Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қос аруымыз ширек финалда

19 Қараша, 2018

81 кг жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ләззат Күнгейбаева Украинадан келген Татьяна Шевченконы тырп еткізбеді. Есеп 5:0.

18 қараша күні Карина Ибрагимова да тамаша кездесу өткізді. Ақмолалық боксшы Тайбейден келген Ши И Вуды ұтты. Мұнда да есеп 5:0.

48 келіде Әйгерім Қасенаева 5 дүркін Әлем чемпионы үндістандық Мэри Комнан айласын асыра алмады.

Ақерке Бақытжан аустралиялық Кая Скоттан ұтылды.

Дина Жоламан төрешілер шешімімен ринг иесі Маниша Мауннан жеңілді.

Нью- Делидегі Индира Ганди атындағы спорт сарайында өтіп жатқан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына 62 мемлекеттен келген 270 нәзік жан қатысып жатыр.

19 күнгі кездесулер 

ШекербековаИнгрит Валенсия Виктория (Колумбия), ринг Б.Милана Сафронова (64 кг)  – Майя Кляйнханс (Германия), ринг А. 

BFI Official ютуб каналынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

Фото: Сергей ШТРАК

Наверх