Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды

26 Маусым, 2019

Грузияның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа және әлем чемпионы Георгий Канделакидің жүлдесіне 2001-2002 ж. т. жастар арасында халықаралық турнир аяқталды. Турнирге Қазақстан, Грузия, Ирландия, Түркия, Әзірбайжан және Армениядан 100 спортшы қатысты.

Маңғыстау бокс мектебінің бес тәрбиеленушісі Қазақстанның спорттық намысын қорғады.

Алтын медаль иегерлері Нұрбек Орысбаев (60 келі), Нұрас Жеңіс (75 келі) және Абзал Құлжан (91 келі). Жарас Комшабаев (49 кг) және Атаконыс Амангелдиев (52 кг) қола жүлдегер атанды.

- Қатаң бәсекелестікке қарамастан, біздің жігіттер лайықты және сенімді өнер көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті, - деді бокс мектебінің жаттықтырушысы Жарас Қалимов.

 

 

 

Наверх