Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ермахан Ибраимов: «Қазақстан Президентінің Кубогі – Республикадағы орталық турнир»

25 Маусым, 2019

 

 

Олимпиада чемпионы, КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов алдағы келе жатқан «Қазақстан Президентінің Кубогі» жайлы өз ойларымен бөлісті.

Ермахан Сағиұлы, «Қазақстан Президентінің Кубогі»  жайлы айта кетсеңіз.

Қазақстан Президентінің Кубогі - Республикадағы бокстан орталық турнир деп айтуға негіз бар. Себебі, осы турнирдің географиясы артуда. Шет елден: АҚШ, Куба, Европа елдерінен көптеген спортшылар жиналады. Турнирдің тағы бір артықшылығы – қатысушылар жақсы сыйақыға ие бола алады. Кубок – Дүниежүзіндегі мықты турнирлердің бірі деп айтуға болады.

Жарыс барысында боксшылар өздерінің қаншалықты мықты екендерін дәлелдей алады. Қазақстанның боксшыларының мықтылығын бүкіл Дүниежүзі біледі. Біздің еліміз бокс әлемінде алдыңғы қатарларды иеленіп отыр. Турнирге қатысушылар өзінің шеберліктерін шыңдау үшін келеді. Шетел спортсшылары біздің боксшыларымен күш сынасу үшін келеді. Себебі, осы Турнирді жеңіп алған спортшыны Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарында топ жарамын деген сенім ұялайды. 

Президент Кубогінің тағы бір артықшылығы – жыл сайын турнирдің Нур-Сұлтан қаласында өткізілуі. Қазақстанның астанасы күллі әлемге танымал қала. Бұл қала өте тез қарқынмен дамып келе жатқан қалалардың бірі болып саналады және өзінің әдемі келбетімен жұрт назарына ие қала.

Бұл турнир жылдан жылға үлкен абыройға ие бола беретіні сөзсіз. Менің ойымша, Дүние жүзіндегі бірінші турнир болуға лайықты.

Осы жылға турнир Қазақстан құрама командасы үшін ерекше. Осы турнир арқылы, құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев өзінің командасын Әлем чемпионатына іріктейді. Бас тренер жастарға бағыт береді, себебі олар - біздің еліміздің болашағы.

Құрамадағы қай жігіттерімізге жанкүйер боласыз?

Ұлттық құраманың «козырный салмағы» 69 келідегі боксшыларымызға жанкүйер боламын. Бұл салмақты біз ешкімге бермеуіміз керек. Бұл жолы да 69 да ойнайтын боксшылар өзін көрсету керек. Бұл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Абылайхан Жүсіпов, Аслан Шымбергенов, Ермахан Жақыпбеков және Талғат Шайкен жігігттеріміз. Сонымен қатар, 75 және 81 келіде жақсы бәсекелестік жүріп жатыр. 91 келіде де бізде жақсы бригада жиналды. Бұрыңғы Василий Левитіміз бар, қазір аттары шығып жатқан Оралбай ағайындылары бар. Осы аталған салмақтардағы жігіттерімізден Кубокта, Әлем Чемпионатында, Олимпиада ойындарында үлкен нәтижелер күтемін.

Біздің қарсыластарымыз кімдер бола алады?

Біздің ең басты қарсыластарымыздың бірі – Куба құрама командасы болып қала бермек. Сондай-ақ Ресей, Өзбекістан, Европа елдерінің боксшылары. Азия елдерінен Олимпиада ойындарының қожайыныретінде – жапондықтар қарсылас болуы мүмкін. Жеңіл салмақтарда Корея, Тайланд спортшылары да бізге қарсылас бола алады. Қандай қарсылас болмасын оны ат үстінен қарамау керек. Оған қарсы жақсы бағытпене шығу керек.

Турнирге қатысушыларға тілеріңіз

Жігігттерге бірінші кезекте, сәттілік тілеймін. Сәттілік әр спортшыға ауадай қажет. Екіншіден, тілерім – өздеріне сенімді болса. Қазақстан боксы әрқашан мықты болып қала бермек. Сондықтан осы абыройды төмен түсірмеу керек.

Наверх