Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Көңіл айту

20 Шілде, 2020

 Қазақстан боксшысы, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері, көрнекті спорт педагогы, профессор Ақжол Асқарұлы 77 жасында өмірден озды. 

20 жыл бойы Ақжол Асқарұлы облыстың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді, спортта басшылық лауазымдарда қызмет етті, спорт интернатын басқарды. Оның басшылығымен ең мықты бокс өңірінен КСРО, Еуропа чемпиондары, әлем чемпионаттарының финалистері - Нұржан Сманов, Қанатбек Шағатаев, Сұлтан Әбдіразақов, Нұрхан Сүлейменов, Серік Өмірбеков, Аслан Омаров, Мұхтархан Ділдәбеков, Мырзағали Айтжанов және Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов шықты. 
Қазақстан бокс федерациясы атақты боксшы мен жаттықтырушының туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен оқушыларына көңіл айтады.
Наверх