Бокстан ҚР әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк 50 жаста
ҚБФ ұжымы Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Жұмысыңызға табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз.
Қазақтың боксшы аруларының бағын ашып, биік белестерді бағындырып, еліміздің көк туын желбірету жолындағы ерен еңбегіңіз жемісті болғай.
Құрметпен,
ҚБФ ұжымы