Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Астана арландары» жаңа маусымда кімдермен жұдырықтасады

09 Қаңтар, 2018

«Астана арландары» - WSB жобасында бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды.

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымындағы «Астана арландарының» қарсыластары белгілі болды.

WSB жобасының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа маусымда додаға 11 команда қатысады. Командалар құрлықтар бойынша үш топқа бөлінді. Жеребе тарту рәсімі бойынша "Астана арландары" Азия аймағындағы топта Қытай - "China Dragons", Үндістан және Ресей - "Patriot Boxing Team" командасымен кездесетін болды.

Ал Америка құрлығы бойынша Куба - "Cuba Domadores", Венесуэла - "Venezuela Caciques", Колумбия - "Colombia Heroicos" өзара мықтыны анықтаса, Еуропа құрлығы арасында Хорватия - "Croatian Knights", Франция - "Fighting Roosters", Англия - "British Lionhearts" және Италия - "Italia Thunder" құрамалары өзара сынға түседі. Соңында әр құрлықтың жеңімпаздары нағыз чемпионды анықтайды.

Енді, командалар туралы қысқаша тоқтала кетсек, "Қытай айдаһарлары" мен "Ресей патриоттары" бұл жобада бұған дейін өнер көрсетсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да құрамы да белгісіз. Үндістандық клуб биыл жобаға қатысудан тас тартқан "Өзбек жолбарыстары" командасының орнын басып отыр. Ал еуропалық командалар арасында жаңадан Хорватияның командасы қосылды. Америка құрлығында Аргентина елінің командасы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана арландары" - WSB жобасында бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды. Екі рет куболық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия командалары бір-бір реттен жеңіске жетті.

kaz.vesti.kz

Наверх