2018 жылдың жұмысын қорытындылаған конференцияда федерация вице-президенті Данияр Абылғазин бір топ бокс майталмандарын "Қазақстан боксының ардагері" төсбелгісімен марапаттады
Асқар Ақжол 1943 жылы Төлеби ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келген.
1970-1976 жылдары Спатаев атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің ұстазы, 1976-1987 жылдары облыстық жоғарғы спорт шеберлері мектебінде бокстан аға жаттықтырушы болып қызмет атқарды.
1968 жылы "Бокстан спорт шебері" атағын алған.
1989 жылы "Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы";
1998 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері".
1998 жылдан бастап "Облыстық қабілетті балалар спорт мектеп-интернаты" директоры қызметтерін атқарған. Зейнеткер. Шымкент қаласының тұрғыны.