Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ЮРИЙ ЦХАЙ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОЛИМПИАДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

24 Маусым, 2019

23 маусым күні Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күні атап өтілді. Осыған орай, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Серік Қонақбаевтың жеке бапкері, КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы Юрий Цхай барша халықты спорт мерекесімен құттықтады.

«Спорт пен олимпиадалық қозғалыс әлем халқын біріктіреді. Сол себепті, мен қазақсандықтарды ортақ мақсатқа біріккен, бірлігі жарасқан қалпында көргімкеледі. Командалық рух қашанда керек. Тіпті, жекпе-жек түрлерінде де рухсыз болмайды. Шаршы алаңға шыққан боксшы өз командасының, бапкерері мен жақындарының, жанкүйерлердің қолдауын сезінеді. Сондықтан, жанына жақын адамдардың сенімін ақтау үшін бар күшін салады. Біз еліміздің жарқын болашағы үшін бәріміз күш біріктіруге тиіспіз. Әр адам Риодағы ойындарда біздің спортшыларға қалай жанкүйер болғанын еске алсын. Олардың әрбір жеңісіне қалай мақтанғанын ұмытпасын. Біз кез-келген бастамада бір-бірімізді осылай қолдап жүрелік. Баршаңызды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Спортпен шұғылданып, біздің спортшыларға жанкүйер болыңыздар», - деді Юрий Цхай. 
 

Наверх