Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Болгарияда өткен турнирде бес жүлде жеңіп алды

26 Ақпан, 2018

Болгария елінің астанасы Софияда «Страндж» халықаралық турнирі аяқталды.

Осы турнирге еліміз атынан он боксшы қатысты. Нәтижиесінде олардың бесеуі жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сабыржан Бекбергенов алтын медаль жеңіп алса, Нұрбол Қалжанов (56), Қанағат Маралов (69), Михаил Коханчик (81 кг) және Абзал Құттыбеков (91 кг) қола жүлде еншіледі.

Еліміздің боксшыларын Болгария еліне бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин бастап барған болатын.

Наверх