Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ: "Жаттығуға үш адамнан артық жиналмаймыз"

09 июля, 2020

 Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ:

"Жаттығуға үш адамнан артық жиналмаймыз"
 
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов қазақстандықтарды карантин режимін қатаң сақтауға шақырды.
 
Әлем чемпионы, Токио олимпиадасы жолдамасының иегері Б.Нұрдәулетов Елімізде 5 шілдеден бастап екі апталық карантин және спорттық іс-шаралармен айналысуға тыйым салынуына орай өзінің ой-пікірін айтты:
 
Құрметті отандастар!
 
Қазіргі кезде қауіпсіздік шараларына мән беріп, денсаулықтарыңызға көңіл бөліңіздер. Жақын-жуық, тума-туыстарыңызға қамқор болғыңыз келсе, әркім үйінде болған абзал!
Індеттің бетін қайтарудың, одан әрі өршімеуінің бірден-бір жолы - оқшаулану. Сондықтан өз өмірімізді сақтайық, өзгелерге қауіп туғызбайық. Дене шынықтыру мен бұқаралық спорт жаттығуларын үй жағдайында да үзбеуге болады. Біздер де жаттығуға үш адамнан артық жиналмаймыз. Қоғамға қойылған талапты сақтай отырып, бабымызда болайық!
 
Жазып алған - Айбек МҰХАНОВ,
журналист,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы.
Наверх