Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қайрат Ералиев: «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы – дәстүрлі турнир»

10 Шілде, 2019

«Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» Халықаралық турнирінің қатысушысы 2017 жылғы әлем чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Қайрат Ералиевтің Кубок туралы өз ойларымен бөлісті.

Қайрат, жақын арада өтетін «Президенттің Кубогы» туралы айтып кетсең.

Қазақстан Республикасының Президентінің Кубогы жыл сайын үлкен дәрежеде өтеді. Оған көптеген елдерден мықты боксшылар, чемпиондар қатысады. Біздің еліміз де ең мықты боксшыларын қатыстырады. Кубок жыл сайын өткізілетіндіктен дәстүрлі турнир болып кетті.

Дайындықтар қалай жүріп жатыр?

Жарысқа үлкен дайындықтар болып жатыр. Жақсы өнер көрсетіп, еліміздің сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Биыл Кубок - Екатеринбург қаласында өтетін Әлем чемпионатының алдындағы іріктеу кезеңі. Прзидент Кубогының нәтижесі бойынша чемпионатқа баратын боксшылар іріктелетін болады. Сол себебпті, біздің боксшылар барлық күш жігерлерін салып, қарқынды түрде дайындық жүргізіп жатыр. Жігіттердің барлығынан жеңіс күтеміз.

Кімдер басты қарсыластарың бола алады?

Турнирге қатысатын әр елдің боксшылары өте мықты, жоғары дәрежедегі спортшылар. Бокс жанкүйерлері оларды жақсы біледі. Қатысушы елдерде бокс жақсы дамыған. Сол себепті, бір елдің боксышыс мене мықты, не әлсіз деп бөліп жармаймын. Рингке шыққан соң әр боксшы қарсыласым болады. Боксшының ең басты қарсыласы - өзі деп ойлаймын. Рингке шыққанда, өзін-өзі жеңбесе, өзінің үйренгендерін, іс-қимылдарын, тәжиребесін мүлдем көрсете алмайды. Спортсмен өзін-өзі жеңсе, қарсыласын жеңіп шығу да ол үшін оңай бола алады.

Командаға тілейтінің?

Біздің жіггітерімізге тек қана сәттілік тілеймін. Алдағы үлкен додаларда жеңіске жетіп, еліміздің үмітін, сенімін ақтап, биік шыңдардан көріне берсін.

Наверх