Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Маңғыстау боксының негізін қалаушылардың бірі дүние салды

30 Желтоксан, 2018

Драч Александр Александрович - 1939 жылы 14 желтоқсанда  Хабаровский өңірінің Лейский ауданындағы Бабстово селосында дүниеге келген.

Бокстан КСРО спорт шебері. Қазақ КСР Еңбегі сіңген бапкер (1981 ж.). Ақтау қаласының құрметті тұрғыны.

Елімізде әуесқой бокстың дамуына сүбелі үлес қосқан, жастар арасында кеңінен насихаттап, жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне білген спортшылар тәрбиелеген.

1956 жылы Украинаның Днепр қаласындағы құрылысшы-инженерлерді әзірлейтін институтты инженер-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған (бүгінгі атауы Днепр құрылыс және сәулет мемлекеттік академиясы).

Институтта оқып жүрген кезінде бокспен әуестеніп 1971 жылға дейін белсенді түрде айналысқан. Өзі шаршы алаңда өнер көрсетуін аяқтаған соң бапкерлікке ауысады.

Әскерден кейін Ақтауға келіп былғары қолғап шеберлерін дайындаған. Қазіргі таңда бокстан Маңғыстау құрамасының аға жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Марат Жәкиев те Сан Санычтың шәкірті.

Әлемдік деңгейдегі жарыстарда үздік өнер көрсеткен Асылбек Килимов (халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері), Анатолий Кушков  (КСРО кубогының иегері), Талғат Қалімов (халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері), Еділ Ишекенов, Тарас Хитуов,  Асыланбек Ғұбатаев сынды спорт шеберлерін тәрбиеледі.

Олег Шалаев деген тағы бір шәкірті КСРО тұсында Ленинградқа көшіп спорттық мансабын сонда жалғастырады. Бертін келе Ресейдің кәсіпқой бокс әлемінде танымал промоутерлердің біріне айналаған.  Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Николай Валуев сынды кәсіпқой боксшылармен жұмыс істеген.

 

Александр Александрович 1990 жылдан бастап 15 жыл бойы облыстық жастар, туризм және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Наверх