Астанада «Жастар» спорт сарайында бокстан өтіп жатқан, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан құрама командаларының матчтық кездесуінің екінші жарыс күні қазақстан командасы 7:3 есебімен Өзбекстан командасын жеңіп, екінші рет жеңіске жетті.
Ұлыбритания мен Ресей командалары бірінші болып астананың шаршы алаңына шықты. Тұманды Альбион құрамасының жаттықтырушылары жарысқа 3 салмақ категориясындағы – 49, 75 және 91 кг салмақтағы боксшыларын шығармады, мүмкін, осы кездесудің нәтижесін алдын ала шешіп қойған болар. Ресей 3:7 есебімен жеңіп шықты.
Айқас нәтижесі
Ертең демалыс күні. 19 ақпанда жарыстың қортынды күнінде сағат 14.00-де Ұлыбритания мен Өзбекстан, ал 17.00-де Ресей мен Қазақстан құрамалары арасында жарыс өтеді.
17 ақпанға арналған жұптар құрамы