Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жастар арасындағы ҚР чемпионаты аяқталды

03 Наурыз, 2014

 2 наурызда Қызылорда қаласында жастар арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

 Ел біріншілігінде республиканың барлық өңірлерінен қатысқан 1996-1997 жылдары туылған 185 спортшы 46, 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 және 91 кг жоғары- 11 салмақ категориясында чемпиондық атақ үшін сайысқа түсті.

24 ақпанда жарысқа түскен, чемпионатта біздің еліміздің күшті былғары қолғап шеберлері осы жасаралық топта қатысты - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Рахат Мыржықпаев (Астана қ.), Азия чемпионы, әлем чемпионатына қатысушы Владислав Сталбовский (Қарағанды қ.), Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Стоян Мазур (Алматы қ.), Азия чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы Сабыржан Әбілов (Қызылорда қ.), жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Бауыржан Темірхан (ОҚО) және Әлімжан Бескемпір (Тараз қ.). Елімізде өткен әлем біріншілігіне Германияда өткен, «Бранденбург Кубогі» халықаралық жарысында өнер көрсеткен, 2014 жылғы Азия чемпиондарының 6-уы қатыспады.

Чемпионаттың ресми емес командалық есебінде бірінші орынды ОҚО мен Жамбыл облысының өкілдері, ал үшіншіні – Алматы қаласының спортшылары иеленді.

Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Ғалымжан Кенжебаев жоспарлары туралы былай деп атап өтті, - команда сәуірдің 10-ы мен 25-і аралығында София қаласында (Болгария) өтететін әлем чемпионатына қатысады және осы жерде Қытайда өтетін ІІ жастар арасындағы жазғы Олимпиадаға лицензия ойнатылады.

Біріншіліктің қорытындысыны шығара отырып, Олимпиадаға дайындық орталығының директоры Ермахан Ибрайымов чемпионатта қатысушылар өте жақсы дайындық, сауатты, техникаға бай бокс көрсеткендерін атап өтті.

– Біздің жігіттердің Софияда өтетін бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында және Нанкинеде өтетін жастар арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижеге жететініне, ал уақыты келгенде ересек спортшыларға байыпты бәсеке тудыратынына сенімдімін, - деп атап өтті.

Регламентке сәйкес, чемпионаттың жеңімпаздарына ҚР спорт шебері атағы беріледі. Бұдан басқа, жеңімпаздарға ҚР-ң Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дипломдары табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастар арасындағы бокстан чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

 

46 кг

1. Сабыр Жолшиев (Павлодар обл.)

2. Мирас Ертанов (Алматы обл.)

3. Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау обл.)

3. Әділет Ғибадат (Ақмола обл.)

49 кг

1. Шалқар Айқынбай (ОҚО)

2. Ертуған Зейнулинов (Алматы обл.)

3. Рустем Шауменов (Қарағанды обл.)

3. Әлімжан Бескемпір (Жамбыл обл.)

52 кг

1. Ергеш Оразхан (Қарағанды обл.)

2. Мұхамет Мырзатай (Жамбыл обл.)

3. Андрей Павлов (Қостанай обл.)

3. Тілек Қадырханов (ШҚО)

56 кг

1. Сабыржан Әбілов (Қызылорда обл.)

2. Нұржан Мақашбаев (Алматы обл.)

3. Данияр Қауышқан ( Қызылорда обл.)

3. Оразбек Тойшыбаев ( Атырау обл.)

60 кг

1. Саят Мұратбеков (ШҚО)

2. Рауан Затулла (ОҚО)

3. Расул Жаңбырбай (БҚО)

3. Демежан Сайдағали (Алматы қаласы)

64 кг

1. Әбілхан Аманқұл (Жамбыл обл.)

2. Әділет Демешов (Ақтөбе обл.)

3. Қамбар Ғинаятов (БҚО)

3. Серік Жетібаев (Маңғыстау обл.)

69 кг

1. Рахат Маржықпаев (Астана қаласы)

2. Илья Очкин (Павлодар обл.)

3. Еламан Серікбай (Алматы обл.)

3. Владислав Сталбовский (Қарағанды обл.)

75 кг

1. Бекжан Бәкіров (Жамбыл обл.)

2. Жандос Хайруллаев (Ақмола обл.)

3. Қадырбек Садықбек (Алматы қаласы)

3. Бекболат Есен (ОҚО)

81 кг

1. Динислам Биболат (Алматы қаласы)

2. Тимур Ержанов (ШҚО)

3. Айдос Дуаш (Алматы қаласы)

3. Ернар Ерназарұлы (Павлодар обл.)

91 кг

1. Нұрлан Сапарбай (ОҚО)

2. Абылай Бактыораз (Маңғыстау обл.)

3. Қадыржан Жақсылық (Жамбыл обл.)

3. Юнус Аслаханов (Алматы қаласы)

+91 кг

1. Мұхит Көшербай (Алматы қаласы)

2. Дмитрий Зиско (Қарағанды обл.)

3. Құрмантай Нұров (ОҚО)

3. Сабырғали Сембаев (Маңғыстау обл.)

Наверх