Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Левит пен Ниязымбетов Азия ойындарына қатыса алмайды

11 Сәуір, 2018

Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше биылғы Азиа ойындарының бағдарламасына үлкен өзгерістер енгізіліп отыр.

Индонезия елінде өтетін Азиядаға әрқайсы елден әйелдер құрамасы 51, 57 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатыса алады. Ал «Олимпиялық» салмақ саналатын 75 келі бұл жолы 57 келі салмақ дәрежесімен алмастырылыпты.

Ал ерлер Азиадаға жеті салмақ дәрежесінде қатыса алады. 81, 91 және 91 келіден жоғары салмақ категориясындағы боксшылар бұл жолғы Азия ойындарына бара алмайды.

Бір қызығы, қазақстандық боксшылар үшін жүлдеге таласу мүмкіндігі ең жоғары салмақ көрсеткіштері алынып тасталып отыр. Мәселен, Джакартаға жолы түспей қалған боксшыларымыз - әйелдер арасында Шәкімова, ерлерден Левит, Ниязымбетов, Қоңқабаевтардың қай-қайсысы да алтын медаль алуға үмітті болатын. 

Аталған өзгерістерге байланысты Мемлекеттік бокс жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов пікір білдірді.

- Азия ойындарының бағдарламасында өзгерістер болды. Біз үшін бұл жақсы жаңалық емес. Нәтижесінде құрамамыздың көшбасшы боксшылары, Олимпиада жүлдегерлері - Дариға Шәкімова, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және аса ауыр салмақта бокстасатын Қамшыбек Қоңқабаев Азиядаға қатыса алмайтын болып отыр.

Біз осы шешімге байланысты AIBA-ға хат жаздық. Алайда, әлі күнге дейін ешқандай жауап келген жоқ. Халықаралық бокс қауымдастығы неге осындай шешім шығарғандарын сәуір айының соңына дейін түсіндіреді деп үміттенемін, - дейді Болат Әбдірахманов.

prosports.kz

Наверх