Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Қонақбаев Спорттық Арбитраждық Сотта жеңіп шықты

30 Қазан, 2018

 Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан спорттық соттың (CAS -Court of Arbitration for Sport) сайтында сот шешімі жарияланды

Шағым түсіруге AIBA сайлау комиссиясының Серік Қонақбаевты ұйымның Президенттігіне кандидат ретінде тіркемеуі себеп болған еді. AIBA құжаттар қабылдау мерзімін 23 қыркүйек соңғы күн деп бекіткен. Ал Швейцарияның заңы бойынша 23 қыркүйек жексенбі болғандықтан демалыс деп есептеледі. 24 қыркүйек, яғни, дүйсенбі  күні AIBA сайлау комиссиясы Серік Қонақбаевтың құжаттарын рәсімдемей қойған.

Арбитраждық сот сайлау комиссиясының бұл қадамын заңсыз деп тауып, оның кандидатурасын үміткерлер қатарына қайта енгізу жөнінде шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру рәсімі 3 қарашада Мәскеу қаласындағы AIBA конгресінде болады.

Наверх