Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Екі аруымыз жартылай финалда

21 Қараша, 2018

 Бұл дегеніміз кемінде екі қола медальға қол жеткіземіз деген сөз

Алдында хабарлағанымыздай Үндістан Республикасының Нью-дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы Әлем біріншілігінің ширек финалында 5 қызымыз өнер көрсетті.

Олар -  Жайна Шекербекова, Фариза Шолтай, Милана Сафронова, Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаева.

Жайна Шекербекова (51 кг) польшалық Сандра Драбиктен басым түсті. Есеп 5:0.

Карина Ибрагимова (60 кг) болса ¼ кезеңінде Венлю Янгты (Қытай) ұтты.

Өкінішке орай, Фариза Шолтай, Ләззат Күнгейбаева мен Милана Сафронова өз қарсыластарына жол берді.

Фариза Шолтай (81 кг) Виктория Кебикавадан(Беларусь) өте алмады.

Милана Сафронова (64 кг) Мария Бовеге (Украина) 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ләззат Күнгейбаева (81+) Даниелла  Перкинстен (АҚШ) айласын асыра алмады.

Әлем чемпионатының жартылай финал кездесулері екі күнге жалғасады.

22 қараша

Кешкі сессияның басталуы 16:30

Карина Ибрагимова – Келли Харрингтон (Ирландия), алтыншы жұп.

23 қараша

Кешкі сессияның басталуы 16:30

Жайна Шекербекова – Цукими Намики (Жапония), бірінші жұп.

Фото: Сергей ШТРАК

Наверх