. Құрама команданың жігіттерін ешқашан ұмытпаймын. Өзімнің құрметімді әрдайым білдіріп жүремін. Сол себепті, ешбірін бөлгім келемейді. Қай қайсысы болса да, өте мықты спортшылар. Бұрыңғы командаластарымның арасында жанкүйер болатын балалар бар. Оны өздері біледі.

    - Қай салмақ дәрежесінде медаль алу мүмкіндігіміз жоғары?

    - Өз елімізде өткізіліп жатқан жарыс болғандықтан, шетелелдік спортшылардан біршене боксшы қатыссса, ал біздің боксшылардан әр салмақ дәрежесінде бірнеше құрам қатысады. Екі, үш құрам қатысатын болғандықтан, бүкіл салмақтардан медаль болады деп ойлаймын. Себебі, әр құрамның ішінде мықты балалар бар. Олардың бәрі болмаса да, көбісі қоржындарына медаль иеленеді деген үміттемін.

    - Біздің басты қарсыластарымыз?

    - Әлемдік деңгейде санайтын болсақ, азулы қарсыластарымыз – Куба, Өзбекістан, Ресей және Еуропа мемлекеттерінен Ирландия, Италия боксшылары. Осы Кубокта қазір келіп жатқан спортшылардың арасында жақсы боксшылар бар деп ойлаймын. Алжир командасында беделді екі спортшы бар екен. Олар Олимпиада ойындарына қатысқан жігіттер. Қателеспесем, олар - 52 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 81 салмақ дәрежесіндегі спортшылар. Филиппин елінен келген боксшылар да өте мықты. Қалған командалар енді келеді. Оларды кейін көріп жатармыз. Олрадың да құрамы мықты сияқты.

    - Біздің жігіттерге тілектеріңіз?

    - Жігіттерімізге тек сәттілік тілеймін. Еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды биік шыңға көтере берсін және де жуапкершілікті сезіне білсін. Ең бастысы, жанып кетпеулерін тілеймін. Жаттығулар, спаринг барысындағы өнерлерін жарыста толық көрсете алуларына тілектеспін.