Бокстан Белградта өткен Әлем чемпионаты аясында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев AIBA президенті Умар Кремлёвпен кездесті. Кездесу достық пейілде өрбіді. Әңгіме барысында қос тарап басшылары қазақстандық және әлемдік бокстың дамуы жөнінде пікір алмасты. Келісімдер нәтижесінде AIBA Президенті Умар Назарұлы Қазақстанға арнайы келуге келісті. Құрметті қонақтың келуі ағымдағы жылдың қараша айында деп күтілуде.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 5 медальға ие болды!
Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жеңімпаз атанса, Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржан күміспен күптелді. Ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола жүлде еншіледі. Біздің құрама жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды!
В рамках чемпионата мира по боксу в Белграде, президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев встретился с президентом Международной ассоциации бокса (AIBA) Умаром Кремлёвым. Встреча носила дружественный характер, стороны обменялись мнением по поводу будущего развития казахстанского и мирового бокса. Одним из важных моментов стало соглашение по поводу визита Умара Назаровича в Казахстан. Приезд высокопоставленного гостя ожидается в ноябре этого года.
Национальная сборная Казахстана по боксу завоевала 5 медалей на чемпионате мира в Белграде! Победителями стали Темиртас Жусупов и Сакен Бибосынов. Серебряные награды на счету у Махмуда Сабырхана и Серика Темиржанова. Бронзовой медали удостоен Абылайхан Жусупов. Наша команда сумела завоевать второе общекомандное место в медальном зачете!