Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Талғат Шәйкен күміс жүлдегер атанды

19 Қазан, 2018

 Боксшыларымыз Аргентинада 4 медаль иеленді

 Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары аясындағы бокс турнирінің финалдық кездесулері өз мәресіне жетті. Осыған дейін Айбек Оралбай (91 кг) алтын, Дамир Тойбай (+91 кг) – күміс, ал Надежда Рябец  қола медальға қол жеткізген болатын.

Соңғы болып рингке шыққан Талғат Шәйкен, өкінішке орай, төрешілер шешіміне сәйкес, қарсыласына жол беруге мәжбүр болды. Оның еншісінде күміс жүлде.

Oсылайша Аргентинаға аттанған 5 боксшымыздың 4 жүлдемен оралып отыр. Барлық кездесулердің ішінде Жансая Әбдірахманова (51 келі) ең қызықты әрі ең тартысты әдемі жекпе-жек өткізген еді. Ару қызымыздың қарсыласы да мықты, АҚШ келген Әлем чемпионы Хэвен Гарсия болды. Жерлесіміз жартылай финалға шығу жолында өте жоғары дәрежеде өнер көрсеткенімен, өкінішке орай, төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жол берді. Бапкерлер мен спортшыларды осы жетістіктерімен құттықтаймыз.

Фото: Сали Сабыров, ҰОК Баспасөз қызметі

Наверх