Қазақстандық бокс федерациясы
    Дамир Тойбай: «Президенттің Кубогіне» дайындығымыз қызу үстінде жүріп жатыр
    Дамир Тойбай: «Президенттің Кубогіне» дайындығымыз қызу үстінде жүріп жатыр
    16 шілде күні өтетін «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» Халықаралық турниріне қатысатын Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дамир Тойбай өз ойларымен бөлісті.  
    09 Шілде 2019

    Дамир, «Президент Кубогіне» дайындығың қалай өтіп жатыр?

    2018 жылы «Президенттің Кубогіне» мен жанкүйер ретінде қатысқан болатынмын. Себебі, сол жылы жасөспірімдер құрамында бокстасқанмын. Биыл алғаш рет қатысамын. Кубокке оқу жаттығулар қызу үстінде жүруде. Дайындығымыз ойдағыдай. Жақсы нәтижелер көрсете аламыз деген ойдамын. Қазір құрамамен 15 шілдеге дейін созылатын Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығуларға қатысудамыз.

    Қандай нәтижелер көрсетесін?

    Боксшы болғандықтан, әрине, чемпион атануға тырысамын. Сол үшін барымды саламын. Мен үшін Кубоктың чемпионы атану – ең жоғары нәтижедегі жетістік болар. Турнирде жеңімпаз болып, алдағы өтетін Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие боламын.

    Турнир барысында кімдер басты қарсыластарың бола алады?

    Өзім үшін ең басты қарсыластарым – құраманың боксшылары. Себебі, командамызда мықты қолғап шеберлері бар. Айта кетсем, Қамшыбек Қонқабаев сияқты ағаларым.

    Біздің жігіттерге тілейтінің?

    Бәріне тілейтінім тек сәттілік. Жеңіске жетсін деп тілектеспін.