ҚАЗ РУС ENG
Өзекті

Б.Саттархановты еске алуға арналған Бокстан Халықаралық турнирге қызмет көрсететін төрешілер құрамы   

 

А.А.Құлыбаевтың құрметіне арналған Бокстан Халықаралық турнирге қызмет көрсететін төрешілер құрамы

 

И.Тайманов пен М.Өтемісовті еске алуға арналған Бокстан Халықаралық турнирге төрешілер бригадасын тағайындау

 

А.Нұрмахановты еске алуға арналған Бокстан Халықаралық турнирге төрешілер бригадасын тағайындау

 

АИБА жарыстарына жаңа ережелер енгізілуіне орай, Қазақстан бокс федерациясы қазақстандық төрешілерге ұпайды есептеудің жаңаша жүйесі бойынша семинар өткізеді. Семинарды   төрешілер МК АИБА 5* Рысбаев Рахымжан,   МК АИБА 3* Бекпенбетов Бахытжан және Алтаев Әлішер өткізеді.  
 
Семинардың мақсаты – жарыстың жаңа ережелерін үйрену мен оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін игеру. Бұдан басқа, төрешілер корпусының біліктілігін көтері мақсатында, семинар аясында төрешілерге ауызша емтихан өтеді: «Спорт терминологиясынан ағылшын тілінде білімі» (АИБА жарыстарын өткізудің жаңа техникалық ережелеріне және астана қаласында ересектер арасында ҚР-ң  чемпионаты кезінде өткен семинардың тұсаукесеріне сәйкес). 
Бұл семинар ү.ж. 23-27 ақпанында Шымкентте өтеді.   
 
Киім үлгісі:
1. Ақ жейде /қысқа немесе ұзын жеңді
2. Қара шалбар
3. Қара шұлық
4. Қара бәтеңке
5. Қара белдік
6. Қара көбелек (бабочка)

 


Осы киім үлгісін AIBA бекіткен және бақылайтын барлық жарыстарда төрешілердің бәріне міндетті түрде  кию керек. 

 

 

List of R/J in Kazakhstan (статус судей)

 

 

Осы жылғы қарашаның 1-і мен 2-сі аралығында Алматыда өткен АИБА-2010 конгресінде Әуесқой бокстың халықаралық қауымдастығы   (AIBA) осы жылдың лауреаттарын атады. Ең үздік боксшылар деп танылғандар: ресейлік Артур Бетербиев пен ирландық Кэти Тейлор, ең үздік жас боксшы Әзірбайжандық Шабан Шаплангов, жаттықтырушы -  Чуаньлян Чжан, ал қазақстандық Рахымжан Рысбаев ең үздік рефери және 2010 жылдың ең үздік төрешісі деген атаққа ие болды. Жүлделер Алматыда AIBA конгресінде табыс етілді.    

Суретте: Рахымжан Рысбаев (Қазақстан, Ақтөбе қаласы) және АИБА президенті – Чинг Куо Ву

 

 

 

 


⇑ Наверх
⇓ Вниз